
Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы «Ақмола облысының 2026–2030 жылдарға арналған қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін әзірлеу»жобасы бойынша қоғамдық тыңдаулардың жария талқылау нысанында өткізілетіні туралы хабарлайды.
Тапсырыс беруші: «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ, БСН 050140002890, Қазақстан Республикасы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 89-үй, тел.: +7 (716-2) 25-19-86, электрондық пошта: natur@aqmola.gov.kz.
Әзірлеуші: «Аspan TauLTD» ЖШС, БСН 051040009034, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Қалқаман-2 шағынауданы, Сланов көшесі, 6-үй, тел.: +7 (727-3) 72-20-78, электрондық пошта: tau_aspan@mail.ru.
Жобалық құжаттамамен ҚОҚ және ТР ҚБД сайтында https://hearings.ndbecology.gov.kz// танысуға болады.
Ескертулер мен ұсыныстар 2026 жылғы 2 қарашадан бастап 10 жұмыс күні ішінде ҚОҚ және ТР ҚБД сайтында https://hearings.ndbecology.gov.kz// қабылданады.
үгін Ерейментау ауданында ҚР Мемлекеттік қызмет істер агенттігінің Акмола облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп кеңесінің төрағасы Батыркулов Нұрқат Тұрғанұлының жұмыс сапары өтті.
Сапар барысында маңызды кездесулер мен нындарды аралау жұмыстары ұйымдастырылды:
🔹 Торғай ауылдық округі: Тұрғындармен және активпен кездесіп, мемлекеттік қызмет сапасы, халықпен кері байланыс және өзекті мәселелер талқыланды.
🔹 Бизнес өкілдерімен диалог: «Ерейментау - Астық 2014» ЖШС (қой шаруашылығы) және ИП «Шевченко А.В.» (сыр өндіру) кәсіпорындарына барып, кәсіпкерлік пен мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылы, әкімшілік кедергілерді жою және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері көтерілді.
🔹 Аудан активімен жиын: Ерейментау ауданы әкімдігінде мемлекеттік қызмет саласындағы жаңалықтар, заңнама талаптары және әдеп нормаларын сақтау тақырыбында кеңейтілген отырыс өтті.
🔹 Әлеуметтік және құқықтық сала: Аудандық аурухана мен полиция бөлімінің ұжымдарымен кездесулер ұйымдастырылып, комплаенс-қызмет жұмысы, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және адалдық пен парасаттылық мәдениетін қалыптастыру бағытында әңгіме өрбіді.
Мемлекеттік қызметтің ашықтығы, халықтың әл-ауқаты және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әрқашан басты назарда! 🤝
Жеңіс пен жігер: Ерейментау спортшылары облыстық спартакиададан жүлделі орынмен оралды!
Бүгін Ерейментау ауданының әкімі Нұрлан Мұқатов облыстық «Үміт» спартакиадасынан олжалы оралған спортшыларымызды арнайы қабылдап, маңызды жеңістерімен құттықтады. Тартысты бәсекелердің қорытындысы бойынша біздің команда жалпы командалық есепте облыс бойынша құрметті 3-орынды иеленді! 🥉
Кездесу барысында аудан басшысы спортшыларға көрсеткен жоғары нәтижесі мен аудан намысын абыроймен қорғағаны үшін шынайы алғысын білдірді. Сондай-ақ, алдағы уақытта спорт саласын дамытуға, жас талапкерлерге қолдау көрсетуге әрқашан дайын екенін атап өтіп, келесі жылы бас жүлдені иеленуге барынша күш салуға сенім білдірді.
💪 Спорт – салауатты өмір салтының ғана емес, ел бірлігі мен рухының көрінісі. Жігерлі жастарымызға толағай табыс, биік белестер мен жаңа жеңістер тілейміз!
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ
Осы бағдарлама аясында ұсынылады:
- 100- есептік көрсеткіш көлемінде көтерме жәрдемақы, 2026 жылы абсолютті сомада 432,5 мың теңге.
- тұрғын үй сатып алуға немесе салуға 2000- есептік көрсеткіш көлемінде бюджеттік несие, 15 жыл мерзімге, несие бойынша сыйақы мөлшерлемесі несие сомасынан жылдық 1%. 2026 жылы бұл сома 8650 мың теңге болып белгіленді.
Көтерме жәрдемақы алу және тұрғын үй сатып алуға бюджеттік несие алу үшін маман келесі құжатарды ұсынады:
1) нысан бойынша өтiнiш;
2) жеке басты куәландыратын құжат көшірмесі;
3) жұмыс орны бойынша кадр қызметі куәландырған еңбек шартының немесе еңбек кітапшасының көшірмесі;
4) білімі туралы диплом көшірмесі;
5) неке қию туралы куәлік көшірмесі (не некеде тұрған мамандар үшін);
6) Кредиттік бюродан есеп.
Маманға қойылатын негізгі талаптар:
- маман жұмыс істейтін елді мекенде тұрақты тіркеудің (тіркелудің) болуы;
- маманның және оның отбасы мүшелерінің меншігінде жылжымайтын мүліктің болмауы;
- бұрын берілген кредиттер бойынша өтелмеген мерзімі өткен берешектің болмауы (құжаттарды қарау сәтінде), сондай-ақ соңғы 2 (екі) жыл ішінде 90 (тоқсан) күнтізбелік күннен артық мерзімі өткен берешектің болмауы.
Бұл мемлекеттік қызмет электрондық үкімет портал E-gov немесе жылжымайтын мүлік порталы Баспана Маркет otbasybank.kz/programm-bank арқылы көрсетіледі, тегін.
Қызмет көрсетудің нәтижесі жәрдемақы мен кредит беру, есепке және кезектілікке қою (әлеуметтік қолдау шараларын көрсету үшін бюджет қаражаты жетіспеген жағдайда) немесе дәлелді бас тарту болып табылады.
Әлеуметтік қолдау шараларын алғаннан кейін маман елді мекеннің осы ұйымында 3 жыл бойы жұмыс істеуге міндеттеме алады.
Толығырақ ақпаратты мына мекен жай бойынша алуға болады: Ерейментау қ., Кунанбаев көшесі , 121, экономика және қаржы бөлімі, тел. 87163322092.
Ерейментау ауданы әкімдігінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін талқылауды бастау туралы
Ақмола облысы Ерейментау ауданының әкімдігі 2026жылдың 28 мамыр-05 маусым аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелерін талқылау басталғаны туралы хабарлайды.
Барлық мүдделі тұлғалар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау нәтижелерін талқылауға қатыса алады.
Талдауға қатысу сұрақтары бойынша Ерейментау ауданы әкімі аппаратының заң қызметі басшысы Д.Б. Тулендиноваға ағымдағы жылдың 01 маусымына дейін (қоса алғанда) мына телефон бойынша хабарласуға болады: 2-29-08.
Ақмола облысында Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған салтанатты шара жоғары деңгейде аталып өтті. Көкшетау қаласындағы «Көкшетау» мәдениет сарайында өткен мерекелік жиынға облыстың барлық аудан-қалаларынан мәдениет саласының қызметкерлері, шығармашылық ұжымдар мен өнер майталмандары қатысты.
Мәдениет және өнер өкілдерін облыс әкімі Марат Ахметжанов құттықтап, олардың өңірдің рухани дамуына қосып жүрген еңбектерін ерекше атап өтті. Аймақ басшысы өз сөзінде мәдениет пен өнердің ұлт болашағындағы маңызына тоқталып, ұлттық мұраны дәріптеп жүрген сала қызметкерлеріне алғысын білдірді.
Іс-шара барысында өңірдің мәдениет саласын дамытуға үлес қосқан бірқатар қызметкерлер мемлекеттік наградалармен, құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапатталды. Сонымен қатар көпшілік асыға күткен «Өнер – халық қазынасы» облыстық байқауының қорытындысы жарияланды.
Байқау нәтижесінде Ерейментау ауданының өнерпаздары жүлделі ІІІ орынға ие болып, 1 миллион теңге көлеміндегі сертификатпен марапатталды. Бұл – аудан өнерпаздарының шығармашылық еңбегі мен талантының жоғары бағаланғанының айқын көрінісі.
Сондай-ақ Ерейментау ауданынан барған жасөспірімдер би ұжымы мерекелік гала-концертте өнер көрсетіп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Жас бишілердің сахнадағы жарқын өнері аудан мәдениетінің деңгейін тағы бір мәрте танытып, ерекше қошеметке ие болды.
Айта кету керек, аталмыш байқауда Гран-при иегерлеріне Chevrolet Cobalt автокөліктерін сатып алуға сертификаттар табысталды. Бас жүлдені Целиноград және Бурабай аудандары, сондай-ақ Степногорск пен Қосшы қалалары иеленді.
Мерекелік шара әсерлі гала-концертпен қорытындыланып, өнер сүйер қауымға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Ерейментау ауданының өнерпаздары бұл шарада өздерінің кәсіби шеберлігі мен шығармашылық әлеуетін лайықты деңгейде көрсете білді.
Ерейментау диқандарының ерен еңбегі
Көктем – жер-ананың бусанып, тіршіліктің тамырына қан жүгіретін, ал ақ білек диқан қауымы үшін «бір күні жылға азық болатын» ең жауапты, сындарлы кезең. Бүгінде Ерейментау ауданының кең байтақ алқаптарында қызған еңбек пен таңсәріден қара кешке дейінгі тынымсыз тіршіліктің куәсі боласыз. Топырақтың бабын тауып, ырыс емген шаруалар үшін мамырдың әрбір күні алтынға бергісіз.
Мамыр айының соңына қарай ауданның агроөнеркәсіп кешені маңызды белестерді бағындырып үлгерді. Биылғы маусымда егіс алдындағы жер өңдеу жұмыстары 62,2 мың гектар аумақта толықтай, яғни 100 пайызға орындалып, қара жер дән қабылдауға әзірленді. Қазіргі сәтте аудан бойынша жалпы егіс көлемі 84 145 гектарға жетіп, межелі жоспардың 76,2 пайызы еңсерілді. Дала төсінде 30-дан астам қуатты техника тізгіндеген азаматтар күн райының құрғақтығына (0 мм жауын-шашын) қарамастан, аптап ыстық пен шаңға бой бермей, уақытпен жарыса еңбек етуде.
Осынау қыз-қыз қайнаған еңбек майданында ауданның іргелі серіктестігі – “Новомарковка 2010” шаруашылығы ерекше оқшауланып, егіс науқанын алғашқылардың бірі болып салтанатты түрде аяқтады. «Жер – ырыстың көзі, еңбек – табыстың көзі» деген қағиданы ту еткен ұжым өз иелігіндегі “13 мың гектарға жуық” құнарлы алқапты толықтай игеріп, болашақ мол өнімнің берік іргетасын қалады. Заманауи агротехнологияларды шебер шендестірген бұл шаруашылықтың жетістігі – бүкіл ауданның азық-түлік қауіпсіздігіне қосылған қомақты үлес әрі өзгелерге дем берер нақты үлгі.
Аудан диқандары биыл тек дәстүрлі бидай егумен шектелмей, нарық сұранысына сай әртараптандыруға басымдық бергенін де атап өткен жөн. Мәселен, берекелі бидай дақылы 42 000 гектарға себіліп, жоспарлы түрде жүріп жатса, арпа мен сұлы алқаптары да өз деңгейінде. Тіпті сұлы егісі жоспардан 170 пайызға асып түсті. Биылғы жылдың нағыз «жұлдызы» ретінде жасымықты (чечевица) айтуға болады, оның көлемі жоспарланған межеден 2,6 есеге (262,1%) артып, 3 931 гектарды құрады. Бұған қоса зығыр (12 086 га), күнбағыс (4 615 га) және жүгері дақылдары да егістік сәнін кіргізіп тұр. Мал шаруашылығының негізі саналатын біржылдық және көпжылдық шөптер егісі де жүйелі атқарылуда. Сонымен қатар, аудан тұрғындары да өз аулаларында бау-бақша өнімдерін егуді белсенді жүргізіп, картоп отырғызу жоспарын 100 пайызға (60 га) орындап шықты.
«Екпей егін шықпас, үйренбей білім жұқпас» демекші, білікті маман мен техниканың күшін біріктірген Ерейментау шаруаларының бұл қажырлы еңбегі еш кетпесі анық. Топыраққа тасталған әрбір дән – ертеңгі елдің несібесі, халықтың берекесі. Науқан сәтті аяқталуға жақын, ендігі жалғыз тілек – Көк аспаннан игілікті жауын жауып, ерейментаулық еңбеккерлердің қырманы астыққа, қоймасы аққа толғай!
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде 2026 жылғы «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын тағайындау конкурсының басталуына орай брифинг өтті.
Іс-шараға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Қайрат Қамбаров, конкурстық комиссия мүшесі Ғайни Есембекова және 2025 жылғы грант иегері Айжан Өмірбаева қатысты.
Жиында 2021 жылдан бері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен шығармашыл жастарды қолдау мақсатында жыл сайын «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты бөлініп келетіні атап өтілді.
2026 жылы республикалық деңгейде әрқайсысы 3 млн теңгеден 30 грант беріледі. Грантқа Қазақстан Республикасының 14 пен 35 жас аралығындағы (34 жасты қоса алғанда) азаматтары үміткер бола алады. Грант конкурстық негізде келесі 6 бағыт бойынша жобаларды іске асыру үшін беріледі:
«Ғылым» – жаңа ғылыми жобаларды және зерттеулерді іске асыруға арналған; «Мәдениет» – Қазақстанның мәдени мұрасын насихаттауға, ұлттық дәстүр мен өнерді ілгерілетуге бағытталған жобаларды іске асыруға арналған;
«Ақпараттық технологиялар» – жаңа IT шешімдер мен жобаларды, оның ішінде жаңадан басталған стартап жобаларды іске асыруға және әзірлеуге арналған; «Бизнес» – жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған; «Медиа» – жаңа медиа жобаларды, оның ішінде жастар үшін танымдық, пайдалы, қызықты контент құру жөніндегі жобаларды іске асыруға арналған; «Волонтерлік» – өзекті, әлеуметтік проблемаларды шешуге бағытталған волонтерлік жобаларды (бастамаларды) іске асыруға арналған.
Үміткерлердің конкурстық өтінімдері 2026 жылғы 21 сәуірден 21 маусым аралығында (21 маусым күні сағат 24:00-ге дейін) қабылданады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі (мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде):
Конкурстық өтінім: https://forms.gle/8Edm9PwoqQZQyw287 2-қосымша сәйкес нысан бойынша жобаның сипаттамасы (PDF форматы); Жоба бойынша (60 секундтан аспайтын) бейнематериал немесе (10 слайдтан аспайтын) презентация;
3-қосымша сәйкес нысан бойынша шығындар сметасының жобасы (PDF форматы); Зияткерлік меншік туралы мәлімет (бар болса, PDF форматы);
Жеке куәлік немесе туу туралы куәліктің көшірмесі (PDF форматы).