Қазақстан Республикасының Ақмола облысы Ерейментау ауданы өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатқан Өлеңті ауылдық округінің әкімін сайлау
2026 жылғы « 1» наурыз
Ерейментау ауданы Өлеңті ауылдық округі әкіміне кандидатты тіркеудің күшін жою туралы Ерейментау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
№ 25/85 ШЕШІМІ
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-6-бабы 1-тармағына сәйкес және Өлеңті ауылдық округінің әкіміне кандидат – Т.Ж.Мамбетовтың жазбаша өтініші негізінде Ерейментау аудандық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Өлеңті ауылдық округі әкіміне кандидат Талапкер Жақсыгелдіұлы Мамбетовтың тіркелуінің күші жойылсын.
2. Аудандық сайлау комиссиясының ресми интернет - ресурсында Өлеңті ауылдық округі әкіміне кандидат - Талапкер Жақсыгелдіұлы Мамбетовтың тіркеудің күшін жою туралы хабарлама жариялансын.
3. Ақмола облыстық сайлау комиссиясына Өлеңті ауылдық округі әкіміне кандидат – Талапкер Жақсыгелдіұлы Мамбетовтың тіркеудің күшін жою туралы шешім жіберілсін.
Сайлау комиссиясының төрайымы Жүсіпова З.Б.
Сайлау комиссиясының хатшысы Мамбеталина Г.Б.
2026 жылғы 14 ақпан