Логотип Акимата Ерейментауского района

Меню

Страницы

Статья

Ерейментау ауданының "Экономика және қаржы бөлімі" ММ-нің 2023 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызметі туралы есебі

Қазақстан Республикасы экономика және

бюджеттік жоспарлау министрінің

 2013 жылғы 25 маусымдағы №193 бұйрығына

2 қосымша

 

 

Ерейментау ауданының "Экономика және қаржы бөлімі" ММ-нің 2023 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызметі туралы есебі

 

1.Жалпы ереже.

  1. Қызмет беруші туралы мәлімет.

«Ерейментау ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ, Ерейментау қаласы, Құанбаев көшесі, 121, тел: 21563,22932.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат.

2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсету реестріне сәйкес бөліммен   мемлекеттік қызметтің 1 түрі ғана көрсетілді.

Оның ішінде:

- ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне, денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну

Жылдық есеп қоса беріледі.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 72 бұйрығы бекітілген. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылы 1 қазанда № 21345 болып тіркелді

Қызмет алушылармен жұмыс.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат көзі ХҚКО, Ерейментау ауданы әкімдігіндегі ақпараттық стендтер,сондай-ақ, аудан әкімінің вебсайты;
  2. 2023  жылы мемлекеттік қызмет көрсету стандартының жобасын талқылау туралы ақпарат:  - ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне, денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну

 2.Мемлекеттік қызмет көрсету үрдістерін дамыту бойынша қызмет:

     1) Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін автоматтандыру - 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік қызмет EGOV.KZ электрондық портал және "Фагри" ақпараттық жүйесі арқылы көрсетілді, 2023 жылғы 1 сәуірден бастап қызмет "Баспана" "Ауылдық ипотека" ақпараттық порталы арқылы көрсетіледі.

       2) Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін нормативтік-құқықтық жетілдіру-жоқ.

 3.Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау:

  1. Мемлекеттмемлекетт қызмет көрсетудің ішкі бақылау көрсеткіші: барлығы 37 қызмет көрсетілді. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі бұзылған жоқ.
  2. 2023 жылғы 15-17 мамыр аралығында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган тексеру жүргізілді, анықталды:
  1. Бөлімнің ережесінде Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша функциялар жоқ - жойылды.
  2. 2 компьютер электрондық қызметтерді көрсету үшін ең төменгі талаптарға сәйкес келмейді - бюджеттік комиссияның мақұлдауы жоқ.

3) 2023 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізілмеген.

        Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қызмет алушының қанағаттануының жоғарлауы мен келешектегі тиімділігі:

    Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттану деңгейін арттыру мақсатында бөліммен мақсатты жұмыс жүргізілуде, 2023 жылы бөлімде мемлекеттік қызмет көрсету сапасының барлық параметрлерін жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді.

-  мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін бұзуды болдырмау;

-  мемлекеттік мекемелер басшыларымен, Ерейментау қаласы және ауылдық округтер, ауыл әкімдері мен мамандары, ХҚКО мамандарымен мемлекеттік семинар өткізу, БАҚ және ресми интернет-көздері арқылы қызмет көрсету тәртібі туралы тұрғындарды уақытылы ақпараттандыру

- мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің санатын жоғарлату.

 

 

Бөлім басшысы                                                                    Қ.С. Мұқышев

 

 

Дата публикации
21 февраля 2024
Дата обновления
21 февраля 2024
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
22 октября 2026
Ақпарат
21 октября 2026
Инфографики
Ақпарат
14 октября 2026
Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы