| Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 29 мамырдағы № 265 Бұйрыққа 1-қосымша |
20. "Құрылыс және реконструкциялау (қайта жоспарлау және қайта жабдықтау, қайта бейіндеу) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды беру" мемлекеттік көрсетлетін қызметін (бұдан әрі – 1-мемлекеттік көрсетілетін қызмет) астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО-сы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жүзеге асырады.
21. 1-мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтініш беруші "цифрлық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) немесе МҚҚК АЦЖ арқылы осы Қағидаларға 3-қосымшаның 9-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті берушіге жаңа құрылысқа бастапқы материалдарды (бұдан әрі – 1-топтама)/СЖТ, техникалық шарттарды (бұдан әрі – 2-топтама)/ тіреу және қоршау (сыртқы) конструкцияларын, инженерлік жүйелері мен жабдықтарын өзгертумен байланысты құрылыс объектілері (жекелеген бөліктері) мен құрылысжайларды реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау, қайта бейіндеу) үшін бастапқы материалдарды (бұдан әрі – 3-топтама) беру туралы өтінішті жолдайды.
3-қосымшаның 9-тармағында көзделмеген құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
Жеке басын куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркелгенін (қайта тіркелгенін) растайтын құжат туралы, жеке кәсіпкер ретінде тіркеу туралы мәліметтерді, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден алады.
1-мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптар тізбесі осы Қағидаларға 3-қосымшада жазылған.
22. Өтініш беруші барлық қажетті құжаттарды портал арқылы берген кезде – өтініш берушінің "жеке кабинетінде" 1-мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, 1-мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
23. МҚҚК АЦЖ-да өтініш келіп түскен күні автоматты түрде тіркеледі.
Өтініш беруші Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – ҚР ЕК) сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда 1-мемлекеттік қызметті көрсету келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.
24. Көрсетілетін қызметті беруші өтініш тіркелген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Өтініш беруші құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында өтініш берушінің "жеке кабинетіне" жібереді.
Ұсынылған құжаттар толық болған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші қоса берілген құжаттарды жоспарланған құрылыстың елді мекеннің бекітілген бас жоспарына және егжей- тегжейлі жоспарлау жобасына немесе елді мекеннің дамыту және құрылысын салу схемасына сәйкестігіне қарайды.
25. Жоспарланған құрылыс елді мекеннің бекітілген бас жоспарына және егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына немесе елді мекеннің дамыту және құрылысын салу схемасына сәйкес келген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші ұсынылған құжаттарды алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетушiлерге сыртқы инженерлік желілер трассасының алдын ала схемасы бар техникалық шарттарды алу үшін ахуалдық схеманы және сауалнама парағын жібереді.
Көрсетілетін қызметті беруші мынадай құжаттарды қатар дайындайды:
1-топтама бойынша – егжей-тегжейлі жоспарлау жобасынан алынған үзінді көшірме, тік жоспарлау белгілері, жолдар мен көшелердің көлденең қималары;
3-топтама бойынша – тіреу және қоршау (сыртқы) конструкцияларын, инженерлік жүйелері мен жабдықтарын өзгертумен байланысты құрылыс объектілері (жекелеген бөліктері) мен құрылысжайларды реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау, қайта бейіндеу) туралы ЖАО-ның шешімін.
Инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетушiлер жоғарыда көрсетілген құжаттарды алған күннен бастап сыртқы инженерлік желілер трассасының алдын ала схемасы бар техникалық шарттарды дайындайды және көрсетілетін қызметті берушіге мынадай мерзімде жібереді:
техникалық жағынан күрделі емес объектілер үшін 5 (бес) жұмыс күні;
техникалық жағынан күрделі объектілер үшін 10 (он) жұмыс күні;
сыртқы инженерлік желілер трассасының алдын ала схемасы бар техникалық шарттарды беруден дәлелді бас тарту үшін 2 (екі) жұмыс күні.
Мынадай:
1) көрсетілетін қызметтердің талап етілетін көлемін ұсыну үшін қажетті бос техникалық қуат болмаған;
2) көрсетілетін қызметті ұсыну үшін қажетті желілер немесе өзге де мүлік болмаған жағдайларда, инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетушiлерге техникалық шарттарды беруден бас тартуға жол беріледі.
Инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетушiлер техникалық шарттарды беруден бас тартқан жағдайда, техникалық шарттарды беруден бас тарту туралы шешімге көрсетілетін қызметтерді ұсыну үшін қажетті бос техникалық қуатының тапшылығы, желілердің немесе өзге де мүліктің болмауы туралы дәлелді негіздемені есептеулермен қоса береді.
26. Осы Қағидаларға 3-қосымшаның 10-тармағында көзделген негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті беруші өтініш берушіге мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша өтініш берушінің ұстанымын білдіруіне мүмкіндік беру үшін тыңдау өткiзілетін уақыт пен орын (тәсіл) туралы хабарлайды.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша өтініш берушіге көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сымен қол қойылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызметті көрсетудің оң нәтижесі не дәлелді бас тарту жолданады.
Өтініш берушіге себептерін және жою үшін нақты ескертулерді көрсете отырып, дәлелді бас тарту беріледі.
Өтініш беруші 1-мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту себептерін жойған жағдайда, осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен 1-мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қайта жүгінеді.
Кейіннен бас тарту бұрын көрсетілуі мүмкін болған, бірақ көрсетілмеген негіздер бойынша берілуі мүмкін емес.
27. 1-мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған құжаттарды қарау қорытындылары бойынша осы Қағидаларда көзделген мерзімдерде көрсетілетін қызметті беруші 1-мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін дайындайды:
1-топтама бойынша – осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша СЖТ, техникалық шарттар, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасынан үзінді көшірме, тік жоспарлау белгілері, жолдар мен көшелердің көлденең қималары, сыртқы инженерлік желілер трассаларының сызбалары;
2-топтама бойынша – осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша СЖТ және техникалық шарттар;
3-топтама бойынша – тіреу және қоршау (сыртқы) конструкцияларын, инженерлік жүйелері мен жабдықтарын өзгертумен байланысты құрылыс объектілері (жекелеген бөліктері) мен құрылысжайларды реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау, қайта бейіндеу) туралы ЖАО-ның шешімі, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша СЖТ, техникалық шарттар (өтініш беруші сұрау парағын берген кезде), сыртқы инженерлік желілер трассаларының схемалары (өтініш беруші сауалнама парағын берген кезде);
дәлелді бас тарту.
1-мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін көрсетілетін қызметті беруші өтініш берушінің "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанында жібереді.
28. "Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 29 қазандағы № 232 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14483 болып тіркелген) Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінің жұмыс істеу қағидаларының 46-тармағына сәйкес 1-мемлекеттік көрсетілетін қызметті жүзеге асыру шеңберінде қалыптастырылатын өтініштер, өтініш бойынша шешімдер рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық жүйесінде тіркелуге жатады.
29. Техникалық жағынан күрделі объектілерге жатпайтын объектілерді салу жобалары бойынша 1-мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
СЖТ және техникалық шарттарды беруге – 9 (тоғыз) жұмыс күні;
жаңа құрылысқа бастапқы материалдарды беруге – 15 (он бес) жұмыс күні.
Техникалық жағынан күрделі объектілерді салу жобалары бойынша 1-мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
СЖТ және техникалық шарттарды беруге – 15 (он бес) жұмыс күні;
жаңа құрылысқа бастапқы материалдарды беруге – 17 (он жеті) жұмыс күні.
Тіреу және қоршау (сыртқы) конструкцияларын, инженерлік жүйелері мен жабдықтарын өзгертумен байланысты құрылыс объектілерін (жекелеген бөліктерін) және құрылысжайларды реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау, қайта бейіндеу) үшін бастапқы материалдарды беру бойынша 1-мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі – өтініш берілген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні.
1-мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды беру мерзімі – 5 (бес) жұмыс күні.
