2026 жылғы 1 наурызға тағайындалған Қойтас ауылдық округі әкімінің кезекті сайлауын және өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатқан Ерейментау ауданы Өлеңті ауылдық округі әкімінің сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары

 

2026  жылғы 1 наурызға тағайындалған Қойтас ауылдық округі әкімінің кезекті сайлауын  және өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатқан Ерейментау ауданы Өлеңті ауылдық округі әкімінің сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары

 

1. Әкімдерді сайлауды тағайындау (әрі қарай -әкімдер).

 

Аудандық сайлау комиссиясы
Өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін кемінде елу күн бұрын
2026 жылғы 21 қаңтар
(Қойтас ауылдық округі әкімінің кезекті сайлауы)

(113-1-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы, 2-тармағы)

Әкімдердің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған күннен бастап немесе әкімшілік-аумақтық бірлік құрылған күннен бастап бір ай ішінде
(өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатқан Өлеңті  ауылдық округі әкімінің сайлауы)
2026 жылғы 21 қаңтар

(113-1-б 1-т, 2-т (1-т)

2. Тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында сайлау округтерінің тізімдерін оның шекараларын және аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жерін көрсете отырып жариялау

 

Аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей

2026 жылдың 31 қаңтардан кешіктірмей

( 22-б, 2- т)

3. Аумақтық сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей

2026 жылдың 31 қаңтардан  кешіктірмей

(13-б, 4 -т)

 

4. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау  

 

Аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей

2026 жылдың 5 ақпаннан кешіктірмей

(17 -б, 2-т)

 

5. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Аудан әкімі

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзімде

2026 жылдың 5 ақпаннан кешіктірмей

(23-б, 5-т)

 

6. Әкімдіккекандидаттардыұсыну

 

Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар, өз мүшелерінің арасынан, егер ұсыну мерзімі аяқталған күні екіден аз кандидат ұсынылса, аумақтық сайлау комиссиясына әкімге кандидат, сондай-ақ жоғары тұрған әкім болып сайлануға ниет білдіргені туралы өтініш беру арқылы өзін-өзі ұсыну тәртібімен азаматтар

Егер сайлау тағайындалған күннен кейінгі күнде басталады және егер сайлау тағайындалған кезде өзгеше белгіленбесе, сайлау өткізілетін күнге дейін жиырма бес күн бұрын жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізде аяқталады.

2026 жылы 22 қаңтардан басталып, 2026 жылы 3 ақпанда жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат 18-де аяқталады

( 113-3 -б)

 

7. Әкімдікке кандидаттардың оларға «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық Заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-2 бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау

 

Аудандық сайлау комиссиясы уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп

(113-2, 4- б)

 

8. Әкімге кандидаттардың сенім білдірілген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру

 

Аудандық сайлау комиссиясы

Әкімдікке кандидаттың талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап

(31-б, 14-б (8-1-т)

 

9. Әкімдікке кандидаттарға өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған, қолдап қол жинау үшін қол қою парақтарын беру

 

Аудандық сайлау комиссиясы

Кандидаттың Конституциялық заңда,  Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасы Заңының 36-2 бабында және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада көзделген талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін үш күндік мерзімде

(113-4-б)

 

10. Әкімдікке кандидаттарды қолдап  жиналған қолдардың дұрыстығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу

 

Құжаттандыру және паспорттар мен жеке куәліктерді беру жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлерін тарта отырып аудандық сайлау комиссиясы

Тиісті аумақтық сайлау комиссиясына қол қою парақтарын тапсырғаннан кейін үш күн мерзімде.

(113-4-б, 8-т, 9-т.)

 

11. Жергілікті аткарушы органдардың шотына тиісті қаржы республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төменгі жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізуі (2026 жылғы 1 қаңтарға ұсынылған әрбір кандидат үшін 85 000 теңге)

 

Әкімдікке, саяси партияларға кандидаттар (ұсынылған әрбір кандидат үшін)

Кандидат тіркелгенгедейін

(113-5 –б, 2-т.)

 

12. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен және нысанда тұрғылықты жері бойынша активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну (2026 жылғы 1 қаңтарға)

 

 

Кандидат пен оныңжұбайы (зайыбы)

Кандидатты тіркеуден бұрын

(113-5-б, 3-т.)

