
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша «Бестоғай селолық округі әкімінің аппараты» ММ-сі қызметінің 2020 жылғы есебі
1) Қызмет беруші туралы мәлімет:
Ақмола облысы Ерейментау ауданы «Бестоғай селолық округі әкімінің аппараты» ММ, Бестоғай ауылы, Бейбітшілік көшесі 30, тел: 8 716 33 34-5-11
2) Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат:
1 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
- «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» - 6.
. Негізделген бас тарту- 1,
- Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы қызмет берілген-27
- электронды түрде көрсетілген мемлекеттік қызмет – 33, қағаз түрінде – 0.
Барлық қызметтер тегін көрсетіледі, ақылы қызметтер жоқ;
- Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен "Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу"Мемлекеттік қызмет көрсету Қағидалары бекітілді.
1) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпараттар ауыл әкімшілігінің ақпараттық стендтерінде бастау алады.
2) Тұрғындармен түсіндірме жумыстар жүргізілді.
1). 2020 жылы "Сауда - саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу"Мемлекеттік қызмет көрсету процесі автоматтандырылды.
2) 2020 жылы ауыл әкімі аппаратының қызметкерлері аудандық семинар-кеңестерге қатысып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді
3) Тұрғындар арасында ЭЦҚ ашу туралы түсіндірме жұмыс белсенді жүргізіледі.
1) Ақпарат қоса беріледі.
2) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылау қорытындысы: электрондық үкімет порталы арқылы көрсетілген қызметтер -33, қағаз түрінде – 0. Жалпы қызметке жүгінген тұлғалар саны – 33.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі бұзылған жоқ.
3) Уәкілетті орган Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау бойынша тексеру жүргізді
4) 2020 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізілген жоқ.
Қызмет алушыны қызмет ұсыну сапасымен қанағаттандыру үшін мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту және тиімділігін арттыру.
Бөлімде қызмет алушыға мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын жоғарлату мақсатында жұмыстар жүргізіледі:
- мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің бұзылуын жібермеу;
- бұқаралық ақпараттар мен ақпараттық стендтер арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы халыққа уақытымен ақпарат беру;
- мемлекеттік қызмет көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін жоғарлату.
Бестоғай ауылдық
округінің әкімі Д.Х. Мусин