
«Ерейментау ауданы ауыл шаруашылық бөлімі» ММ-нің 2020 жылға арналған мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызметінің есебі
Жалпы мәліметтер
«Ерейментау ауданы ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі. Мекен-жайы: Ақмола облысы, Ерейментау қаласы, Мұсабаев көшесі 9 үй, телефон 2-23-41.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы №15424; 2014 жылғы 28 маусымдағы №725; ауыл шаруашылығы министрінің 06.05.2015 жылғы №4-3/421; 2015 жылғы 6 мамырдағы №4-3/423; 2015 жылғы 8 маусымдағы №15-1/522; 2015 жылғы 6 мамырдағы №4-2/419; 2015 жылғы 6 мамырдағы №4-4/305; 2015 жылғы 06.04.2015 жылғы №4-2/664; 06.04.2015 жылғы №4-4/306; 06.05.2015 жылғы № 4-3/423; 19.11.2014 жылғы № 3-1/600 қаулыларына сәйкес жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметтердің 6 түрі бекітілді:
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес 2020 жылы бөліммен мемлекеттік қызметтің 3 түрі көрсетілді. 2020 жылы барлығы 264 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Соның ішінде:
Мемлекеттік корпорациядан -60 қызмет
ЭҮП (Электрондық үкімет порталы) – 143 қызмет;
"Е-Лицензиялау" МДҚ - 27 қызмет
Көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы - 34 қызмет
Ақылы негізде 3 Қызмет түрі көрсетілді.
"Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, олардың тіркемелерінің кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден шығару), өзгерістерді, толықтыруларды тіркеу (оның ішінде меншік құқығының басқа тұлғаға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру, кейіннен кепілге (қайта кепілге) беру) және тіркелген кепілдің қолданысын, өтімділігі жоғары арнайы машиналар" - 60
"Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу" -34
Ең сұранысқа ие 3 мемлекеттік қызмет:
"Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, олардың тіркемелерінің кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден шығару), өзгерістерді, толықтыруларды тіркеу (оның ішінде меншік құқығының басқа тұлғаға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру, кейіннен кепілге (қайта кепілге) беру) және тіркелген кепілдің қолданысын, өтімділігі жоғары арнайы машиналар»
"Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), тіркеу есебінен шығару және тіркеу құжатын (телнұсқасын) және олар үшін мемлекеттік нөмірлік белгі беру»
"Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу»
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат көздері ауыл шаруашылығы бөліміндегі ақпараттық стендтер, сондай-ақ аудан әкімінің веб-сайты болып табылады..
Мемлекеттік қызмет көрсету үрдісінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған өткізілген іс-шаралар: аудандық "Ерейментау ақпарат" газетінде 6 мақала жарияланды»
Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.
1) 2020 жылы Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін автоматтандыру жүргізілмеген.
2) мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру - жоқ.
3) мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар-2020 жылы біліктілікті арттыру курстарынан өтпеген;
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызмет алушылардың шағымдары туралы ақпарат-шағымдар түскен жоқ;
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері: барлығы 264 қызмет көрсетілді, оның ішінде ХҚКО - 60, ЭҮП-143, "Е - Лицензиялау" МДҚ-27 қызмет; Бөлім-34.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі бұзылмаған.
2020 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органмен тексерулер жүргізілген жоқ.
2020 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізілген жоқ.
Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттануын арттыру.
Қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттану деңгейін арттыру мақсатында бөліммен мақсатты жұмыстар жүргізілуде. 2019 жылы бөлімде Мемлекеттік қызмет көрсету сапасының барлық параметрлерін жақсарту бойынша іс-шаралар жоспары бекітілді.
- Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзуға жол бермеу;
- стендтер, БАҚ және ресми интернет-ресурстар арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы халықты уақтылы хабардар ету, ХҚКО мамандарымен, ауылдық округ әкімдерімен және ауданның ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшыларымен семинарлар өткізу.
- көрсетілетін қызметті алушыларды "электрондық үкімет" порталы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы танымал ету және хабардар ету жөніндегі іс-шараларды жүргізу»;
- Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру.
Бөлім басшысы Г.И.Жүнісова