2025 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі «Ерейментау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ қызметінің есебі
І.Жалпы ережелер.
1) Қызмет көрсетуші туралы мәліметтер.
«Ерейментау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ, Ерейментау қаласы, А. Құнанбаев көшесі 103, тел: 8(716 33) 2-11-73, 7-90-50, 2-18-98, 2-19-64.
2) Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат.
Мемлекеттік қызмет тізіліміне сәйкес 2025 жылы 18 түрі бойынша бөліммен 1029 қызмет көрсетілді, оның ішінде:
-әлеуметтік салада мемлекеттік қызметтің 15 түрінен 916 қызмет, оның ішінде: Мемлекеттік корпорация арқылы- 5 түрінен 21 қызмет, электрондық нысанда 13 түрі бойынша 541 қызмет, электронды түрде қызмет алушымен тікелей байланыста қызмет көрсетушінің ақпараттық жүйелері арқылы 3 қызмет түрі бойынша 354 қызмет.
Барлық қызмет тегін көрсетіледі, ақылы қызмет түрлері жоқ;
-тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында - «Тұрғын үй сертификаттарын беру» және «Тұрғын үй көмегін тағайындау» қызметтері бойынша 6 қызмет, барлығы электрондық үкімет порталы арқылы көрсетілді. Қызмет тегін көрсетіледі;
жұмыспен қамту саласында еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар беру және ұзарту қызметі бойынша 107 қызмет Мемлекеттік корпорация арқылы 104 қызмет, электрондық үкімет порталы арқылы 3 қызмет көрсетілді.
Жалпы бөліммен көрсетілген 1029 мемлекеттік қызметтің ішінде – электронды үкімет порталы арқылы 550 қызмет (53,4%), Мемлекеттік корпорация арқылы 125 қызмет (12,1%), қызмет көрсетушінің ақпараттық жүйесі арқылы 354 қызмет (34,4%)көрсетілген.
Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртіптері келесі 13 заңға тәуелді ақтілермен бекітілді:
көмекшінің қызметімен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу»; Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 288 «Мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін жеке көмекшінің қызметтерін ұсыну қағидаларын бекіту туралы»;
қызметімен мүгедектігі бар адамдарды қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу», Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 286 «Мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес есту кемістігі бар мүгедектігі бар адамдар үшін ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну қағидаларын бекіту туралы»;
3) «Мүгедектігі бар адамдарды және мүгедектігі бар балаларды санаторий-курорттық емделумен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу», Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 283 «Мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларға санаторийлік-курорттық емдеуді ұсыну қағидаларын бекіту туралы»;
4) «Мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу»;
қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу»;
етуге құжаттарды ресімдеу»
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 287 «Мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен, оларды ауыстыру мерзімдерін қоса алғанда, қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы»;
адамдарға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу», Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 15 қарашадағы № 427 «Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдарға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы» ;
мүлкіне билік ету, шотына түскен зейнетақыларды, жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді алу бойынша және соттың шешімімен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған азаматтардың мүлкін иеліктен шығаруға рұқсат беру», Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 15 қарашадағы № 428 «Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамның мүлкіне билік ету, шотына түскен зейнетақыларды, жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді алу бойынша және соттың шешімімен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған азаматтардың мүлкін иеліктен шығаруға рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы»;
9) «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру»;
10) «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж адамдардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау»;
11) «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» қызметтері бойынша, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 «Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» бұйрығы;
12) «Ақталған адамға куәлік беру»; Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 28 ақпандағы № 78 «Ақталған адамға куәлік беру қағидаларын және ақталған адам куәлігінің үлгісін бекіту туралы»;
13)«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау», Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 21 маусымдағы № 227 «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы»;
14) «Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге орталықтарында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу», Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 28 мамырдағы № 197 бұйрығы «Арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы»;
15) «Тұрғын үй көмегін тағайындау», Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 «Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы»;
16) «Тұрғын үй сертификаттарын беру», Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 417 «Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларын бекіту туралы», Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 30 мамырдағы №187 «Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен күші жойылған;
17) «Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру, ұзарту және кері қайтарып алу», Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 15 сәуірдегі № 123 «Еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу қағидаларын бекіту туралы».
