2025 жылдың екінші жартыжылдығында аудандық маңызы бар қалалар, ауылдық округтер мен ауылдар әкімдерінің тұрақты беру кездесулерінде тұрғындар тарапынан айтылған
ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын
2026 жылғы 01 қантарға орындалуы туралы ақпарат
Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы № 826 Жарлығын орындау шеңберінде жарты жылда бір рет Ерейментау ауданының барлық деңгейдегі әкімдерінің ауылдардың, ауылдық округтердің және Ерейментау қаласының тұрғындарымен тұрақты кездесулері өткізіледі.
2025 жылғы 07 қазаннан 24 қазанға дейін Ерейментау ауданының барлық деңгейдегі әкімдерінің «2025 жылдың 9 айындағы өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2026 жылға арналған жоспарлар туралы» халықпен тұрақты кездесулері өтті.
Ерейментау қаласының орталық, шағын ауылдарында және шағын аудандарында барлығы 51 тұрақты кездесу жоспарланып, өткізілді, оған барлығы 1780 адам қатысты, 23 адам сөз сөйледі. Әкімдермен тұрақты кездесулерге дейін және одан кейін азаматтарды жеке қабылдау өткізілді, барлығы 51 қабылдау.
Ағымдағы жылы аудан әкімінің, ауыл, ауылдық округ және Ерейментау қаласы әкімдерінің атына өткізілген тұрақты кездесулерде ешқандай сын-ескертпелер болған жоқ.
Барлығы 23 ұсыныс енгізілді. Аудан тұрғындарын толғандыратын негізгі автомобиль жолдарын жөндеу, елді мекендердің көшелерін жарықтандыру, Елді мекендердегі су құбыры желілерін жөндеу, жұмысқа орналастыру, жер қатынастары т. б. мәселелер көтерілді.
Тұрақты кездесулердің қорытындысы бойынша барлық 23 ұсыныс қаралып, 7 мәселе бақылауға алынды, қаржыландыру жергілікті бюджет:
Кезекті тұрақты кездесулер 2026 жылдың сәуір айында жоспарланған, осы уақытқа дейін биылғы тұрақты кездесулерде қойылған барлық мәселелер бойынша пысықтау қажет.
Бөлім басшылары, қалалық округ әкімдері өңіріміздің проблемаларын шешуге жауапкершілікпен қарасын, халықпен тұрақты кездесулерде айтылған ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру жөніндегі жоспардың орындалуы бойынша сапалы ақпаратты уақтылы ұсынсын, аудан тұрғындарын БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етсін.
Ерейментау ауданының әкімі Н. Мұқатов