30. Бір құрылыс жобасына қайта өтініш берілген кезде осы Қағидаларға 3-қосымшаның 6-тармағында көрсетілген бұрын ұсынылған құжаттар олардың өзектілігі расталған кезде беріледі.
31. Уәкілетті орган 1-мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректерді цифрландыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметті көрсетуді мониторингтеудің цифрлық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық жүйесі арқылы 1-мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер автоматты режимде мемлекеттік қызмет көрсетуді мониторингтеудің цифрлық жүйесіне келіп түседі.
32. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган Заңының 10-бабының 13) тармақшасына сәйкес "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация), сондай-ақ өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына және "цифрлық үкіметтің" операторына жібереді.
33. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) лауазымды адамға беріледі.
Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермейді.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен өтініш берушінің шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен өтініш берушінің шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
34. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.
35. Жергілікті атқарушы орган елді мекендердің жалпыға ортақ пайдаланылатын аумақтарын абаттандыру және инженерлік инфрақұрылымды реконструкциялау кезінде МҚҚК АЦЖ арқылы осындай жұмыстарды жүргізу туралы шешімдерді тіркеуді жүзеге асырады.
1-мемлекеттік қызметті алу үшін жергілікті атқарушы орган елді мекендердің жалпыға ортақ пайдаланылатын аумақтарды абаттандыру және инженерлік инфрақұрылымды реконструкциялау жөніндегі жұмыстарды жүргізу туралы шешімнің МҚҚК АЦЖ-да қалыптастырылатын тіркеу нөмірін көрсетеді.
| Құрылыс салуды ұйымдастыру және құрылыс саласындағы рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларына 1-қосымша Нысан |
Жүктеу
Ескертпе *
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
* Қосалқы тұтынушы сауалнама парағын берген жағдайда, ескертпеде қосалқы тұтынушыны оның желілеріне қосуға тұтынушының келісімі көрсетіледі. Бұл ретте тұтынушының келісімінде оның деректері көрсетіледі (жеке тұлғалар – қолдарын қояды, заңды тұлғалар – қолдары мен мөрлерін қояды (ол болған жағдайда)).
Тапсырыс беруші: ______________________
20___ жылғы "___" _____________________
| Құрылыс салуды ұйымдастыру және құрылыс саласындағы рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларына 2-қосымша Нысан |
|
| __________________________ __________________________ __________________________ |
Өтініш берушінің аты: ____________________________________________
_____________________________________________________________________
(Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе заңды тұлғаның атауы)
Мекенжайы: __________________________________________________________
Телефоны: ____________________________________________________________
Тапсырыс беруші: _____________________________________________________
Жобаланатын құрылыс объектісінің атауы: ________________________________
_____________________________________________________________________
Жобаланатын құрылыс объектісінің мекенжайы: ___________________________
_____________________________________________________________________
Сізден мыналарды беруді сұраймын
1-топтама. Жаңа құрылысқа бастапқы материалдар (сәулет-жоспарлау тапсырмасы (бұдан әрі – СЖТ), тік жоспарлау белгілері, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасынан алынған үзінді көшірме, жолдар мен көшелердің көлденең қималары, техникалық шарттар (бұдан әрі – ТШ), сыртқы инженерлік желілер трассасының схемалары);
2-топтама. СЖТ және ТШ;
3-топтама. Құрылыс объектілерін (жекелеген бөліктерін) және құрылысжайларды реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау, қайта бейіндеу) үшін бастапқы материалдар (тіреу және қоршау (сыртқы) конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертумен байланысты құрылыс объектілерін (жекелеген бөліктерін) және құрылысжайларды реконструкциялауға (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау, қайта бейіндеу) ЖАО шешімі, СЖТ, ТШ, сыртқы инженерлік желілер трассаларының схемалары).
