Құрылыстың эскизін (эскиздік жобасын) келісу және "Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету тәртібі

 

Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және
құрылыс министрінің
2026 жылғы 29 мамырдағы
№ 265 Бұйрыққа
1-қосымша

 

Құрылыс салуды ұйымдастыру және құрылыс саласындағы рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидалары

3-параграф. "Құрылыстың эскизін (эскиздік жобасын) келісу және "Эскизді (эскиздік жобаны) келісу" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі

      36. "Эскизді (эскиздік жобаны) келісу" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – 2-мемлекеттік көрсетілетін қызмет) астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО-сы жүзеге асырады.

      37. Бастапқы материалдардың негізінде әзірленген эскизді (эскиздік жобаны) көрсетілетін қызметті берушімен келісуді жүзеге асыру.

      Эскиз (эскиздік жоба) осы Қағидаларға 5-қосымшада көрсетілген құрамы мен мазмұнына, құрылыс объектісінің мақсатына, негізгі параметрлеріне, нақты жер учаскесінде орналасуына және көшелерді, орамдарды және тұрғын үй алаптарын салудың сәулет-көркем колористикасына сәйкес түсіне қатысты шешімге қойылатын талаптар кешеніне сәйкес келуі қажет.

      38. 2-мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтініш беруші портал немесе МҚҚК АЦЖ арқылы көрсетілетін қызметті берушіге эскиздің (эскиздік жобаның) электрондық көшірмесін қоса бере отырып, осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.

      Осы тармақта көзделмеген құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

      Жеке басын куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеугенін (қайта тіркелгенін) растайтын құжат туралы, жеке кәсіпкер ретінде тіркеу туралы мәліметтерді, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден алады.

      2-мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптар тізбесі осы Қағидаларға 7-қосымшада жазылған.

      39. Өтініш беруші барлық қажетті құжаттарды портал немесе МҚҚК АЦЖ арқылы берген кезде – өтініш берушінің "жеке кабинетінде" 2-мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, 2-мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

      40. МҚҚК АЦЖ өтінішті ол келіп түскен күні автоматты түрде тіркейді.

      Өтініш беруші ҚР ЕК сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, 2-мемлекеттік қызметті көрсету келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

      41. Өтінішті және қоса берілген эскизді (эскиздік жобаны) тіркеуден өткізгеннен кейін көрсетілетін қызметті беруші өтініш берушінің құжаттарын алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде олардың толықтығын тексереді.

      Өтініш беруші құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды және оны көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ-сымен қол қойылған электрондық құжат нысанында өтініш берушінің "жеке кабинетіне" жібереді.

      Ұсынылған құжаттар толық болған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші қоса берілген құжаттарды өтініш берушінің және (немесе) ұсынылған материалдардың, құрылыс объектілерінің, 2-мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкестігіне қарайды.

      42. 2-мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған құжаттарды қарау қорытындысы бойынша осы Қағидаларда көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызметті беруші ҚОБН, құрылыс объектісінің атауы мен орналасқан жерін көрсете отырып, келісу хатты немесе дәлелді бас тартуды дайындайды.

      2-мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін көрсетілетін қызметті беруші өтініш берушінің "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ-сымен қол қойылған электрондық құжат нысанында жолдайды.

      43. Осы Қағидаларға 7-қосымшаның 10-тармағында көзделген негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті беруші өтініш берушіге мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша өтініш берушінің ұстанымын білдіруіне мүмкіндік беру үшін тыңдау өткiзілетін уақыт пен орын туралы хабарлама жібереді.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша өтініш берушіге көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сымен қол қойылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызметті көрсетудің оң нәтижесі не дәлелді бас тарту жолданады.

      Өтініш берушіге себептері және жою үшін нақты ескертулер көрсетіле отырып, дәлелді бас тарту беріледі.

      2-мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтініш беруші 2-мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту себептері жойылған жағдайда, осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен қайта жүгінеді.

      Кейінгі бас тарту бұрын көрсетілуі мүмкін болған, бірақ көрсетілмеген негіздер бойынша берілмейді.

      44. Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізгеннен кейін ол МҚҚК АЦЖ-ға есепке алады.

      45. 2-мемлекеттік қызметті көрсету немесе дәлелді бас тартуды беру мерзімі – 10 (он) жұмыс күні.

      46. Уәкілетті орган 2-мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректерді цифрландыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметті көрсетуді мониторингтеудің цифрлық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      47. Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган Заңның 10-бабының 13) тармақшасына сәйкес Мемлекеттік корпорацияға, сондай-ақ өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына және "цифрлық үкіметтің" операторына жібереді.

      48. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым көрсетілетін шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған қызметті берушіге және (немесе) лауазымды адамға беріледі.

      Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермейді.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен өтініш берушінің шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен өтініш берушінің шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      49. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ҚР ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.

Құрылыс салуды ұйымдастыру
және құрылыс саласындағы
рұқсат беру рәсімдерінен өту
қағидаларына
5-қосымша

 

Эскиздің (эскиздік жобаның) және техникалық жобаның құрамы мен мазмұны

      Тиісті лицензиясы бар жобалау ұйымы әзірлеген жаңа құрылыс объектілері үшін жобалау алдындағы сатыда әзірленетін эскиздің (эскиздік жобаның) құрамы мен мазмұны:

      1. 1:1000; 1:2000; 1:5000 (аталғанның бірі) масштабындағы ахуалдық жоспар;

      2. 1:500; 1:1000; 1:2000 (аталғанның бірі) масштабындағы объектінің бас жоспары;

      3. Сыртқы әрлеу ведомосімен қоса, 1:50; 1:100; 1:200; 1:400 (аталғанның бірі) масштабындағы қасбеттер;

      4. 1:100; 1:200; 1:400 (аталғанның бірі) масштабындағы үй-жайлардың экспликациясы бар қабаттардың жоспарлары, бөліністер;

      5. 1:50; 1:100; 1:200; 1:400 (аталғанның бірі) масштабындағы шатыр жоспары;

      6. 1:200; 1:500; 1:1000; 1:2000 (аталғанның бірі) масштабындағы инженерлік желілердің жоспарлары;

      7. Ғимараттың негізгі конструктивтік және сәулет-жоспарлау шешімдері, әрлеу материалдары мен қасбеттің түсіне қатысты шешімін таңдау, сондай-ақ негізгі көлемдік-жоспарлау көрсеткіштері (сыйымдылығы, өткізу қабілеті, қуаты, құрылыс көлемі, ғимараттың, құрылыс алаңының, көгалдандырылған және абаттандырылған учаске аумағының жалпы және пайдалы алаңы, әрлеу материалдары мен қасбеттің түсі) келтірілген учаскенің абаттандыру мен көгалдандыру элементтері сипатталған жалпы деректер.

      Тиісті лицензиясы бар жобалау ұйымы әзірлеген құрылыс объектілерін (жекелеген бөліктерін) және құрылысжайларды реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау, қайта бейіндеу) объектілері үшін әзірленетін техникалық жобаның және реконструкциядан кейін екі қабаттан аспайтын, қосымша жер учаскесін бөлуді (аумақтан телім беруді) талап етпейтін, екі қабаттан аспайтын жеке тұрғын үйлерді реконструкциялау үшін эскиздік жобаның құрамы мен мазмұны:

      1. Қабат саны өзгерген кезде, кіреберіс алаңның құрылысына байланысты қасбеті өзгерген кезде, жапсарлас құрылыс салу жолымен реконструкциялау кезінде 1:1000; 1:2000; 1:5000 (аталғанның бірі) масштабтағы ахуалдық жоспар;

      2. Қабат саны өзгерген кезде, кіреберіс алаңның құрылысына байланысты қасбеті өзгерген кезде, жапсарлас құрылыс салу жолымен реконструкциялау кезінде 1:500; 1:1000; 1:2000 (аталғанның бірі) масштабтағы құрылыс объектісінің бас жоспары;

      3. Қабат саны өзгерген кезде, кіреберіс алаңның құрылысына байланысты қасбеті өзгерген кезде, жапсарлас құрылыс салу жолымен реконструкциялау кезінде сыртқы әрлеу ведомосімен қоса 1:50; 1:100; 1:200; 1:400 (аталғанның бірі) масштабтағы қасбеттер;

      4. Реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға, қайта бейіндеуге) дейінгі үй-жайлардың 1:50; 1:100; 1:200 (аталғанның бірі) масштабтағы жоспарлары;

      5. Реконструкциялаудан (қайта жоспарлаудан, қайта жабдықтаудан, қайта бейіндеуден) кейінгі үй-жайлардың 1:50; 1:100; 1:200 (аталғанның бірі) масштабтағы жоспарлары;

      6. Қабат саны өзгерген және жапсарлас құрылыс салу жолымен реконструкциялау кезінде 1:50; 1:100; 1:200; 1:400 (аталғанның бірі) масштабтағы шатыр жоспары;

      7. Қабат саны өзгерген кезде 1:50; 1:100; 1:200 (аталғанның бірі) масштабтағы бөліністер;

      8. Ғимараттың негізгі конструктивтік және сәулет-жоспарлау шешімдері, қасбеттердің әрлеу материалдары мен түсіне қатысты шешімді таңдау, бөлшектенетін конструкциялардың жай-күйі сипатталған, реконструкциялаудың (қайта жоспарлаудың, қайта жабдықтаудың, қайта бейіндеудің) түрі - тіреу және қоршау (сыртқы) конструкцияларын, инженерлік жүйелері мен жабдықтарын өзгертуге байланысты (байланысты емес) екені туралы тұжырымдармен жалпы деректер.

      Тиісті лицензиясы бар жобалау ұйымы әзірлеген елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте орналастырылған сыртқы (көрнекі) жарнама құрылыс объектілері үшін әзірленетін эскиздің (эскиздік жобаның) құрамы мен мазмұны:

      1. 1:1000; 1:2000; 1:5000 (аталғанның бірі) масштабындағы ахуалдық жоспар;

      2. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектісінің күндізгі және түнгі бейнесі;

      3. Конструктивтік шешімдер;

      4. Инженерлік қамтамасыз ету бойынша шешім;

      5. Негізгі конструктивтік және сәулет-жоспарлау шешімдері, материалдары мен түсіне қатысты шешімін таңдау сипатталған жалпы деректер.

      Тиісті лицензиясы бар жобалау ұйымдары әзірлеген инженерлік желілер эскизінің (эскиздік жобасының) құрамы мен мазмұны:

      1. 1:1000; 1:2000; 1:5000 (аталғанның бірі) масштабындағы ахуалдық жоспар;

      2. Жобаланатын және қолданыстағы (сақталатын және бұзылуға жататын) ғимараттар, құрылысжайлар, құрылыстар, инженерлік және көлік коммуникациялары, абаттандыру элементтері және көпжылдық жасыл екпелер, геодезиялық пункттер белгіленетін бас жоспар;

      3. 1:200; 1:500; 1:1000; 1:2000 (аталғанның бірі) масштабындағы инженерлік желілердің жоспарлары;

      4. Инженерлік желілердің профильдері – кескіндер масштабы: тік 1:100 және көлденең 1:500; 1:1000; 1:2000 (аталғанның бірі);

      5. Конструктивтік және құрылыс шешімдері;

      6. Ерекшеліктер;

      7. Инженерлік желілер мен коммуникацияларды орналастыру (төсеу) жөніндегі негізгі конструктивтік және сәулет-жоспарлау шешімдері, материалдарды таңдау, пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі инженерлік-техникалық іс-шаралар, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі, сондай-ақ негізгі көлемдік-жоспарлау көрсеткіштерін (өткізу қабілеті, қуаты, көлемі, ұзындығы, құрылыс алаңы, көгалдандырылған және абаттандырылған учаскелер, материалдар) келтіре отырып, учаскені абаттандыру және көгалдандыру жөніндегі іс-шаралар баяндалған жалпы деректер.

 

  Құрылыс салуды ұйымдастыру
және құрылыс саласындағы
рұқсат беру рәсімдерінен өту
қағидаларына
6-қосымша
Нысан
  ____________________________
____________________________
____________________________

 

Өтініш

      Өтініш берушінің атауы:___________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе заңды тұлғаның атауы)
Мекенжайы: _____________________________________________________
Телефоны: ______________________________________________________
Тапсырысберуші: ________________________________________________
Жобаланатын құрылыс объектісінің атауы: ___________________________
Жобаланатын құрылыс объектісінің мекенжайы: ______________________
Жер учаскелері туралы мәліметтер:
Кадастрлық нөмірі/
Қаулының тіркеу нөмірі: _____________________________
Құрылыс объектісі туралы мәліметтер:
ОБН: ___________________
Сізден эскизді (эскиздік жобаны) келісуіңізді сұраймын.
Цифрлық жүйелерде қамтылатын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Күні: 20__ жылғы "___" ____________
Қолы ____________________________

 

  Құрылыс салуды ұйымдастыру
және құрылыс саласындағы
рұқсат беру рәсімдерінен өту
қағидаларына
7-қосымша

 

 

Жүктеу

"Эскизді (эскиздік жобаны) келісу" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі (бұдан әрі – Тізбе)

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары.

2.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы

Жоқ

3.

Мемлекеттік көрсетілетін және оның кіші түрлерін (бар болса) қызметті ұсыну тәсілдері

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру портал немесе МҚҚК АЦЖ арқылы жүзеге асырылады.

4.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі

10 (он) жұмыс күні.

5.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны

Электрондық (ішінара цифрландырылған).

6.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі

Эскизді (эскиздік жобаны) келісу хаты не осы Тізбенің 9-тармағында көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді бас тарту.

7.

Мемлекеттік қызмет және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде өтініш берушіден алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері

Төленбейді.

8.

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және құрылыс ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші – ҚР ЕКсәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, түскі асқа үзіліспен, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда;
2) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (ҚР ЕК сәйкес өтініш беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш білдірген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

9.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтініш берушіден талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
эскиздің (эскиздік жобаның) электрондық көшірмесі.

10.

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің
Кодексте және осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы;
5) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісуінің болмауы.

11.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетінқызметтің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.
Өтініш берушінің мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ 1414, 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

 

 

  Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және
құрылыс министрінің
2026 жылғы 29 мамырдағы
№ 265 бұйрықа
2-қосымша

 

Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі

      1. "Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 750 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12684 болып тіркелген).

      2. "Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 750 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 27 мамырдағы № 224 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13897 болып тіркелген).

      3. "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 26 ақпандағы № 135 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16499 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтары тізбесінің 4-тармағы.

      4. "Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 750 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 9 қазандағы № 701 бұйрығының 1-тармағы және "Меншік иесінің салынған объектіні пайдалануға дербес қабылдау қағидаларын, сондай-ақ қабылдау актісінің нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 867 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17577 болып тіркелген).

      5. "Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 750 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 3 шілдедегі № 475 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18977 болып тіркелген).

      6. "Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 750 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 наурыздағы № 174 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20244 болып тіркелген).

      7. "Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 750 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 24 наурыздағы № 149 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27222 болып тіркелген).

      8. "Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 750 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 21 маусымдағы № 352 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28555 болып тіркелген).

      9. "Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 750 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 20 қазандағы № 585 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30274 болып тіркелген).

      10. "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 29 мамырдағы № 392 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32623 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтары тізбесінің 3-тармағы.

      11. "Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 750 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 5 шілдедегі № 493 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33050 болып тіркелген).

      12. "Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 750 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 7 желтоқсандағы № 116 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33765 болып тіркелген).

      13. "Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 750 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 25 маусымдағы № 228 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34600 болып тіркелген).

      14. "Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 750 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 457 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35596 болып тіркелген).

      15. "Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 750 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 29 желтоқсандағы № 555 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 37744 болып тіркелген).

Құрылыстың эскизін (эскиздік жобасын) келісу және "Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету тәртібі
Дата публикации
23 ноября 2020