
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша «Өлеңті ауылдық округ әкімі аппараты» ММ-сі қызметінің 2020 жылғы есебі
1) Қызмет беруші туралы мәлімет:
Ақмола облысы Ерейментау ауданы «Өлеңті ауылдық округ әкімі аппараты» ММ, Өлеңті ауылы,Тың көшесі 1А,
тел: 36 1 35, 36 2 15
2) Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат:
2 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
- «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдау» - 22;
- «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» - 8.
. Негізделген бас тарту-3.
– Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы ұсынылатын қызметтер-216
Барлық қызметтер тегін көрсетіледі, ақылы қызметтер жоқ;
- электронды түрде көрсетілген мемлекеттік қызмет - 224, қағаз түрінде – 22 мемлекеттік қызмет.
Жылдық есеп қоса беріледі.
-Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 158 бұйрығы "шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары"
- Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен "Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу"Мемлекеттік қызмет көрсету Қағидалары бекітілді
1) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпараттар ауыл әкімшілігінің ақпараттық стендтерінде бастау алады.
2) Тұрғындармен түсіндірме жумыстар жүргізілді.
1). 2020 жылы "Сауда - саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу"Мемлекеттік қызмет көрсету процесі автоматтандырылды.
2) 2020 жылы ауыл әкімі аппаратының қызметкерлері аудандық семинар-кеңестерге қатысып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді
3) Тұрғындар арасында ЭЦҚ ашу туралы түсіндірме жұмыс белсенді жүргізіледі
1) Ақпарат қоса беріледі.
2) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылау қорытындысы: электрондық үкімет порталы арқылы көрсетілген қызметтер 224, қағаз түрінде - 22 Жалпы қызметке жүгінген тұлғалар саны - 246.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі бұзылған жоқ.
3) Уәкілетті орган Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау бойынша тексеру жүргізілген жоқ
4) 2020 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізілген жоқ.
Қызмет алушыны қызмет ұсыну сапасымен қанағаттандыру үшін мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту және тиімділігін арттыру.
Бөлімде қызмет алушыға мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын жоғарлату мақсатында жұмыстар жүргізіледі:
- мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің бұзылуын жібермеу;
- бұқаралық ақпараттар мен ақпараттық стендтер арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы халыққа уақытымен ақпарат беру;
- мемлекеттік қызмет көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін жоғарлату.
Өлеңті ауылдық округінің әкімі А. Мустафина