"Ерейментау ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ-нің 2025 жылғы Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызметінің есебі
Жалпы мәліметтер
"Ерейментау ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі"мемлекеттік мекемесі. Орналасқан жері: Ақмола облысы, Ерейментау қаласы, Абай Құнанбаев көшесі 115 үй, телефон 2-23-41.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы №15424; 2014 жылғы 28 маусымдағы №725; ауыл шаруашылығы министрінің 06.05.2015 жылғы №4-3/421; 2015 жылғы 6 мамырдағы №4-3/423; 2015 жылғы 8 маусымдағы №15-1/522; 2015 жылғы 6 мамырдағы №4-2/419; 2015 жылғ ы 6 мамырдағы №4-4/305; 2015 жылғы 06.04.2015 жылғы №4-2/664; 06.04.2015 жылғы №4-4/306; 06.05.2015 жылғы № 4-3/423; 19.11.2014 жылғы № 3-1/600 қаулыларына сәйкес жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметтердің 4 түрі бекітілді.
Мемлекеттік қызметтер Тізіліміне сәйкес 2025 жылы бөліммен мемлекеттік қызметтердің 5 түрі көрсетілді. 2025 жылы барлығы 690 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:
Мемлекеттік корпорациядан -62 қызмет
ЭҮП (Электрондық үкімет порталы) – 587 қызмет;
"Е-Лицензиялау" МДҚ - 0 қызмет
қағаз түрінде - 41 қызмет
Ақылы негізде 0 қызмет түрі көрсетілді.
Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналарын, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), тіркеу есебінен алу және олар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру – 328.
Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу), өзгерістер мен толықтыруларды (оның ішінде, меншік құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру, кейіннен кепілге (қайталама кепілге) салу) және тіркелген кепілдің қолданысын тоқтату, сондай-ақ кепілді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе телнұсқаны беру – 62.
Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру – 112.
Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу – 147
Тракторлар мен олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналардың кепілінің (немесе өзге де ауыртпалықтардың) болуы (болмауы) туралы ақпарат беру -41.
Ең сұранысқа ие 5 мемлекеттік қызмет:
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат көздері ауыл шаруашылығы бөліміндегі ақпараттық стендтер, сондай-ақ аудан әкімінің веб-сайты болып табылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету үрдісінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған өткізілген іс-шаралар.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызмет алушылардың шағымдары туралы ақпарат-шағымдар түскен жоқ;
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері: барлығы 690 қызмет көрсетілді, оның ішінде Мемлекеттік корпорация арқылы - 62, ЭҮП-587, "Е - Лицензиялау" МДҚ-0 қызмет; қағаз нысанда-41.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі бұзылмаған.
2024 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органмен тексеру өткізілген жоқ.
2024 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізілген жоқ.
Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттануын арттыру.
Қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттану деңгейін арттыру мақсатында бөліммен мақсатты жұмыстар жүргізілуде.
- мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзуға жол бермеу;
- халықты стендтер, БАҚ және ресми интернет-ресурстар арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы уақтылы хабардар ету, ХҚКО мамандарымен, ауылдық округ әкімдерімен және ауданның ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшыларымен семинарлар өткізу;
- мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру;
Бөлім басшысы Жүнісова Г.И.