Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2020 жылғы 5 қарашасы
№ 605 бұйрығына
2-қосымша
"Азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Азаматтарды (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) әскери қызметке шақырудан босату" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.
2. "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 36-тармағына сәйкес әскери қызметке шақырудан босату аудандық (облыстық маңызы бар қала) әскерге шақыру комиссиясының шешімімен беріледі.
3. Мемлекеттік қызметті аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) әскерге шақыру комиссиялары арқылы көрсетеді.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке тұлғалар көрсетілетін қызметті берушіге www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы және ұялы байланыс абоненттік құрылғысы (бұдан әрі – портал) арқылы осы қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында өтініш немесе ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі порталдың есепке алу жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда біржолғы парольмен куәландырылған сұрау салу жолдайды.
5. Құжаттарды портал арқылы берген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінішке мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмелері тіркеледі.
6. Қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де мәліметтер осы қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету стандартында келтірілген.
7. Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы барлық қажетті құжаттарды берген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алған күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы белгі көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде өтініштерді тіркеу және қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
8. Мемлекеттік қызмет 5 (бес) жұмыс күні ішінде көрсетіледі.
9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын әскерге шақыру комиссиясы мүшелерінің тізбесі:
1) әскерге шақыру комиссиясының төрағасы – аудан (қала), облыс, республикалық маңызы бар қала және астана жергілікті атқарушы органы басшысының (әкімнің) орынбасары;
2) комиссия мүшелері:
аудан (қала), облыс, республикалық маңызы бар қала және астана жергілікті әскери басқару органының бастығы;
аудан (қала), облыс, республикалық маңызы бар қала және астана ішкі істер органдарының тиісті аумақтық бөлімшесінің өкілі;
аудан (қала), облыс, республикалық маңызы бар қала және астана денсаулық сақтау басқармасының тиісті жергілікті басқару органы бастығының (бас дәрігердің) орынбасары – медициналық комиссияның төрағасы.
10. Әскерге шақыру комиссиясы өтінішті қоса берілген құжаттардың электрондық көшірмелерімен бірге қарайды және осы қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсету туралы қорытынды шығарады не осы қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы хабарлама береді.
11. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер осы қағидаларға 2-қосымшаның 9-тармағында көзделген.
12. "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
13. Әскерге шақыру комиссиясының әскери қызметтен босату туралы қорытындысы порталда ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне", сондай-ақ әскерге шақыру комиссиясының хаттамасын толтыру үшін көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жері және әскери есепке алу орны бойынша жергілікті әскери басқару органына жолданады.
3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
14. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына және (немесе) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.
Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
15. Көрсетілетін қызметті беруші шешімінің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы сот тәртібімен нәтижелерге шағымдана алады.
"Азаматтарды әскери
қызметке шақырудан босату"
мемлекеттік қызметін көрсету
қағидаларына
1-қосымша
Нысан
____________________________
____________________________
әскерге шақыру комиссиясының
төрағасына мынадай мекенжай
бойынша тұратын:
____________________________
____________________________
Тегі, аты, әкесінің аты
(ол бар болған кезде)
телефоны ___________________
Өтініш
"Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабына сәйкес
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
(мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес босату себебі көрсетілсін)
бейбіт уақытта мерзімді әскери қызметке шақырудан босатуыңызды сұраймын
Мынадай құжаттарды қоса беремін:
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
Күні _________________
Қолы ________________
"Азаматтарды әскери
қызметке шақырудан босату"
мемлекеттік қызметін көрсету
қағидаларына
2-қосымша
"Азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы
Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары
2
Көрсетілетін мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері
"Электрондық үкімет" веб-порталы
3
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі
Құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 5 (бес) жұмыс күні
4
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны
Электрондық (жартылай автоматтандырылған)
5
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі
Әскерге шақыру комиссиясының әскери қызметке шақырудан босату туралы қорытындысы немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық
6
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемнің мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері
Тегін
7
Жұмыс кестесі
1) ЖАО-да – азаматтарды әскери қызметке шақыруды жүргізу кезеңінде:
1 наурыздан 30 маусымға дейін;
1 қыркүйектен 30 желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін;
2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс күні аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінішті қабылдау күні келесі жұмыс күні болып табылады), тәулік бойы.
Мемлекеттік қызмет көрсету орнының мекенжайы www. egov. kz порталында орналасқан.
