Логотип Акимата Ерейментауского района

Меню

Страницы

Статья

2022 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі «Ерейментау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ қызметінің есебі

 

2022 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі  «Ерейментау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ қызметінің  есебі

 

І.Жалпы ережелер.

1) Қызмет көрсетуші туралы мәліметтер.

            «Ерейментау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ, Ерейментау қаласы, А. Құнанбаев көшесі 103, тел: 8(716 33) 2-40-90, 2-11-73, 2-18-98, 2-19-64.

2) Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат.

Мемлекеттік қызмет тізіліміне сәйкес 2022 жылы 24 түрі бойынша бөліммен  2141 қызмет  көрсетілді, оның ішінде:

            -әлеуметтік салада мемлекеттік қызметтің 14 түрінен 841 қызмет, оның ішінде: Мемлекеттік корпорация арқылы- 6 түрінен 92қызмет, электрондық нысанда      7 түрі бойынша 371 қызмет, қағаз нысанда 1 түрінен 377 қызмет көрсетілді, электронды түрде көрсетілетін қызмет көрсетушілердің ақпараттық жүйесі арқылы көрсетілген                   1 қызмет. Барлық қызмет тегін көрсетіледі, ақылы қызмет түрлері жоқ;

-тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында «Тұрғын үй көмегін тағайындау» қызметі бойынша 12 қызмет,  барлығы электрондық үкімет порталы арқылы. Қызмет тегін көрсетіледі;

            -азаматтық хал актілерін тіркеу мәселелері бойынша 8 түрінен 1143, оның ішінде Мемлекеттік корпорация  арқылы 6 түрінен 434, электрондық нысанда 6 түрінен 601  қызмет көрсетілді, бөлімнің ақпараттық жүйесі арқылы үш түрі бойынша  108 қызмет. Тегін  528 қызмет, ақылы 615 қызмет көрсетілді.

            Жұмыспен қамту саласында еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру, ұзарту  бойынша 145 қызмет, Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілді.

             Жалпы бөліммен көрсетілген 2141 мемлекеттік қызметтің  ішінде – электронды үкімет порталы арқылы -984 қызмет (46%), Мемлекеттік корпорация арқылы 671 қызмет (31,3%),  қағаз нысанда – 377 (17,6%) қызмет көрсетілді, қызмет көрсетушілердің ақпараттық жүйесі арқылы 109 қызмет (5,1%)көрсетілген.

            Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртіптері бұйрықтармен бекітілді:

 Әлеуметтік саласындағы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 26 «Мүгедектердi оңалтудың кейбiр мәселелерi туралы».

  • "Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды жеке көмекшінің қызметімен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу"; 
  • "Естуі бойынша мүгедектігі бар адамдар үшін ымдау тілі маманының қызметімен мүгедектігі бар адамдарды қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу";
  • "Мүгедектігі бар адамдарды және мүгедектігі бар балаларды санаторий-курорттық емделумен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу"
  • "Мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу";
  • "Мүгедектігі бар адамдарды техникалық көмекші (орнын толтырушы) қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу";

6)"Мүгедектігі бар адамдарды арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу"

 

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы  25 наурыздағы № 84 «Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» бұйрығы

7)"Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру";

8) "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау ";

9) "Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу";

 

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 28 ақпандағы № 78 «Ақталған адамға куәлік беру қағидаларын және ақталған адам куәлігінің үлгісін бекіту туралы» бұйрығы

            10) "Ақталған адамға куәлік беру";

 

    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы  5 мамырдағы № 320 "Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау және төлеу және кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы ұсыну қағидаларын бекіту туралы" бұйрығы

  • Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау;
  • Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын ақпарат беру;

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 28 мамырдағы № 197 бұйрығы «Арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы.

  • Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу;
  • Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу;

            тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 16 қазандағы № 539  «Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» бұйрығы

15) Тұрғын үй көмегін тағайындау

азаматтық хал актілерін тіркеу мәселелері

 Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 112 "Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, күшін жою тәртібі қағидаларын бекіту туралы".

16) Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;

17) Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;

18) Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;

19) Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;

20) Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;

21) Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру;

22) Азаматтық хал актілері жазбаларын жою;

23) Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру;

Жұмыспен қамту саласында

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 15 сәуірдегі № 123 «Еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы

            24) «Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру, ұзарту және кері қайтарып алу».

