
Қазақстан Республикасы Экономика
және бюджетті жоспарлау
министрінің 2013 жылғы
25 маусымдағы №193 бұйрығына
2 -қосымша
"Ерейментау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ-нің 2023 жылғы Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызметі туралы есебі
І.Жалпы ережелер.
1) Қызмет көрсетуші туралы мәліметтер.
«Ерейментау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ, Ерейментау қаласы, А. Құнанбаев көшесі 103, тел: 8(716 33) 2-40-90, 2-11-73, 2-18-98, 2-19-64.
2) Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат.
Мемлекеттік қызмет тізіліміне сәйкес 2023 жылы 24 түрі бойынша бөліммен 1379 қызмет көрсетілді, оның ішінде:
-әлеуметтік салада мемлекеттік қызметтің 14 түрінен 768 қызмет, оның ішінде: Мемлекеттік корпорация арқылы- 6 түрінен 57 қызмет, электрондық нысанда 8 түрі бойынша 376 қызмет, қағаз нысанда 1 түрінен 333 қызмет көрсетілді, электронды түрде көрсетілетін қызмет көрсетушілердің ақпараттық жүйесі арқылы көрсетілген 2 қызмет. Барлық қызмет тегін көрсетіледі, ақылы қызмет түрлері жоқ;
-тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында «Тұрғын үй көмегін тағайындау» қызметі бойынша 4 қызмет, барлығы электрондық үкімет порталы арқылы. Қызмет тегін көрсетіледі;
-2023 жылғы 1 шілдесіне дейін азаматтық хал актілерін тіркеу мәселелері бойынша 8 түрінен 458, оның ішінде Мемлекеттік корпорация арқылы 5 түрінен 170, электрондық нысанда 5 түрінен 261 қызмет көрсетілді, бөлімнің ақпараттық жүйесі арқылы үш түрі бойынша 27 қызмет. Тегін 197 қызмет, ақылы 261 қызмет көрсетілді.
Жұмыспен қамту саласында еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру, ұзарту бойынша 145 қызмет, Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілді. Қызметтер 2023 ж.1 шілдеден Мемлекеттік корпорацияға ауысты.
Жалпы бөліммен көрсетілген 1379 мемлекеттік қызметтің ішінде – электронды үкімет порталы арқылы -641 қызмет (46,5%), Мемлекеттік корпорация арқылы 376 қызмет (27,3%), қағаз нысанда – 333 (24,1%) қызмет көрсетілді, қызмет көрсетушілердің ақпараттық жүйесі арқылы 2 қызмет (0,2%)көрсетілген.
Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртіптері бұйрықтармен бекітілді:
Әлеуметтік саласындағы қызметтер:
1)"Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды жеке көмекшінің қызметімен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу";
6)"Мүгедектігі бар адамдарды арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу"
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 26 «Мүгедектердi оңалтудың кейбiр мәселелерi туралы», Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 286 бұйрығымен күші жойылған;
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 288 «Мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін жеке көмекшінің қызметтерін ұсыну қағидаларын бекіту туралы»;
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 286 «Мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес есту кемістігі бар мүгедектігі бар адамдар үшін ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну қағидаларын бекіту туралы»;
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 283 «Мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларға санаторийлік-курорттық емдеуді ұсыну қағидаларын бекіту туралы»;
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 287 «Мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен, оларды ауыстыру мерзімдерін қоса алғанда, қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» бұйрықтарымен.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 «Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» бұйрығымен:
7)"Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру";
8) "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау ";
9) "Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" қызметтері бойынша.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 28 ақпандағы № 78 «Ақталған адамға куәлік беру қағидаларын және ақталған адам куәлігінің үлгісін бекіту туралы» бұйрығы
10) "Ақталған адамға куәлік беру";
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 320 "Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау және төлеу және кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы ұсыну қағидаларын бекіту туралы" бұйрығы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 21 маусымдағы № 227 «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен күшін жойды.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 28 мамырдағы № 197 бұйрығы «Арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы.
тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 «Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы»
жұмыспен қамту саласында
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 15 сәуірдегі № 123 «Еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы
16) «Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру, ұзарту және кері қайтарып алу».
