Ақмола облысы Ерейментау ауданы Қойтас және Өлеңті ауылдық округтерінің әкімі болуға кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы хабарлама
2026 жылғы 3 ақпанда сағат 18.00-де Ерейментау ауданы Қойтас және Өлеңті ауылдық округтерінің әкімі болуға кандидаттарды ұсыну кезеңі аяқталды.
Қойтас ауылдық округ бойынша барлығы 4 кандидат ұсынылды, оның ішінде 3 (75 %) - өзін-өзі ұсынды, 1 (25%) - «AMANAT» саяси партиясынан ұсынды.
Қазақстан Республикасының заңнамасында әкім лауазымына кандидаттарға қойылатын талаптарға сәйкес келмеуіне байланысты 2026 жылғы 30 қаңтардағы №02-07/473 Мемлекеттік қызмет істер жөніндегі агенттігінің хатының негізінде бір кандидаттың кандидатурасы алынып тасталды.
Орташа бәсекелестік - 3 адам.
Өлеңті ауылдық округ бойынша барлығы 5 кандидат ұсынылды, олардың ішінде өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған - 5 (100%)
Орташа бәсекелестік - 5 адам.
Қазіргі уақытта ұсынылған кандидаттардың заңнамаға сәйкестігін анықтау және оларды тіркеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр, тіркеу 2026 жылғы 18 қаңтарда сағат 18.00-де аяқталады.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5 бабы 9 тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеу қорытындысы туралы ақпарат ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.