
Қазақстан Республикасының
Экономика және бюджетті
жоспарлау министрінің
2013 жылғы 25 маусымдағы №193
бұйрығына
2-қосымша
«Ерейментау ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ 2021 жылға арналған мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызметінің есебі
1.Жалпы ережелері
1) Жұмыс берушілер туралы мәлімет.
«Ерейментау ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ Ерейментау қаласы, А.Құнанбаев көшесі 136, тел: 2-12-74.
2) Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат.
- мемлекеттік қызметтің 10 түрі көрсетілді. Оның ішінде:
«Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекiту»-410;
«Жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»- 31;
«Iздестіру жұмыстарын жүргізу үшiн жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру»-2;
«Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға рұқсат беру»-3;
«Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру»-0;
«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» (2-этап) -3;
«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» (2-этап) -26;
«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» -26;
«Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау» -1;
«Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру» - 0;
«Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату» - 0;
«Жер учаскесін алу үшін кезекке қою» - 0.
- тегін және ақылы түрде көрсетілетін мемлекеттік қызмет саны – 473 мемлекеттік қызмет тегін түрде;
- қағаз және электрондық түрде көрсетілетін мемлекеттік қызмет саны – 1 мемлекеттік қызмет қағаз түрінде, 472 мемлекеттік қызмет қағаз түрінде;
3) Көп қажет ететін мемлекеттік қызмет туралы мәлімет
«Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекiту» - 410;
2.Қызмет алушылармен жұмыс
1) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты беру көздері және алу орындары туралы мәлімет:
- Ерейментау ауданы әкімінің сайты;
- «Ерейментау ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ-нің мемлекеттік қызмет туралы стенді, Ерейментау қаласы, А.Құнанбаев көшесі 136.
2) Мемлекеттік қызмет стандарттарының жобаларын жарияға талқылау туралы ақпарат - жарияға талқылау өткізілді.
3) Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің айқын үрдістерін қамтамасыз етуге бағытталған іс –шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, интервью және басқа да) – 2021 жылы 0 семинар өткізілді, 10 бап орналастырылды.
3.Мемлекеттік қызмет көрсету үрдістерін жетілдіру бойынша қызметі.
1) Жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету үшін жаңа стандарттарын Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдаумен, мемлекеттік қызметтер, сонымен қатар ХҚКО-ғы ғана емес «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы, қамтамасыз етілетін болады.
2) Мемлекеттік қызмет көрсету қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар – өткізілген жоқ;
4) Мемлекеттік қызметтердің норматив-құқықтық процесін үрдісін жетілдіру.
4.Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.
1) Мемлекеттік қызмет көрсету сұрақтары бойынша қызмет алушылардан шағымдар түскен жоқ.
2) Көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша бөлімде ішкі бақылау нәтижесінде бұзушылық белгіленген жоқ. тексеріс болған жоқ.
3) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау және бағалау жөніндегі өкілетті органдарымен тексерулер жүргізілген жоқ.
4) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын қоғамдық мониторингілеу жүргізілген жоқ.
Алдағы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қызмет алушылардың
қанағаттануын арттыру және тиімділігінің перспективасы.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қызмет алушылардың қанағаттану деңгейін арттыру мақсатында бөліммен мақсатты бағытталған жұмыстар жүргізілуде. 2020 жылы бөлімде ұсынылатын мемлекеттік қызметінің сапасының барлық өлшемдерін жақсарту бойынша іс-шаралар жоспары бекітілген.
- мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің бұзылуын болдырмау;
- БАҚ және ресми интернет –ресурстарды, ХҚКО мамандарымен, ауыл,ауылдық округ және Ерейментау қаласының мамандарымен, мемлекеттік мекемелер басшыларымен семинарлар өткізу, стенд, арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы халықты уақытылы ақпараттандыру.
- «Электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызмет алу мүмкіндігі туралы қызмет алушыларды ақпараттандыру және көпшілікке тарату бойынша іс-шаралар өткізу;