азаматтық хал актілерін тіркеу мәселелері
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 112 "Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, күшін жою тәртібі қағидаларын бекіту туралы".
17) Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;
18) Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;
19) Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;
20) Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;
21) Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;
22) Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру;
23) Азаматтық хал актілері жазбаларын жою;
24) Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру;
3)Көрсетілген қызметтердің жалпы санынан аса талап етілетін мемлекеттік қызметтер:
- Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау – 333 қызмет немесе 24,1 %;
- Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу -250 қызмет немесе 18,1 %;
- Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру, ұзарту және кері қайтарып алу – 149 қызмет немесе 10,8%;
-Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру- 139 қызмет немесе 10,1%;
- Мүгедектерді техникалық қосымша (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу – 120 қызмет немесе 8,7%;
- Мүгедектігі бар адамдарды және мүгедектігі бар балаларды санаторийлік-курорттық емделумен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу – 115 қызмет немесе 8,3%;
ІІ. Қызмет алушылармен жұмыс.
1) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат көздері «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі» ММ, ауыл, ауылдық округ және Ерейментау қаласының әкімдіктерінің, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Ерейментау ауданы бойынша филиалы ХҚКО-ның стендтері және Ерейментау ауданы әкімінің вебсайты болып табылады.
2) Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін айқындайтын бағынысты нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша қоғамдық талқылаулар өткізілген жоқ;
3) Мемлекеттік қызмет көрсету үрдістерінің айқындығын қамтамасыз етуге бағытталған, өткізілген іс-шаралар: «Ерейментау-ақпарат» аудандық газетінде 15 мақала жарияланды, Ерейментау ауданы әкімдігінің әлеуметтік желіде Instagram (ereymentau_audan_akimdigi) парақшасында 20 мақала жарияланды, тікелей эфирде екі түсіндірме жұмыс.
1) Мемлекеттік қызмет көрсету үрдістерін автоматтандыру жүргізілген жоқ.
2) Мемлекеттік қызмет көрсету және сапасын жақсарту мәселелері бойынша 2023 жылы біліктілігін арттырған мамандар жоқ.
4.Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау:
2) Ерейметау ауданы әкімдігінің мемлекеттік қызмет көрсетуді үйлестіру бөлімімен мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасына ішкі бақылау 2023 жылғы қаңтар айында жүргізілді, бұзушылықтар анықталған жоқ;
3) Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін бұзу және негізсіз бас тарту болған жоқ.
Мемлекеттік қызмет алу үшін мүмкіндіктері шектеулі азаматтарға, олардың мемлекеттік қызмет алуына бөлімде барлық жағдай жасалған. Бөлімде, ауыл, ауылдық округтер және Ерейментау қаласы әкім аппраттарында, аудан әкімінің ресми интернет –ресурсінің «Мемлекеттік қызмет» бөлімінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпараттарды өзектендіру жүргізіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері бұзылған жоқ.
2)Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі өкілетті органмен тексеру өткізілген жоқ.
3) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізілген жоқ.
Тиімділікті одан әрі дамыту және қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасымен қанағаттануын жақсарту.
Қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту мен қанағаттануы деңгейін арттыру үшін бөліммен мақсатты жұмыстар жүргізілуде. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасынның барлық өлшемдерін жақсарту бойынша:
-мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзуға жол берілмеуі;
-мемлекеттік мекемелер басшылары, Ерейментау қаласының және ауыл, ауылдық округтер әкімдері мен мамандары, Мемлекеттік корпорация мамандарымен ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын өткізу, ресми интернет-ресурстары және БАҚ, стендтер арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы халықты уақытылы ақпараттандыру;
- мемлекеттік қызметтер бойынша нормативтық-құқықтық актілерге мониторинг жүргізу;
- «Электрондық үкімет» порталы, Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер үлесін арттыру (түсіндіру шаралары);
-мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктіліктерін арттыру;
- бөлімде ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін қолжетімді өзіне өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді.
Мемлекеттік қызмет сапасы мен уақыттылығы үнемі бақылауда.
Бөлім басшысы М.Л.Сердцева
орынд: Амирова Ж.
21898