Цифрлық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Жер учаскелері туралы мәліметтер:
Кадастрлық нөмір/ қаулының тіркеу нөмірі:
________________________________________________________________
Құрылыс объектісі туралы мәліметтер:
ОБН: ___________________
Цифрлық жүйелерде қамтылатын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Күні: 20__ жылғы "__" _______________
Қолы
| Құрылыс салуды ұйымдастыру және құрылыс саласындағы рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларына 3-қосымша |
Жүктеу
|
"Құрылыс және реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау және қайта бейіндеу) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) |
||
|
1. |
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы |
Астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары |
|
2. |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы (бар болса) |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы: |
|
3. |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) ұсыну жолдары |
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру портал немесе МҚҚК АЦЖ арқылы жүзеге асырылады. |
|
4. |
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімдері |
1) жаңа құрылысқа бастапқы материалдарды алу үшін: |
|
5. |
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны |
Электрондық (ішінара цифрландырылған) |
|
6. |
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі |
1) жаңа құрылысқа бастапқы материалдарды (бұдан әрі - 1-топтама) алу бойынша: |
|
7. |
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде өтініш берушіден алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Төленбейді. |
|
8. |
Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші – ҚР ЕК сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, түскі асқа үзіліспен, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда; |
|
9. |
Мемлекеттік қызметті, оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1) 1 және 2-топтармалар бойынша: |
|
10. |
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызметті, оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; |
|
11. |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар |
Өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар. |
20___ жылғы "___"______ №_____
№ ___ от "___"________20____ года
Құрылыс объектісінің бірегей нөмірі:
_______________________________________________________________
Уникальный номер строительного объекта:
Құрылыс объектісінің атауы:
_______________________________________________________________
Наименование строительного объекта:
Құрылыс объектісінің мекенжайы
_______________________________________________________________
Адрес строительного объекта
Елді мекен, жыл
_______________________________________________________________
Населенный пункт, год
Жүктеу
|
р/с № |
Сәулет-жоспарлау тапсырмасын (СЖТ) әзірлеу үшін негіздеме |
Қала (аудан) әкімдігінің қаулысы немесе құқық белгілейтін құжат №_______ _________ (күні, айы, жылы) |
|
Основание для разработки архитектурно-планировочного задания (АПЗ) |
||
|
Учаскенің сипаттамасы |
||
|
Характеристика участка |
||
|
1. |
Местонахождение участка |
Қала, аудан, шағын аудан, ауыл, орам |
|
Учаскенің орналасқан жері |
Город, район, микрорайон, аул, квартал |
|
|
2. |
Салынған құрылыстың болуы (учаскеде бар құрылыстар мен құрылысжайлар, оның ішінде коммуникациялар, инженерлік құрылысжайлар, абаттандыру элементтері және басқалары) |
Қысқаша сипаттамасы |
|
Краткое описание |
||
|
Наличие застройки (строения и сооружения, существующие на участке, в том числе коммуникации, инженерные сооружения, элементы благоустройства и другие) |
||
|
3. |
Геодезиялық зерделенуі (түсірілімдердің болуы, олардың масштабтары) |
Қысқаша сипаттамасы |
|