18) «Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды автокөлікпен тасымалдау (инватакси)». Ереже бекітілмеген.
3.Көрсетілген қызметтердің жалпы санынан аса талап етілетін мемлекеттік қызметтер:
- Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау – 503 қызмет немесе 48,9 %;
- Мүгедектігі бар адамдарды техникалық қосымша (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу – 129 қызмет немесе 12,5%;
- Мүгедектігі бар адамдарды және мүгедектігі бар балаларды санаторийлік-курорттық емделумен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу – 119 қызмет немесе 11,6%;
- Еңбекші көшіп келушіге рұқсаттару беру және ұзарту – 107 қызмет немесе 10,4%;
ІІ. Қызмет алушылармен жұмыс.
1) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат көздері «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі» ММ, ауыл, ауылдық округ және Ерейментау қаласының әкімдіктерінің, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Ерейментау ауданы бойынша бөлімінің стендтері және Ерейментау ауданы әкімінің вебсайты болып табылады.
2) Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін айқындайтын бағынысты нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша қоғамдық талқылаулар өткізілген жоқ;
3) Мемлекеттік қызмет көрсету үрдістерінің айқындығын қамтамасыз етуге бағытталған, өткізілген іс-шаралар: бөлімнің Facebook әлеуметтік желі парақшасында 20 мақала, аудандық «Ерейментау Арнау» баспасөз бетінде 4 мақала жарияланды, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Ерейментау ауданы бойынша бөлімінің мамандарымен 2 семинар өткізілді, Ерейментау ауданы әкімдігінің әлеуметтік желіде Instagram (ereymentau_audan_akimdigi) парақшасында тікелей эфир арқылы бір түсіндірме жұмыс жүргізілді;
4) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексінің 73 бабына сәйкес бас тартылған өтініштер бойынша қызметалушыларға өз ұстанымдарын білдіруге мүмкіндік беріліп 42 тыңдау өткізілді.
1) Мемлекеттік қызмет көрсету үрдістерін автоматтандыру жүргізілген жоқ.
2) Мемлекеттік қызмет көрсету және сапасын жақсарту мәселелері бойынша 2025 жылғы 19-23 мамыры аралығында бөлімнің бір бас маманы К.Б.Айдапкелова «Мемлекеттік аппаратта бюрократиядан арылу және мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру» тақыбы бойынша біліктілігін арттыру курсынан өтті.
4.Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау:
2) Қызмет көрсетудің сапасына ішкі бақылау жүргізілген жоқ.
3) Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін бұзу және негізсіз бас тарту болған жоқ.
Мемлекеттік қызмет алу үшін мүмкіндіктері шектеулі азаматтарға, олардың мемлекеттік қызмет алуына бөлімде барлық жағдай жасалған. Бөлімде, ауыл, ауылдық округтер және Ерейментау қаласы әкім аппраттарында, аудан әкімінің ресми интернет –ресурсінің «Мемлекеттік қызмет» бөлімінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпараттарды өзектендіру жүргізіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері бұзылған жоқ.
2)Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі өкілетті органмен тексеру өткізілген жоқ.
3) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізілген жоқ.
Тиімділікті одан әрі дамыту және қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасымен қанағаттануын жақсарту.
Қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту мен қанағаттануы деңгейін арттыру үшін бөліммен мақсатты жұмыстар жүргізілуде. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасынның барлық өлшемдерін жақсарту бойынша:
-мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзуға жол берілмеуі;
-мемлекеттік мекемелер басшылары, Ерейментау қаласының және ауыл, ауылдық округтер әкімдері мен мамандары, Мемлекеттік корпорация мамандарымен ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын өткізу, ресми интернет-ресурстары және БАҚ, стендтер арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы халықты уақытылы ақпараттандыру;
- мемлекеттік қызметтер бойынша нормативтық-құқықтық актілерге мониторинг жүргізу;
- «Электрондық үкімет» порталы, Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер үлесін арттыру (түсіндіру шаралары);
-мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктіліктерін арттыру;
- бөлімде ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін қолжетімді өзіне өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді.
Мемлекеттік қызмет сапасы мен уақыттылығы үнемі бақылауда.
Бөлім басшысының м.а. Ж.Амирова