3)Көрсетілген қызметтердің жалпы санынан аса талап етілетін мемлекеттік қызметтер:

- Бала тууды тіркеу,  оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу  -571 қызмет немесе 26,7 %;

-Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру- 380 қызмет немесе 17,7%;

- Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау – 377  қызмет немесе 17,6 %;

- Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру, ұзарту және кері қайтарып алу – 145 қызмет немесе 6,8%;

- Мүгедектерді техникалық қосымша (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу – 132  қызмет немесе 6,2%.

ІІ. Қызмет алушылармен жұмыс. 

1) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат көздері  «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі» ММ, «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ,  ауыл, ауылдық округ және Ерейментау қаласының әкімдіктерінің, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Ерейментау ауданы бойынша филиалы  ХҚКО-ның   стендтері  және Ерейментау ауданы әкімінің вебсайты болып табылады.

2) Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін айқындайтын бағынысты нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша қоғамдық талқылаулар өткізілген жоқ;

3) Мемлекеттік қызмет көрсету үрдістерінің айқындығын қамтамасыз етуге бағытталған, өткізілген іс-шаралар: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Ерейментау ауданы бойынша филиалы ХҚКО мамандарымен                     2 семинар өткізілді, «Ерейментау-ақпарат» аудандық газетінде мемлекеттік және орыс тілдерінде 1 мақала жарияланды, 24 мақала әлеуметтік желілерде Ерейментау ауданы әкімдігінің  Instagram парақшасында жарияланды (ereymentau_audan_akimdigi).

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету үрдістерін жетілдіру бойынша қызмет.

1) Мемлекеттік қызмет көрсету үрдістерін автоматтандыру жүргізілген жоқ.

2) Мемлекеттік қызмет көрсету және сапасын жақсарту мәселелері бойынша  2022 жылы біліктілігін арттырған мамандар жоқ.

4.Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау:

1) «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік  көмек тағайындау» мемлекеттік қызметі бойынша бір алушыдан шағым түсті, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің маманымен бақылау жүргізіліп, бөлімнің мамандары тарабынан бұзушылықтар анықталған жоқ, ауылдық округ әкімшілігінің маманы тәртіптік жазаға тартылды;

2) Ерейметау ауданы әкімдігінің мемлекеттік қызмет көрсетуді  үйлестіру бөлімімен мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасына ішкі бақылау 2022 жылғы 04-07 шілде аралығында жүргізілді, бұзушылықтар анықталған жоқ;

3) Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін бұзу және негізсіз бас тарту болған жоқ. Мемлекеттік қызмет алу үшін мүмкіндіктері шектеулі азаматтарға, олардың мемлекеттік қызмет алуына бөлімде барлық жағдай жасалған. Бөлімде, ауыл, ауылдық округтер және Ерейментау қаласы әкім аппраттарында, аудан әкімінің ресми интернет –ресурсінің «Мемлекеттік қызмет» бөлімінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпараттарды өзектендіру жүргізіледі.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері бұзылған жоқ.

2)Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі өкілетті органмен тексеру өткізілген жоқ.   

3) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізілген жоқ.

            Тиімділікті одан  әрі дамыту және қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасымен қанағаттануын жақсарту.

            Қызмет алушылардың  мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту мен қанағаттануы деңгейін арттыру үшін бөліммен мақсатты жұмыстар жүргізілуде.  Мемлекеттік қызмет көрсету сапасынның барлық өлшемдерін жақсарту  бойынша:

-мемлекеттік қызмет көрсету  мерзімдерін бұзуға жол берілмеуі;

-мемлекеттік мекемелер басшылары, Ерейментау қаласының және ауыл, ауылдық округтер әкімдері мен мамандары, Мемлекеттік корпорация мамандарымен семинарлар өткізу, ресми интернет-ресурстары және БАҚ, стендтер арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы халықты уақытылы ақпараттандыру;

- мемлекеттік қызметтер бойынша нормативтық-құқықтық актілерге мониторинг жүргізу;

- «Электрондық үкімет» порталы, Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін  мемлекеттік қызметтер үлесін арттыру (түсіндіру шаралары);

-мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктіліктерін арттыру.

Мемлекеттік қызмет сапасы мен уақыттылығы үнемі бақылауда.   

 

            Бөлім басшысы                                         М.Л.Сердцева

 

есепті жүктеу

Дата публикации
20 февраля 2023
Дата обновления
20 февраля 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
22 октября 2026
Ақпарат
21 октября 2026
Инфографики
Ақпарат
14 октября 2026
Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы