
2022 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша
«Ерейментау ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ-сі қызметінің есебі
1.Жалпы ережелер.
«Ерейментау ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ, Ерейментау қаласы, Құанбаев көшесі, 121, тел: 21563,22932.
2022 жылы мемлекеттік қызмет көрсету реестріне сәйкес бөліммен мемлекеттік қызметтің 1 түрі ғана көрсетілді.
Оның ішінде:
- ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне, Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну
Жылдық есеп қоса беріледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 72 бұйрығы бекітілген. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылы 1 қазанда № 21345 болып тіркелді
Қызмет алушылармен жұмыс.
2.Мемлекеттік қызмет көрсету үрдістерін дамыту бойынша қызмет:
жылдың қантар айынан бастап халыққа қызмет электрондық портал "EGOV.KZ"және" Фарги " ақпараттық жүйесі арқылы көрсетіледі.
2)Мемлекеттік қызмет көрсету үрдістерін нормативтік – құқықтық жетілдіру болған жоқ.
3.Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау:
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қызмет алушының қанағаттануының жоғарлауы мен келешектегі тиімділігі:
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қызмет алушының қанағаттану көрсеткішін жоғарлату мақсатында, бөліммен нысаналы жұмыстар өткізілуде. 2022 жылы бөлімде мемлекеттік қызмет көрсету ұсынысы сапасының барлық параметрлерін жақсарту бойынша іс-шаралар жоспары бекітілді.
- мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін бұзуды болдырмау;
- мемлекеттік мекемелер басшыларымен, Ерейментау қаласы және ауылдық округтер, ауыл әкімдері мен мамандары, ХҚКО мамандарымен мемлекеттік семинар өткізу, БАҚ және ресми интернет-көздері арқылы қызмет көрсету тәртібі туралы тұрғындарды уақытылы ақпараттандыру
- мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің санатын жоғарлату.
Бөлім басшысы Қ.С. Мұқышев