
«Ерейментау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нің 2020 жылға арналған мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызметінің есебі
1.Жалпы ережелер.
1) Қызмет көрсетуші туралы мәліметтер.
«Ерейментау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ, Ерейментау қаласы, А. Құнанбаев көшесі 103, тел: 8(716 33) 2-40-90, 2-11-73, 2-18-98, 2-19-64.
2) Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат.
Мемлекеттік қызмет тізіліміне сәйкес 2020 жылы 27 түрі бойынша бөліммен 2402 қызмет көрсетілді, оның ішінде:
-әлеуметтік салада мемлекеттік қызметтің 13 түрінен 577 қызмет, оның ішінде: Мемлекеттік корпорация арқылы- 7 түрінен 211 қызмет, электрондық нысанда 33 қызмет, қағаз нысанда 3 түрінен 247 қызмет көрсетілді, электронды түрде көрсетілетін қызмет көрсетушілердің ақпараттық жүйесі арқылы көрсетілген 86 қызмет. Барлық қызмет тегін көрсетіледі, ақылы қызмет түрлері жоқ;
- еңбек саласында 3 түрінен мемлекеттік қызмет«Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-мен 319 қызмет, «Электронды Үкімет» арқылы 71 қызмет, Орталықтың ақпараттық жүйесі арқылы 248 қызмет тегін көрсетілген;
-тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында «Тұрғын үй көмегін тағайындау» қызметі бойынша 32 қызмет, оның ішінде Мемлекеттік корпорация арқылы 2, электрондық үкімет порталы арқылы-30 қызмет көрсетілді. Қызмет тегін көрсетіледі;
-азаматтық хал актілерін тіркеу мәселелері бойынша10 түрінен 1474, оның ішінде Мемлекеттік корпорация арқылы 7 түрінен 865, электрондық нысанда 5 түрінен 523 қызмет көрсетілді. Қағаз нысанда 5 түрінен 86 қызмет көрсетілді.
2020 жылы екі мемлекеттік қызмет «Әкелікті анықтауды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» және «Бала асырап алуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік қызметтер тізілімінен жойылып, «Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» қызметіне енді.
Тегін негізде 842 қызмет, ақылы 613 қызмет көрсетілді.
Жалпы бөліммен көрсетілген 2402 мемлекеттік қызметтің ішінде Мемлекеттік корпорация арқылы – 1078 қызмет (44,9%), электронды үкімет порталы арқылы -657 қызмет (27,4%), қағаз нысанда - 333(13,9%) қызмет көрсетілді, қызмет көрсетушілердің ақпараттық жүйесі арқылы 334 қызмет (13,9%)көрсетілген.
Мемлекеттік қызметтер стандарттары бекітілді:
-Әлеуметтік саласындағы мемлекеттік қызметтер стандарттары Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279, «Мүгедектердi оңалтудың кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 26, "Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау және төлеу және кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 320 бұйрықтарымен бекітілген,
-тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік қызмет стандарты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығымен бекітілген;
- "Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, күшін жою тәртібі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 112 бұйрығынамен;
- еңбек саласындағы мемлекеттік қызметтер "Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және халықты жұмыспен қамту орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 19 маусымдағы № 259, "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 19 ақпандағы № 70 бұйрықтарымен бекітілді.
3)Көрсетілген қызметтердің жалпы санынан аса талап етілетін мемлекеттік қызметтер:
- Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу -552 қызмет немесе 22,9 %;
-Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру – 430 қызмет немесе 17,9%;
- Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу – 290 қызмет немесе 12 %;
- «Жұмыс іздеп жүрген адамдар мен жұмыссыздарға жәрдемдесу» - 289 қызмет немесе 12 %;
- Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау – 245 қызмет немесе 10,2 %.
1) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат көздері «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі» ММ, «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ, ауыл, ауылдық округ және Ерейментау қаласының әкімдіктерінің, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Ерейментау ауданы бойынша филиалы ХҚКО-ның стендтері және Ерейментау ауданы әкімінің вебсайты болып табылады.
2) Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін айқындайтын бағынысты нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша қоғамдық талқылаулар өткізілген жоқ;
3) мемлекеттік қызмет көрсету үрдістерінің айқындығын қамтамасыз етуге бағытталған, өткізілген іс-шаралар: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Ерейментау ауданы бойынша филиалы ХҚКО мамандарымен 2 семинар өткізілді, «Ерейментау-ақпарат» аудандық газетінде мемлекеттік және орыс тілдерінде 26 мақала жарияланды.
1) Мемлекеттік қызмет көрсету үрдістерін автоматтандыру жүргізілген жоқ.
2) Мемлекеттік қызмет көрсету және сапасын жақсарту мәселелері бойынша бөлімнің әлеуметтік көмек секторының меңгерушісі А.Б.Рахимжанова біліктілігін арттыру курсынан өтті.
3)Мемлекеттік қызмет көрсетудің үрдістерін нормативті-құқықтық жетілдіру өткізілген жоқ.
4.Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.
1) Мемлекеттік қызмет алушылардан шағымдар түскен жоқ;
2)Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасына ішкі бақылау өткізілген жоқ;
3) Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін бұзу және негізсіз бас тарту болған жоқ. Мемлекеттік қызмет алу үшін мүмкіндіктері шектеулі азаматтарға, олардың мемлекеттік қызмет алуына бөлімде барлық жағдай жасалған. Бөлімде, ауыл, ауылдық округтер және Ерейментау қаласы әкім аппраттарында, аудан әкімінің ресми интернет –ресурсінің «Мемлекеттік қызмет» бөлімінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпараттарды өзектендіру жүргізіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері бұзылған жоқ.
2)Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі өкілетті органмен тексеру өткізілген жоқ.
3) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізілген жоқ.
Тиімділікті одан әрі дамыту және қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасымен қанағаттануын жақсарту.
Қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту мен қанағаттануы деңгейін арттыру үшін бөліммен мақсатты жұмыстар жүргізілуде. 2020 жылы бөлімде мемлекеттік қызмет көрсету сапасынның барлық өлшемдерін жақсарту бойынша іс-шаралар жоспары бекітілген:
-мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзуға жол берілмеуі;
-мемлекеттік мекемелер басшылары, Ерейментау қаласының және ауыл, ауылдық округтер әкімдері мен мамандары, Мемлекеттік корпорация мамандарымен семинарлар өткізу, ресми интернет-ресурстары және БАҚ, стендтер арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы халықты уақытылы ақпараттандыру;
- «Электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызмет алу мүмкіндіктері туралы қызмет алушыларды ақпараттандыру және көпшілікке тарату бойынша іс-шаралар жүргізу;
-мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктіліктерін арттыру.
-Бөлім басшысымен бөлімнің жедел кеңестерінде мемлекеттік қызмет сапасын арттыру туралы үнемі түсіндірме жүргізіледі.
Бөлім басшысы М.Л.Сердцева