
«Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі» ММ- нің 2020 жылға арналған мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызметінің есебі
«Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі» ММ, Ерейментау қаласы, Әл-фараби көшесі 10, тел: 22016, 21664.
1) Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат.
Білім бөлімі 2020 жылы реестр бойынша мемлекеттік қызметтің 23 түрінен қызмет көрсетті. Жалпы 2305 қызмет көрсетіліп, оның 130 халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы, 1592 - электронды үкімет порталы арқылы, 526 мемлекеттік органдар (қағаз түрінде) қызмет көрсетілді, көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде-57 жеке тұлға.
Көрсетілетін қызметтің 23- сі қызмет тегін болып келеді.
Мемлекеттік органдар (қағаз түрінде) арқылы 7 қызмет түрінен 526 қызмет көрсетілген.
Мемлекеттік ережесі негізінде -23,
2) Ең көп сұранысты қажет ететін «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет ережесі бойынша – 873 қызмет көрсетілді,
"Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет ережесі бойынша - 535 қызмет көрсетілді,
"Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет ережесі бойынша - 414 қызмет көрсетілді.
1) Мемлекеттік қызмет көрсету ақпараттарын «Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі» ММ -нен ақпараттарға арналған қабырға стендтерінен, ХҚКО-нан және Ерейментау ауданы әкімінің веб-сайтынан алуға болады.
2) «Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі» ММ-сі мемлекеттік қызмет көрсету стандартының жобалары көпшілік алдында талқыға түспеді.
3) Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашық айқын болуы үшін, білім бөлімі мен ХҚКО, басқа да мемлекеттік қызмет көрсету органдарының қатысуымен семинар өткізіліп, «Ереймен» және «Мир рекламы» жергілікті газет басылымдарына мақалалар жарияланды.
Жалпы 2305 қызмет көрсетіліп, оның 130 халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы, 1592 - электронды үкімет порталы арқылы, 526 мемлекеттік органдар (қағаз түрінде) қызмет көрсетілді, көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде-57 жеке тұлға.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді тікелей уәкілетті органнан алған тұлғалар саны - 526, "Халыққа қызмет көрсету орталығы "Департаментінің Ерейментау аудандық бөлімі-Ақмола облысы бойынша" Азаматтарға арналған үкімет " МК КЕАҚ филиалы - 130, электрондық үкімет порталы арқылы – 1592, көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде-57 жеке тұлға.
Мемлекеттік қызметті атқаруда мерзімі жағынан шағым тіркелмеді.
4.Мониторинг бақылау сапасы да өткізілмеді.
«Ақмола облысы білім басқармасының
Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі»
ММ-нің басшысы С.Т.Нургазин