Логотип Акимата Ерейментауского района

Меню

Страницы

Статья

Ерейментау ауданының жергілікті атқарушы органдарының 2020 жылға арналған мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызметінің есебі

Ерейментау ауданының жергілікті атқарушы органдарының 2020 жылға арналған мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызметінің есебі

 

1.​ Жалпы ережелер

1) Қызмет ұсынушы туралы мәліметтер:

Ерейментау ауданының жергілікті атқарушы органдарының 2020 жылға арналған мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есепте (бұдан әрі-Есеп) ауданның жергілікті атқарушы органдарының, ауыл, ауылдық округтер және Ерейментау қаласы әкімдерінің, мектеп және мектепке дейінгі мекемелердің көрсетілген мемлекеттік қызметтері туралы мәліметтер енгізілген.

2) Мемлекеттік қызмет көрсетілімі туралы ақпарат:

- 85 түрлі мемлекеттік қызмет бойынша көрсетілген мемлекеттік қызмет саны - 6410, соның ішінде:

- мемлекеттік қызмет бойынша ХҚКО арқылы көрсетілген мемлекеттік саны - 1424;

- мемлекеттік қызмет бойынша электронды үкімет порталы арқылы көрсетілген қызмет саны - 3097;

- мемлекеттік қызмет бойынша мемлекеттік орган арқылы көрсетілген мемлекеттік қызмет саны - 1024;

- көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері - 838;

- «Е_лицензиялау» мемлекеттік дерек қоры арқылы тікелей мемлекеттік орган орқылы 27 рұқсат құжаты берілді.

– ақылы мемлекеттік қызметтердің – 12 түрі, тегін – 72 түрі, электронды форматта – 68 түрі, Мемлекеттік корпорация арқылы-37 түрі.

"Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызметтері барынша сұранысқа ие

«Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау»

«Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру»

«Жұмыс іздеп жүрген адамдарға және жұмыссыздарға жәрдем көрсету»,

«Баланың тууын тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу»

 «Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейлендіруді жүргізу»

«Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекiту»

«Азаматтық хал актілерінің тіркелімі туралы қайтадан куәлік немесе анықтама бергізу» мемлекеттік қызмет көрсетілімі барыншы кең сұранысқа ие.

 

2.​ Қызмет алушылармен жұмыс

1).​ Мемлекеттік қызмет көздері мен көрсетілімі тәртібі туралы ақпаратқа қолжетімді орын туралы мәліметтер - ақпараттық стенд ауыл шаруашылығы, ветеринария, сәулет және қалақұрылысы, жер қатынастары, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, білім бөлімдері ғимаратында, аудан әкімдігінде экономика және қаржы бөлімінде орналастырылды. Барлық қызметтерге қатысты анықтаманы Халыққа қызмет көрсету бөлімі арқылы (кеңесшілерден), оған қоса телефон арқылы алуларыңызға болады. Мемлекеттік қызмет көрсетілімі тәртібі туралы ақпарат сонымен бірге аудан әкімінің сайтанда «Мемлекеттік қызмет көрсетілімі» тарауында орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін регламенттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілер "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған. adilet.zan.kz).

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414. Ауданның 14 ауылдық округі мен 26 мектебінде "E-gov"өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары ашылды. Сондай – ақ, Мемлекет басшысының "100 нақты қадам" Ұлт Жоспарында көрсетілген міндеттерді іске асыру мақсатында, сондай-ақ "Ақмола-Адалдық Алаңы" жобасы шеңберінде аудан әкімі аппаратының ғимаратында "сервистік әкімдік" жобасы іске асырылды, онда халыққа "E-gov" өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы консультациялық көмек алуға және электрондық мемлекеттік қызметтерді алуға мүмкіндік бар..

