Сообщение Ерейментауской районной территориальной избирательной комиссии о регистрации кандидатов в акимы Койтасского и Улентинского сельских округов Ерейментауского района

Ерейментау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының Ерейментау ауданы Қойтас және Өлеңті ауылдық округтері әкімдеріне кандидаттарды тіркеу туралы хабарламасы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5-бабына сәйкес келіп түскен құжаттарды қарап, Ерейментау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 5 ақпандағы Қойтас және Өлеңті ауылдық округтері әкімдеріне кандидаттарды тіркеу туралы шешімдері негізінде кандидаттардың тіркелгені туралы хабарлаймыз:  

 Қойтас ауылдық округі:

  1. Әлжанова Алмагүл Мейрамқызы- 1980 жылы туған, "Ерейментау ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ басшысы, Ерейментау қаласында тұратын, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
  2. Ахметов Имаш Кабидуллашович – 1975 жылы туған, «Қойтас ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ әкімі, Ажы ауылында тұратын, «AMANAT» партиясынан ұсынылды.
  3. Сәулебаев Мейрам Қаеркенұлы - 1987 жылы туған, "Ерейментау ауданы әкімінің аппараты" ММ жұмылдыру бөлімінің басшысы, Ерейментау қаласында тұратын, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.

Өлеңті ауылдық округі:

  1. Ершова Мария Леонидовна – 1987 жылы туған, уақытша жұмыс істемейді, Торғай ауылында тұратын, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
  2. Исенова Қарлығаш Бауржанқызы – 1983 жылы туған, уақытша жұмыс істемейді, Ерейментау қаласында тұратын, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
  3. Мамбетов Талапкер Жақсыгелдіұлы – 1981 жылы туған, уақытша жұмыс істемейді, Астана қаласында тұратын, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
  4. Сұлтанова Сәуле Уәлиханқызы - 1971 жылы туған, «Қ. Құлажанов атындағы қазақ технология және бизнес университеті» АҚ оқытушысы, Астана қаласында тұратын, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.

Ерейментау аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сообщение Ерейментауской районной территориальной избирательной комиссии о регистрации кандидатов в акимы Койтасского и Улентинского сельских округов Ерейментауского района
Дата публикации
06 февраля 2026