Ерейментау ауданының "Ерейментау қала әкімінің аппараты" ММ-нің 2025 жылға арналған Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызметінің есебі
Мемлекеттік қызметтердің саны – 5 түрі бойынша:
– «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» – 2.
– «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою» – 159.
– «Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту» – 8.
– «Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқық беру» - 24
«Жер учаскесін жеке меншікке ақысын төлеп бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату» - 0.
Барлық қызметтер тегін көрсетіледі, ақылы қызметтер жоқ;
Электрондық нысанда – 193, қағаз нысанда – 0 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
– Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы бұйрығымен «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру», «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату», «Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілді.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі бұзылмаған.
3) 2025 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау жүргізілді.
4) 2025 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізілмеген.
Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттануын арттыру.
Бөлімде қызмет алушыға мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын жоғарлату мақсатында жұмыстар жүргізіледі:
– мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің бұзылуын жібермеу
– бұқаралық ақпараттар мен ақпараттық стендтер арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы халыққа уақытымен ақпарат беру;
– мемлекеттік қызмет көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін жоғарылату.
Ерейментау қаласының әкімі Т. Ахметов