
Қазақстан Республикасының
Экономика және бюджетті
жоспарлау министрінің
2013 жылғы 25 маусымдағы №193 бұйрығына
2 қосымша
Ерейментау ауданы «Ерейментау қаласы әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызметінің 2021 жылғы есебі
Мемлекеттік қызметтердің саны - 5 түрі бойынша:
– «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»-13.
– Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру (бірінші кезең)» - 0.
– «Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру (екінші кезең)» - 0.
– «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу (бірінші кезең)» - 55.
– «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу (екінші кезең») - 60.
– «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату» - 2.
– «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою» - 0.
Барлық қызметтер тегін көрсетіледі, ақылы қызметтер жоқ;
Электрондық нысанда – 128, қағаз нысанда – 2 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
– Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы бұйрығымен «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру», «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу», «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілді.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі бұзылмаған.
3) 2021 жылы – 2021 жылғы 16-17 тамызда мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері, бұзушылықтар анықталған жоқ. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру мақсатында Ерейментау қаласы әкімдігінің Instagram парақшасында мемлекеттік қызметтерді алу бойынша түсіндіру мақалаларының санын арттыру бойынша шаралар қабылданды.
4) 2021 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізілмеген.
Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттануын арттыру.
Бөлімде қызмет алушыға мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын жоғарлату мақсатында жұмыстар жүргізіледі:
– мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің бұзылуын жібермеу
– бұқаралық ақпараттар мен ақпараттық стендтер арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы халыққа уақытымен ақпарат беру;
– мемлекеттік қызмет көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін жоғарлату.