Логотип Акимата Ерейментауского района

Меню

Страницы

Статья

2021 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі «Ерейментау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ қызметінің есебі

Қазақстан Республикасы Экономика

 және бюджетті жоспарлау

 министрінің 2013 жылғы

25 маусымдағы №193 бұйрығына

 2 -қосымша

 

2021 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі  «Ерейментау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ қызметінің есебі

 

І.Жалпы ережелер.

1) Қызмет көрсетуші туралы мәліметтер.

            «Ерейментау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ, Ерейментау қаласы, А. Құнанбаев көшесі 103, тел: 8(716 33) 2-40-90, 2-11-73, 2-18-98, 2-19-64.

2) Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат.

Мемлекеттік қызмет тізіліміне сәйкес 2021 жылы 23 түрі бойынша бөліммен  2324 қызмет  көрсетілді, оның ішінде:

            -әлеуметтік салада мемлекеттік қызметтің 14 түрінен 909 қызмет, оның ішінде: Мемлекеттік корпорация арқылы- 6 түрінен 123 қызмет, электрондық нысанда 7 түрі бойынша 345 қызмет, қағаз нысанда 2 түрінен 415 қызмет көрсетілді, электронды түрде көрсетілетін қызмет көрсетушілердің ақпараттық жүйесі арқылы көрсетілген 43 қызмет. Барлық қызмет тегін көрсетіледі, ақылы қызмет түрлері жоқ;

-тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында «Тұрғын үй көмегін тағайындау» қызметі бойынша 17 қызмет,  барлығы электрондық үкімет порталы арқылы. Қызмет тегін көрсетіледі;

            -азаматтық хал актілерін тіркеу мәселелері бойынша 8 түрінен 1398, оның ішінде Мемлекеттік корпорация  арқылы 7 түрінен 557, электрондық нысанда 6 түрінен 754  қызмет көрсетілді, бөлімнің ақпараттық жүйесі арқылы үш түрі бойынша               87 қызмет. Тегін  675 қызмет, ақылы 723 қызмет көрсетілді.

             Жалпы бөліммен көрсетілген 2324 мемлекеттік қызметтің  ішінде – электронды үкімет порталы арқылы -1099 қызмет (47,3%), Мемлекеттік корпорация арқылы 680 қызмет (29,3%),  қағаз нысанда - 415(17,9%) қызмет көрсетілді, қызмет көрсетушілердің ақпараттық жүйесі арқылы 130 қызмет (5,6%)көрсетілген.

            Мемлекеттік қызметтер стандарттары келесі бұйрықтармен бекітілді:

 Әлеуметтік саласындағы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 26 «Мүгедектердi оңалтудың кейбiр мәселелерi туралы».

  • "Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерді жеке көмекшінің қызметімен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу";
  • "Естуі бойынша мүгедектер үшін жылына алпыс сағат ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды рәсімдеу";
  • "Мүгедектерді және мүгедек балаларды санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу";
  • "Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу";
  • "Мүгедектерге техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу";
  • "Мүгедектерді арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу";

Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы  25 наурыздағы № 84.

  • "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру";
  • "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау";
  • "Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу";

10) "Ақталған адамға куәлік беру";

    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы  5 мамырдағы № 320 "Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау және төлеу және кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы ұсыну қағидаларын бекіту туралы"

  • Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау;
  • Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын ақпарат беру;

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 28 мамырдағы № 197 бұйрығы «Арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы».

  • Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу;
  • Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу;

            тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 16 қазандағы № 539 "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы

15) Тұрғын үй көмегін тағайындау

азаматтық хал актілерін тіркеу мәселелері

 Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 112 "Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, күшін жою тәртібі қағидаларын бекіту туралы" .

16) Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;

17) Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;

18) Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;

19) Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;

20) Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;

21) Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру;

22) Азаматтық хал актілері жазбаларын жою;

23) Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру.

3)Көрсетілген қызметтердің жалпы санынан аса талап етілетін мемлекеттік қызметтер:

- Бала тууды тіркеу,  оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу  -649 қызмет немесе 27,9 %;

-Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру- 438 қызмет немесе 18,8%;

- Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау – 413 қызмет немесе 17,8 %;

- Мүгедектерді техникалық қосымша (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу – 133 қызмет немесе 5,7%.

ІІ. Қызмет алушылармен жұмыс. 

1) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат көздері  «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі» ММ, «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ,  ауыл, ауылдық округ және Ерейментау қаласының әкімдіктерінің, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Ерейментау ауданы бойынша филиалы  ХҚКО-ның   стендтері  және Ерейментау ауданы әкімінің вебсайты болып табылады.

2) Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін айқындайтын бағынысты нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша қоғамдық талқылаулар өткізілген жоқ;

3) Мемлекеттік қызмет көрсету үрдістерінің айқындығын қамтамасыз етуге бағытталған, өткізілген іс-шаралар: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Ерейментау ауданы бойынша филиалы ХҚКО мамандарымен                     2 семинар өткізілді, «Ерейментау-ақпарат» аудандық газетінде мемлекеттік және орыс тілдерінде 1 мақала жарияланды, 22 мақала әлеуметтік желілерде Ерейментау ауданы әкімдігінің  Instagram парақшасында жарияланды (ereymentau_audan_akimdigi).

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету үрдістерін жетілдіру бойынша қызмет.

1) Мемлекеттік қызмет көрсету үрдістерін автоматтандыру жүргізілген жоқ.

2) Мемлекеттік қызмет көрсету және сапасын жақсарту мәселелері бойынша бөлімнің маманы Е.П.Кашаед  «Мемлекеттік қызметтердің нәтижелігін басқару» тақырыбы бойынша біліктілігін арттыру  курсынан өтті.

3)Мемлекеттік қызмет көрсетудің үрдістерін нормативті-құқықтық жетілдіру  өткізілген жоқ.

4.Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.

1) Мемлекеттік қызмет алушылардан шағымдар түскен жоқ;

2)Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасына ішкі бақылау  өткізілген жоқ;

3) Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін бұзу және негізсіз бас тарту болған жоқ. Мемлекеттік қызмет алу үшін мүмкіндіктері шектеулі азаматтарға, олардың мемлекеттік қызмет алуына бөлімде барлық жағдай жасалған. Бөлімде, ауыл, ауылдық округтер және Ерейментау қаласы әкім аппраттарында, аудан әкімінің ресми интернет –ресурсінің «Мемлекеттік қызмет» бөлімінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпараттарды өзектендіру жүргізіледі.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері бұзылған жоқ.

2)Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі өкілетті органмен тексеру өткізілген жоқ.   

3) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізілген жоқ.

            Тиімділікті одан  әрі дамыту және қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасымен қанағаттануын жақсарту.

            Қызмет алушылардың  мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту мен қанағаттануы деңгейін арттыру үшін бөліммен мақсатты жұмыстар жүргізілуде.  Жыл сайын  бөлімде  мемлекеттік қызмет көрсету сапасынның барлық өлшемдерін жақсарту  бойынша іс-шаралар жоспары бекітіледі;

-мемлекеттік қызмет көрсету  мерзімдерін бұзуға жол берілмеуі;

-мемлекеттік мекемелер басшылары, Ерейментау қаласының және ауыл, ауылдық округтер әкімдері мен мамандары, Мемлекеттік корпорация мамандарымен семинарлар өткізу, ресми интернет-ресурстары және БАҚ, стендтер арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы халықты уақытылы ақпараттандыру;

- «Электрондық үкімет» порталы, Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін  мемлекеттік қызметтер үлесін арттыру (түсіндіру шаралары);

-мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктіліктерін арттыру.

Мемлекеттік қызмет сапасы мен уақыттылығы үнемі бақылауда.   

 

  есепті жүктеу 

 

Дата публикации
16 февраля 2022
Дата обновления
16 февраля 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
22 октября 2026
Ақпарат
21 октября 2026
Инфографики
Ақпарат
14 октября 2026
Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы