Ерейментау ауданының "Өлеңті ауылдық әкімінің аппараты" ММ-нің 2025 жылға арналған Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызметінің есебі

 

Ерейментау ауданының "Өлеңті ауылдық әкімінің аппараты" ММ-нің 2025 жылға арналған Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызметінің есебі

  1. Жалпы ереже

1)  Қызмет беруші туралы мәлімет:

Ақмола облысы Ерейментау ауданы «Өлеңті ауылдық округінің әкімі аппараты» ММ-сі, Өлеңті ауылы, Тың көшесі, №1А, тел: 8 7163336135; 87163336215

2)  Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат:

2025 жылы 6 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетілді.

- «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» - 1 ЭТАП - жеке тұлғалар-1, заңды тұлғалар-1; негізгі бас тартулар – 0;

- «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» - 2 ЭТАП – жеке тұлғалар-1, заңды тұлғалар-1; негізгі бас тартулар – 0;

- «Жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» - 0

- "Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру" - 0

- «Жер учаскесін жекеменшікке бөліп төлеуге сату» - 0

- «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою» - 0

- «Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту» - жеке тұлғалар-1, заңды тұлғалар-2

- өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы - 237

- Барлық қызметтер тегін көрсетіледі, ақылы қызметтер жоқ;

 - электронды түрде көрсетілген мемлекеттік қызмет - жеке тұлғалар-2, заңды тұлғалар-4, қағаз түрінде – 1, мемлекеттік корпорация арқылы - 0.

- Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы №301 бұйрығымен бекітілген "Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу" Мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары

  1. Қызмет алушылармен жұмыс.

1) Мемлекеттік қызмет  көрсету тәртібі туралы ақпараттар ауыл әкімшілігінің ақпараттық  стендтерінде бастау алады.

2) Тұрғындармен түсіндірме жумыстар жүргізілді.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету процесстерін жетілдіру бойынша қызметі.

1) 2025 жылы мемлекеттік қызмет көрсету процестерін автоматтандыру жүргізілді.

2) 2025 жылы ауыл әкімі аппаратының қызметшілері  аудандық-семинар кеңестерге қатысып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

3) Қызмет көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру мемлекеттік қызметтер болған жоқ.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.

1) Ақпарат қоса беріледі.

2) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылау  қорытындысы: жалпы қызмет көрсетілген саны – жеке тұлғалар-3, заңды тұлғалар-4,  электрондық үкімет порталы арқылы көрсетілген қызметтер - жеке тұлғалар-4, заңды тұлғалар-2, қағаз түрінде –1; мемлекеттік корпорация арқылы - 0.

 Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі бұзылған жоқ.

3) 2025 жылы уәкілетті орган Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау бойынша тексеру жүргізді

4) 2025 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізілген жоқ.

Қызмет алушыны қызмет ұсыну сапасымен қанағаттандыру үшін мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту және тиімділігін арттыру.

         Қызмет алушыға мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын жоғарлату мақсатында жұмыстар жүргізіледі:

-  мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің бұзылуын жібермеу;

-  бұқаралық ақпараттар мен  ақпараттық стендтер арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы халыққа уақытымен ақпарат беру;

-  мемлекеттік қызмет көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін жоғарлату.

 

Өлеңті ауылдық округінің әкімі м.а.                                                  А.Мұстафина                                      

 

Ерейментау ауданының "Өлеңті ауылдық әкімінің аппараты" ММ-нің 2025 жылға арналған Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызметінің есебі
Дата публикации
12 февраля 2026