Краткое описание |
||
|
Геодезическая изученность (наличие съемок, их масштабы) |
||
|
4. |
Инженерлік-геологиялық зерделенуі (инженерлік-геологиялық, гидрогеологиялық, топырақ-ботаникалық және басқа іздестірулердің қолда бар материалдары) |
Қысқаша сипаттамасы |
|
Краткое описание |
||
|
Инженерно-геологическая изученность (имеющиеся материалы инженерно-геологических, гидрогеологических, почвенно-ботанических и других изысканий) |
||
|
Жобаланатын құрылыс объектісінің сипаттамасы |
||
|
Характеристика проектируемого строительного объекта |
||
|
1. |
Құрылыс объектісінің функционалдық мәні |
Қысқаша сипаттамасы |
|
Краткое описание |
||
|
Функциональное значение строительного объекта |
||
|
2. |
Қабат саны |
Қысқаша сипаттамасы |
|
Этажность |
Краткое описание |
|
|
3. |
Жоспарлау жүйесі |
Құрылыс объектісінің функционалдық мәнін ескере отырып, жоба бойынша |
|
Планировочная система |
||
|
По проекту с учетом функционального назначения строительного объекта |
||
|
4. |
Конструктивті схема |
Жоба бойынша |
|
Конструктивная схема |
По проекту |
|
|
5. |
Инженерлік қамтамасыз ету |
Қысқаша сипаттамасы |
|
Инженерное обеспечение |
Краткое описание |
|
|
6. |
Энергия тиімділік сыныбы |
Қысқаша сипаттамасы |
|
Класс энергоэффективности |
Краткое описание |
|
|
Қала құрылысы талаптары |
||
|
Градостроительные требования |
||
|
1. |
Көлемдік-кеңістіктік шешім |
Учаске бойынша іргелес объектілермен байланыстыру |
|
Увязать со смежными по участку объектами |
||
|
Объемно-пространственное решение |
||
|
2. |
Бас жоспар жобасы: |
Егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына, іргелес көшелердің тік жоспарлау белгілеріне, Қазақстан Республикасы құрылыс нормативтік құжаттарының талаптарына сәйкес |
|
Проект генерального плана: |
||
|
В соответствии с проектом детальной планировки, вертикальными планировочными отметками прилегающих улиц, требованиями строительных нормативных документов Республики Казахстан |
||
|
тік жоспарлау |
Іргелес аумақтардың биіктік белгілерімен байланыстыру |
|
|
вертикальная планировка |
||
|
Увязать с высотными отметками прилегающей территории |
||
|
абаттандыру және көгалдандыру |
Қысқаша сипаттамасы |
|
|
благоустройство и озеленение |
||
|
автомобильдер тұрағы |
Қысқаша сипаттамасы |
|
|
парковка автомобилей |
||
|
топырақтың құнарлы қабатын пайдалану |
Қысқаша сипаттамасы |
|
|
Краткое описание |
||
|
использование плодородного слоя почвы |
||
|
шағын сәулет нысандары |
Қысқаша сипаттамасы |
|
|
малые архитектурные формы |
Краткое описание |
|
|
жарықтандыру |
Қысқаша сипаттамасы |
|
|
освещение |
Краткое описание |
|
|
Сәулет талаптары |
||
|
Архитектурные требования |
||
|
1. |
Сәулеттік келбетінің стилистикасы |
Объектінің функционалдық ерекшеліктеріне сәйкес сәулеттік келбетін қалыптастыру |
|
Стилистика архитектурного образа |
Сформировать архитектурный образ в соответствии с функциональными особенностями объекта |
|
|
2. |
Қоршап тұрған құрылыс салумен өзара үйлесімдік сипаты |
Құрылыс объектісінің орналасқан жеріне және қала құрылысы мәніне сәйкес |
|
Характер сочетания с окружающей застройкой |
В соответствии с местоположением строительного объекта и градостроительным значением |
|
|
3. |
Түсіне қатысты шешім |
Келісілген эскиздік жобаға сәйкес |
|
Цветовое решение |
Согласно согласованному эскизному проекту |
|
|
4. |
Жарнамалық-ақпараттық шешім, оның ішінде: |
"Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабына сәйкес жарнамалық-ақпараттық қондырғыларды көздеу |
|
Рекламно-информационное решение, в том числе: |
||
|
Предусмотреть рекламно-информационные установки согласно статье 21 Закона Республики Казахстан "О языках в Республике Казахстан" |
||
|
түнгі жарықпен безендіру |
Қысқаша сипаттамасы |
|
|
