"Ерейментау ауданының экономика және қаржы бөлімі" ММ-нің 2025 жылғы Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызметінің есебі
1) Қызмет беруші туралы мәлімет.
«Ерейментау ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ, Ерейментау қаласы, Құанбаев көшесі, 121, тел: 21563,22932.
2) Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат.
2025 жылы мемлекеттік қызмет көрсету реестріне сәйкес бөліммен мемлекеттік қызметтің 1 түрі ғана көрсетілді. Оның ішінде:
- ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне, денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну
Жылдық есеп қоса беріледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 72 бұйрығы бекітілген. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылы 1 қазанда № 21345 болып тіркелді
Қызмет алушылармен жұмыс.
1) Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін автоматтандыру - 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік қызмет EGOV.KZ электрондық портал және "Фагри" ақпараттық жүйесі арқылы көрсетілді, 2023 жылғы 1 сәуірден бастап қызмет "Баспана" "Ауылдық ипотека" ақпараттық порталы арқылы көрсетіледі.
2) Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін нормативтік-құқықтық жетілдіру-жоқ.
1) Мемлекет қызмет көрсетудің ішкі бақылау көрсеткіші: барлығы 37 қызмет көрсетілді. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі бұзылған жоқ.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдері бұзылған жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қызмет алушының қанағаттануының жоғарлауы мен келешектегі тиімділігі:
Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттану деңгейін арттыру мақсатында бөліммен мақсатты жұмыс жүргізілуде, 2025 жылы бөлімде мемлекеттік қызмет көрсету сапасының барлық параметрлерін жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді.
- мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін бұзуды болдырмау;
- мемлекеттік мекемелер басшыларымен, Ерейментау қаласы және ауылдық округтер, ауыл әкімдері мен мамандары, ХҚКО мамандарымен мемлекеттік семинар өткізу, БАҚ және ресми интернет-көздері арқылы қызмет көрсету тәртібі туралы тұрғындарды уақытылы ақпараттандыру
- мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің санатын жоғарлату.
Бөлім басшысы Қ.С. Мұқышев