
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша Ақмола облысының «Ерейментау ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-сі 2022 жылғы есебі.
1) Қызмет беруші туралы мәлімет: Ерейментау қаласы, «Ерейментау ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-сі, Мұсабаев көшесі 15, тел: 2-41-08.
2) Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат:
4 - түрлі мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу-613.
Жұмыссыз ретінде тіркелгендігі туралы анықтама беру-0.
Жұмыссыздарды тіркеу-323.
Жұмыспен қамтуға жәрдемдеудің белсенді белсенді шараларына қатысуға жолдама беру-180
- Барлық қызметтер тегін көрсетіледі, ақылы қызметтер жоқ;
- Барлығы 1116 қызмет, электрондық түрде 1116 қызмет, қағаз түрінде -0 қызмет ұсынылды.
Қызмет алушылармен жұмыс.
1) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпараттар «Ерейментау ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-сі ақпараттық стендтерінде бастау алады.
2) Тұрғындармен түсіндірме жұмыстар жүргізілді.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесстерін жетілдіру бойынша қызметі.
1) 2022 жылы «Электронды еңбек биржасы» қызмет көрсету процесі автоматтандырылды.
2) Тұрғындар арасында ЭЕБ арқылы жұмыс істеу туралы түсіндірме жұмыс белсенді жүргізілді.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің ішкі бақылау көрсеткіші: барлық қызмет түрі көрсетілді. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі бұзылған жоқ.
2022 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау мен бағалау жөніндегі уәкілетті орган тексеру жүргізбеген.
2022 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізілмеген.
Қызмет алушыны қызмет ұсыну сапасымен қанағаттандыру үшін мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту және тиімділігін арттыру.
Бөлімде қызмет алушыға мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын жоғарлату мақсатында жұмыстар жүргізіледі:
Орталық директоры Тугельбаев Ж.