ночное световое оформление |
Краткое описание |
|
|
5. |
Кіреберіс тораптар |
Кіреберіс тораптарға назар аударуды ұсыну |
|
Входные узлы |
Предложить акцентирование входных узлов |
|
|
6. |
Халықтың мүмкіндігі шектеулі топтарының өмір сүруі үшін жағдай жасау |
Қазақстан Республикасы құрылыс нормативтік құжаттарының нұсқаулары мен талаптарына сәйкес іс-шараларды көздеу; |
|
Создание условий для жизнедеятельности маломобильных групп населения |
||
|
Предусмотреть мероприятия в соответствии с указаниями и требованиями строительных нормативных документов Республики Казахстан; |
||
|
7. |
Дыбыс-шу көрсеткіштері бойынша шарттарды сақтау |
Қазақстан Республикасы құрылыс нормативтік құжаттарының талаптарына сәйкес |
|
Соблюдение условий по звукошумовым показателям |
Согласно требованиям строительных нормативных документов Республики Казахстан |
|
|
Сыртқы әрлеуге қойылатын талаптар |
||
|
Требования к наружной отделке |
||
|
1. |
Цоколь |
Қысқаша сипаттамасы |
|
Цоколь |
Краткое описание |
|
|
2. |
Қасбет |
Қысқаша сипаттамасы |
|
Қоршау конструкциялары |
Краткое описание |
|
|
Фасад |
||
|
Ограждающие конструкции |
||
|
Инженерлік желілерге қойылатын талаптар |
||
|
Требования к инженерным сетям |
||
|
1. |
Жылумен жабдықтау |
Техникалық шарттарға сәйкес (ТШ №__ және берілген күні)(бұдан әрі – ТШ) |
|
Теплоснабжение |
||
|
Согласно техническим условиям (№ __и дата выдачи технических условий (далее - ТУ) |
||
|
2. |
Сумен жабдықтау |
Техникалық шарттарға сәйкес (ТШ №__ және берілген күні) |
|
Водоснабжение |
Согласно техническим условиям (№__ и дата выдачи ТУ) |
|
|
3. |
Кәріз |
Техникалық шарттарға сәйкес (ТШ №__ және берілген күні) |
|
Канализация |
||
|
Согласно техническим условиям (№__ и дата выдачи ТУ) |
||
|
4. |
Электрмен жабдықтау |
Техникалық шарттарға сәйкес (ТШ №__ және берілген күні) |
|
Электроснабжение |
||
|
Согласно техническим условиям (№__ и дата выдачи ТУ) |
||
|
5. |
Газбен жабдықтау |
Техникалық шарттарға сәйкес (ТШ №__ және берілген күні) |
|
Газоснабжение |
||
|
Согласно техническим условиям (№__ и дата выдачи ТУ) |
||
|
6. |
Телекоммуникациялар және телерадиохабар тарату |
Техникалық шарттарға (ТШ №__ және берілген күні) және мемлекеттік нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес |
|
Телекоммуникации и телерадиовещания |
Согласно техническим условиям (№__ и дата выдачи ТУ) и требованиям государственных нормативных документов |
|
|
7. |
Дренаж (қажет болған жағдайда) және нөсерлік кәріз |
Техникалық шарттарға сәйкес (ТШ №__ және берілген күні) |
|
Дренаж (при необходимости) и ливневая канализация |
Согласно техническим условиям (№__ и дата выдачи ТУ) |
|
|
8. |
Стационарлы суару жүйелері |
Техникалық шарттарға сәйкес (ТШ №__ және берілген күні) |
|
Стационарные поливочные системы |
Согласно техническим условиям (№ __ и дата выдачи ТУ) |
|
|
Құрылыс салушыға жүктелетін міндеттемелер |
||
|
Обязательства, возлагаемые на застройщика |
||
|
1. |
Инженерлік іздестірулер бойынша |
Инженерлік-геологиялық қазбалар мен инженерлік-геологиялық іздестірулерді байланыстыра отырып, жер учаскесінің шекараларын натураға (жерге) көшіруге байланысты инженерлік-геодезиялық жұмыстар жүргізілгеннен кейін жер учаскесін игеруге кірісуге рұқсат етіледі |
|
По инженерным изысканиям |
||
|
Приступать к освоению земельного участка разрешается после проведения инженерно-геодезических работ, связанных с переносом в натуру (на местность) границ земельного участка, с привязкой инженерно-геологических выработок и инженерно-геологических изысканий |
||
|
2. |
Қолданыстағы құрылыстар мен құрылысжайларды бұзу (көшіру) бойынша |
Қажет болғанда қысқаша сипаттамасы |
|
3. |
Қолданыстағы жерасты және жерүсті коммуникацияларын ауыстыру бойынша |
Ауыстыруға (шығаруға) немесе желілер мен құрылысжайларды қорғау жөніндегі іс-шараларды жүргізуге арналған техникалық шарттарға сәйкес |
|
По переносу существующих подземных и надземных инженерных коммуникаций |
Согласно техническим условиям на перенос (вынос) либо на проведения мероприятия по защите сетей и сооружений |
|
|
4. |
Жасыл көшеттерді сақтау және/немесе отырғызу бойынша |
Қысқаша сипаттамасы |
|
5. |
Учаскенің уақытша қоршау құрылысы бойынша |
Қысқаша сипаттамасы |
|
Қосымша талаптар |
||
|
Дополнительные требования |
||
|
1. Ғимараттағы ауа баптау жүйесін жобалау кезінде (жобада орталықтандырылған суықпен жабдықтау және ауа баптау қарастырылмағанда) ғимарат қасбеттерінің сәулеттік шешіміне сәйкес жергілікті жүйелердің сыртқы элементтерін орналастыруды көздеу қажет. Жобаланатын ғимараттың қасбеттерінде жергілікті ау баптау жүйелерінің сыртқы элементтерін орналастыруға арналған жерлерді (бөліктер, маңдайшалар, балкондар және т.б.) көздеу қажет. |
||
|
Жалпы талаптар |
||
|
Общие требования |
||
|
1. Жобаны (жұмыс жобасын) әзірлеу кезінде Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы қолданыстағы заңнамасының нормаларын басшылыққа алу қажет. |
||
|
2. Қаланың (ауданның) бас сәулетшісімен келісу: |
||
|
- эскиздік жоба (жаңа құрылыс кезінде). |
||
|
3. Құрылыс жобасына сараптама жүргізу (ҚР Құрылыс кодексінің 116 және 117-баптарына сәйкес). |
||
|
4. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғандығы туралы хабарлама беру. |
||
|
5. Салынған құрылыс объектісін қабылдау және пайдалануға беру (қабылдау түрі). |
||
|
1. При разработке проекта (рабочего проекта) необходимо руководствоваться нормами действующего законодательства Республики Казахстан в сфере архитектурной, градостроительной и строительной деятельности. |
||
|
2. Согласовать с главным архитектором города (района): |
||
|
- эскизный проект (при новом строительстве). |
||
|
3. Провести экспертизу проекта строительства (согласно статьям 116 и 117 Строительного Кодекса РК). |
||
|
4. Подать уведомление о начале строительно-монтажных работ. |
||
|
5. Приемка и ввод в эксплуатацию построенного строительного объекта (тип приемки). |
||
1. СЖТ және ТШ жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының құрамында бекітілген құрылыстың нормативтік ұзақтығының бүкіл мерзімі ішінде қолданылады.
Құрылыстың нормативтік ұзақтығы үш жылдан астам асқан жағдайда, СЖТ және техникалық шарттардың қолданылу мерзімі құрылыстың басталғаны туралы растайтын құжаттар ұсынылған жағдайда құрылыс кезеңіне ұзартылады.
Құрылысының басталғаны туралы растайтын құжаттар ұсынылмаған жағдайда, СЖТ және техникалық шарттар берілген күннен бастап үш жыл өткеннен кейін жарамсыз болып саналады.
АПЗ и ТУ действуют в течение всего срока нормативной продолжительности строительства, утвержденного в составе проектной (проектно-сметной) документации.
В случае превышения нормативной продолжительности строительства более трех лет срок действия АПЗ и технических условий продлевается на период строительства при условии представления подтверждающих документов о начале строительства.
В случае непредставления подтверждающих документов о начале строительства АПЗ и технические условия по истечении трех лет с даты выдачи считаются недействительными.
2. СЖТ-да жазылған талаптар мен шарттарды меншік нысанына және қаржыландыру көздеріне қарамастан инвестициялық процестің барлық қатысушылары орындайды.
Требования и условия, изложенные в АПЗ, выполняются всеми участниками инвестиционного процесса независимо от форм собственности и источников финансирования.
3. Тапсырыс берушінің СЖТ-да қамтылған талаптармен келіспеуі сот тәртібімен шағымдалады.
Несогласие заказчика с требованиями, содержащимися в АПЗ, обжалуется в судебном порядке.