 

2). 2020 жылы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларының жобаларын жария талқылаулар өткізу шеңберінде Ерейментау ауданы әкімінің сайтында 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" ҚР Заңының 15-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актілердің жобалары орналастырылды. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау оны жария талқылау үшін орналастырылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде жүзеге асырылады. Ерейментау ауданы әкімінің сайтында Мемлекеттік қызмет жобаларын жария талқылау барысында ұсыныстар мен ескертулер түскен жоқ.

3). Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс – шаралар - "Ерейментау-ақпарат"газетінде Мемлекеттік қызмет көрсету процесі туралы түсіндіру сипатындағы 85 мақала жарияланды. Ақмола облысы бойынша "Мемлекеттік корпорация" КЕАҚ Ерейментау Халыққа қызмет көрсету бөлімінің қызметкерлерімен 5 семинар өткізілді. Онлайн-оффлайн форматта мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты бөлімдер мен әкімдер аппараттарының қызметкерлерімен кеңестер өткізілді. "Адалдық Алаңы" жобасы аясында мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік мекемелер басшыларының қатысуымен 45 тікелей эфир өткізілді.

 

3.​ Мемлекеттік қызмет көрсетілім стандартының жобалары осы қызмет түрлерін

1). 2020 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша онлайн режимде техникалық оқу жүргізілді, көрсетілетін қызметті берушілердің 123 қызметкері оқытылды.

 

4.​ Мемлекеттік қызмет көрсетілім процесінің айшықтылығын қамтамасыз етуге 

1) 2020 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардан шағымдар түскен жоқ.

2) Ерейментау ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсетуді үйлестіру бөлімімен ауданның 6 мекемесінде (сәулет және қала құрылысы бөлімі, Білім бөлімі, Ақсуат ауылы әкімінің аппараты, ауылдық округ әкімінің аппараты) көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша бақылау іс-шаралары өткізілді.Бестоғай ауылдық округі әкімінің аппараты, Новомарковка ауылы әкімінің аппараты) мемлекеттік қызмет көрсету ережелерін сақтау мәніне. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзу анықталған жоқ. Қызмет алушылардан шағымдар түскен жоқ.

3) Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаменті Ерейментау ауданы әкімінің аппаратында және қала құрылысы сәулет бөлімінде жүргізген сыртқы бақылау нәтижелері бойынша Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процесінің көрсетілетін қызметті алушыға бас тартуды ұсыну бөлігінде бұзушылықтар және көрсетілетін қызметті алушыға жауап беру процесінде бұзушылықтар анықталды (құжаттарға Ерейментау ауданы әкімінің аппаратында бірінші басшы қол қойған жоқ). Сыртқы бақылау нәтижелері бойынша жаза түрінде 2 тәртіптік жаза қолданылды.

 

Мемлекеттік қызмет көрсетілімінің алдағы тиімділік болашағы және қызметті тұтынушылардың сапаға қанағаттанушылығын арттыру.

Қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттану деңгейін арттыру мақсатында бөліммен мақсатты жұмыстар жүргізілуде. Мемлекеттік қызмет көрсетуді үйлестіру бөлімімен Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттану деңгейін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді.

- Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзуға жол бермеу;

-стендтер, БАҚ және ресми интернет-ресурстар арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы халықты уақтылы хабардар ету, халыққа қызмет көрсету бөлімінің мамандарымен, ауыл, ауылдық округ және Ерейментау қаласының әкімдерімен және мамандарымен, Мемлекеттік мекемелердің басшыларымен семинарлар өткізу.

- электрондық үкімет порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер үлесін арттыру;

- Халыққа қызмет көрсету бөлімі арқылы "бір терезе" қағидаты бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің үлесін арттыру (түсіндіру сипатындағы шаралар);

- көрсетілетін қызметті алушыларды "электрондық үкімет" порталы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы танымал ету және хабардар ету жөніндегі іс-шараларды жүргізу»;

- мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру.  

скачать отчет

Дата публикации
22 февраля 2021
Дата обновления
22 февраля 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
22 октября 2026
Ақпарат
21 октября 2026
Инфографики
Ақпарат
14 октября 2026
Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы