Кандидаттарға арналған үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін баспа алаңын ұсыну шарттары мен төлем мөлшері туралы мәліметтер

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 28-бабының 3-тармағына сәйкес «Ерейментау арнасы» «Ереймен» және «Ривер» газетінің редакциялары сайлау алдындағы жұмыс үшін ақпараттық хабарламаның баспа алаңын ұсынады.

Жариялау үшін келісім шарттары 2026 жылдың 9 ақпаннан бастап жасалады.

2026 жылдың 27 ақпан үгіт насихат материалдарын жариялаудың соңғы күні.

Газет редакциясы үгіт материалдарын жариялаудың кезегін олардың редакцияға келіп түсуімен байланыстырады.

Үгіт материалдарын газет бетінде орналастыруды газет редакциясы өзі айқындайды. 

 

Кандидаттарға арналған үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін баспа алаңын ұсыну шарттары мен төлем мөлшері туралы мәліметтер
Дата публикации
02 февраля 2026