 

13. Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру

 

 

Мемлекеттік кірістер органдары

Кандидат тіркелген күннен бастап бес күн ішінде

(113-5-б, 3-т)

 

14. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті  куәліктер беру

 

 

Аудандық сайлау комиссиясы

Қажетті барлық құжаттар алынғаннан кейін басталады және сайлау күнінен жиырма күн бұрын жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00-де аяқталады.
2026 жылғы 22 қаңтардан басталып, 2026 жылғы 8 ақпан сағат 18:00-де жергілікті уақыт бойынша аяқталады.
Аудандық сайлау комиссиясы

(113-5-б, 14-б)

 

15. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

 

Аудандық сайлау комиссиясы

Кандидаттар тіркелгеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей

(113-5-б, 9-т)

 

16. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру

 

Жергiлiктi атқарушы органдар және аудандық сайлау комиссиясы

Үгіт басталғанға дейін

2026 жылдың 7 ақпанғадейін

(28-б, 6-т)

17. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу

 

Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

2026 жылдың 8 ақпаннан жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейін басталады және 2065 жылдың 28 ақпанғажергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

(27-б, 2-т)

18. Әкімдікке кандидаттарға сайлаушылармен кездесулері үшін үй-жайлар беру, кандидаттармен олардың сенім білдірген адамдарының бөлінген үй-жайларда сайлаушылармен кездесу кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Жергiлiктi атқарушы органдар және аудандық сайлау комиссиясы

 

Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде

(28-б, 4-т)

 

19. Акт бойынша сайлау комиссиясына сайлау учаскесі бойынша әкім қол қойған сайлаушылар тізімін ұсыну

 

Аудан әкімі

Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын

2026жылдың 8 ақпанға дейін

(24-б, 5-т)

 

20.Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылар тізімін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беретінкүнге он бескүнқалғанда

2026  жылдың 13 ақпаннан бастап

(26-б, 1-т)

 

 

21. Сайлаушыларды дауыс беру күні, уақыты  және орны туралы хабардар ету           

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей

2026 жылдың 18 ақпанға дейін

                                                                         (38-б, 2-т, 18-б (5-т)

 

22. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу

 

Аудандық сайлау комиссиясы

Сайлауға дейін үш күннен ерте емес және бір күннен кешіктірмей

2026 жылдың 26 ақпаннан ерте емес және 28 ақпаннан кешіктірмей

(37-б, 3-т)

 

23. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда

 2026 жылғы 1 наурыздажергілікті уақыт бойынша сағат 06:00-де

(40-б, 1-т)

 

24. Дауыс беруді өткізу

 

Учаскеліксайлаукомиссиялары

Сайлаукүні, жергіліктіуақытбойыншасағат07:00-ден 20:00-ге дейін

(38-б, 1-т)

 

25. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде әкім сайлауы бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау

 

Учаскеліксайлаукомиссиялары

Жергіліктіуақытбойыншасағат 20:00-дебасталады

(43-б, 18-б (8-т)

 

26. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу                               

 

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу

(43-б, 8-т)

 

27. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды  аудандық сайлау комиссиясына ұсыну

 

 

Учаскеліксайлаукомиссиялары

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін  – дереу

(113-8-б, 1-т)

 

28. Әкім сайлауының қорытындыларын белгілеу

 

 

Аудандық сайлау комиссиясы

Сайлаудан кейін үш күн мерзімнен кешіктірмей

2026 жылдың 4 наурыздан кешіктірмей

(113-10-б, 1-т)

 

 

29.Әкімдерді сайлау қорытындылары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

 

Аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей

2026 жылдың 7 наурыздан кешіктірмей

(44-б, 4-т (3-т)

30. Сайланған әкімдерді тіркеу, тиісті куәліктер беру

 

 

Аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастапжеті күн мерзімде

 

Сайланған әкімді жеті күн мерзім ішінде Конституцияға және Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес әкім мәртебесімен сәйкес келмейтін  міндеттерді доғаратыны туралы жазбаша өтініш алғаннан кейін

2026 жылдың 7 наурыздан кешіктірмей

 (45-б. 3-т, 46-б. 1-т, 113-11-б.)

 

 

 

Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.

 

2026 жылғы 1 наурызға тағайындалған Қойтас ауылдық округі әкімінің кезекті сайлауын және өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатқан Ерейментау ауданы Өлеңті ауылдық округі әкімінің сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары
Дата публикации
21 января 2026