8
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамсыз деп танылғандарға:
ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі порталдың есепке алу жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бірреттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш;
аудандық (қалалық) әскерге шақыру комиссиясының хаттамалары кітабынан үзіндінің электрондық көшірмесі, әскерге шақырылушыны бейбіт уақытта әскери қызметке жарамсыз, соғыс уақытында шектеулі жарамды деп тану туралы облыстық (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) әскерге шақыру комиссиясының шешімінен үзіндінің электрондық көшірмесі;
2) заңды негіздер, жиырма жеті жасқа толуы бойынша мерзімді әскери қызметке шақырылмағандарға:
ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі порталдың есепке алу жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бірреттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш;
3) туыстарының бірі (әкесі, анасы, аға-інілері немесе апа-сіңлілері) әскери қызмет өткеру кезеңінде қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан, қайтыс болған немесе бірінші немесе екінші топтағы мүгедек болып қалғандарға:
ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі порталдың есепке алу жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бірреттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш;
жақын туыстарының әскери қызмет өткеру кезеңінде қаза тапқаны немесе мүгедектік алғандығы туралы әскери бөлім (мекеме) басшысының бұйрығынан немесе Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орталық мұрағатынан үзінділердің электрондық көшірмесі.
4) басқа мемлекетте әскери (баламалы) қызмет өткергендерге;
ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі порталдың есепке алу жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бірреттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш;
басқа мемлекетте әскери (баламалы) қызмет өткергені туралы анықтаманың немесе белгісі бар әскери билеттің электрондық көшірмесі (мемлекеттік және орыс тіліндегі аудармасын нотариат растаған);
5) "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 51-бабының 9-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарында қызмет өткергендерге:
ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі порталдың есепке алу жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бірреттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш;
Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарында қызмет өткергендігін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
6) ғылыми дәрежесі барларға:
ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі порталдың есепке алу жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бірреттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш;
ғылыми дәрежесін растайтын дипломның электрондық көшірмесі;
7) тіркелген діни бірлестіктердің дін қызметкерлеріне:
ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі порталдың есепке алу жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бірреттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш;
діни бірлестік берген дін қызметкері мәртебесін растайтын анықтаманың электрондық көшірмесі.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың деректері туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы барлық қажетті құжаттарды берген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні көрсетіле отырып, мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы белгі көрсетіледі.
9
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер
Көрсетілетін қызметті беруші мынадай негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады:
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және осы қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
10
Электрондық нысанда мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар
Азаматтарды әскери қызметке шақыруды жүргізу және мемлекеттік қызметті көрсетуге өтінішті қабылдау кезеңі - 1 наурыздан 30 маусымға дейін және 1 қыркүйектен 30 желтоқсанға дейін.
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ бар болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал, бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайы көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында – ЖАО сайтында, сондай-ақ www. gov4c. kz интернет-ресурсында орналасқан.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны арқылы алуға болады.
"Азаматтарды әскери
қызметке шақырудан босату"
мемлекеттік қызметін көрсету
қағидаларына
3-қосымша
Нысан
Тегі, аты, әкесінің аты
(ол бар болған кезде)
____________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының мекенжайы)
Әскерге шақыру комиссиясының мемлекеттік қызмет көрсету туралы қорытындысы
"Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабына сәйкес
__________________________________________________________________________
(босату себебі)
Сізге 20____ жылғы "___" ______________ дейін әскери қызметке шақырудан босату берілді.
Әскерге шақыру комиссиясының төрағасы ______________
_______________________________________________ _________________
Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған кезде) (қолы)
20__жылғы "___"____________
"Азаматтарды әскери
қызметке шақырудан босату"
мемлекеттік қызметін көрсету
қағидаларына
4-қосымша
Нысан
Тегі, аты, әкесінің аты
(ол бар болған кезде)
____________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының мекенжайы)
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарлама
Осы қағидаларға 2-қосымшаның 9-тармағына сәйкес Сізге мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарыңыздың және (немесе) ондағы деректердің (мәліметтердің) анық болмауына байланысты Сізді бейбіт уақытта әскери қызметке шақырудан босатудан бас тартылды, атап айтқанда:
1) ____________________________________;
2) ____________________________________;
Әскерге шақыру комиссиясының төрағасы ______________
__________________________________________ ______________
Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған кезде) (қолы)
20__жылғы "___"____________