Логотип Акимата Ерейментауского района

Меню

Страницы

Статья

«Ерейментау ауданының жер қатынастары, сәулет және қалақұрылысы бөлімі» ММ 2023 жылға арналған мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызметінің есебі

Қазақстан Республикасының

Экономика және бюджетті

жоспарлау министрінің

2013 жылғы 25 маусымдағы №193

бұйрығына

2-қосымша

 

«Ерейментау ауданының жер қатынастары, сәулет және қалақұрылысы бөлімі» ММ 2023 жылға арналған мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызметінің есебі

 

  1. Жалпы мәліметтер

 

  1. «Ерейментау ауданының жер қатынастары, сәулет және қалақұрылысы бөлімі» ММ-сі
  2. Орналасқан жері: Ақмола облысы, Ерейментау қаласы, А. Құнанбаев көшесі,136, телефон 2-12-74, 2-37-12.

 

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

Бөліммен 17 мемлекеттік қызмет көрсетіледі

1) есепке қою және кезектілік, сондай-ақ жергілікті

мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға тұрғын үй беру туралы шешімнің атқарушы органдарымен  -78 қызмет көрсетілді.

1) Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекiту – 351 қызмет көрсетілді.

2) Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру – 22 қызмет көрсетілді.

3) Iздестіру жұмыстарын жүргізу үшiн жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру – 5 қызмет көрсетілді.

4) Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға рұқсат беру – 4 қызмет көрсетілді.

5) Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру – 0 қызмет көрсетілді.

6) Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу – 10 қызмет көрсетілді.

7) Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау – 4 қызмет көрсетілді.

8) Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру – 0 қызмет көрсетілді.

9) Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату – 0 қызмет көрсетілді.

10) Жер учаскесін алу үшін кезекке қою – 0 қызмет көрсетілді.

11) Жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзарту (қағидалар әзірлеуде) – 37 қызмет көрсетілді.

12) «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру» бойынша-483 қызмет көрсетілді, оның ішінде 113 қызмет Мемлекеттік корпорация арқылы, 370 қызмет электрондық үкімет порталы арқылы көрсетілді;

13)       «Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну» бойынша 110 қызмет көрсетілді, оның ішінде ЭҮП (Электрондық үкімет порталы) арқылы-110;

14)       «Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу» бойынша 93 қызмет көрсетілді, оның ішінде ХҚКО арқылы – 0, ЭҮП (Электрондық үкімет порталы) арқылы-93;

15)       «Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру» бойынша өтініш түскен жоқ;

16)       «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың есептік жазбасы туралы үзінді беру» бойынша өтініш түскен жоқ;

17)       «Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге шешім беру)» бойынша 8 қызмет көрсетілді;

2.Неғұрлым талап етілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат

Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекiту;

Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу;

Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;

Жер учаскесін алу үшін кезекке қою;

Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру;

Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну;

Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу.

3.Қызмет алушылармен жұмыс

1) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер:- Ерейментау ауданы әкімінің сайты, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімі;

2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын жария талқылау туралы ақпарат-жария талқылаулар 2023 жылы өткізілген жоқ;

3) мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар-мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде алу мүмкіндіктері туралы ақпарат жарияланды.

Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.

1) «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығының қабылдауына байланысты.

4.Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау

1) Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызмет алушылардың шағымдары туралы ақпарат:

- 2 шағым түсті; 2) 2023 жылы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен профилактикалық бақылау жүргізілді.

3) мемлекеттік қызмет көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің нәтижелері

- мониторинг жүргізілген жоқ.

Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттануын арттыру.

Қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттану деңгейін арттыру мақсатында бөліммен мақсатты жұмыстар жүргізілуде. 2024 жылға бөлімде Мемлекеттік қызмет көрсету сапасының барлық параметрлерін жақсарту бойынша іс-шаралар жоспары бекітілді.

- Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзуға жол бермеу;

-стендтер, БАҚ және ресми Интернет-ресурстар арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы халықты уақтылы хабардар ету, ХҚКО мамандарымен, Мемлекеттік мекемелердің басшыларымен семинарлар өткізу.

- көрсетілетін қызметті алушыларды "электрондық үкімет" порталы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы танымал ету және хабардар ету жөніндегі іс-шараларды жүргізу;

- Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру.

 

«Ерейментау ауданының

жер қатынастары, сәулет

және қалақұрылысы

бөлімі» ММ басшысы                                                               Е.В. Олексиенко

Дата публикации
20 февраля 2024
Дата обновления
20 февраля 2024
Тип
Есеп

Сейчас читают

Ақпарат
22 октября 2026
Ақпарат
21 октября 2026
Инфографики
21 октября 2026
Қазақстан Республикасы мәслихаттар депутаттарын сайлау туралы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы