Ақмола облысы Ерейментау ауданында
шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың қорытындылары туралы
№ 1 ЖЕР КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАТТАМАЛЫҚ ШЕШІМІ
Конкурстың қорытындысын шығару күні: 2025 жылғы 17 қараша.
Байқаудың өтетін орны: Ерейментау қаласы, А.Құнанбаев көшесі, 121, 2 қабат, мәжіліс залы.
Жер комиссиясының отырысы Ерейментау ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында онлайн трансляция режимінде аудио -, бейнежазба құралдарының көмегімен тіркеу арқылы өткізілді.
Ерейментау ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 13 желтоқсандағы № а-12/326, 2025 жылғы 06 ақпандағы № а-2/22, 2025 жылғы 02 мамырдағы № а-4/115, 2025 жылғы 20 тамыздағы № а-8/183, 2025 жылғы 06 қарашадағы № а-11/281 қаулылары және Ерейментау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 23 желтоқсандағы № 8C-34/3-24, 2025 жылғы 11 ақпандағы № 8C-37/3-25, 2025 жылғы 27 мамырдағы № 8C-40/4-25, 2025 жылғы 29 тамыздағы № 8C-43/4-25, 2025 жылғы 13 қарашадағы № 8C-46/2-25 шешімдері негізінде құрылған, Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес, Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-1 бабына және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары-Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 518 бұйрығымен бекітілген шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларына (бұдан әрі - қағидалар) сәйкес шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазын айқындау тәртібіне сәйкес әрекет етуші келесі құрамдағы конкурстық комиссия:
Талғат Бапанұлы Қарыбжанов – Ерейментау ауданы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы;
Нұрғали Әшімұлы Әубәкіров – Ерейментау ауданының жер қатынастары, сәулет және қалақұрылысы бөлімінің бас маманы, комиссия хатшысы;
Комиссия мүшелері:
Елена Васильевна Олексиенко – Ерейментау ауданының жер қатынастары, сәулет және қалақұрылысы бөлімінің басшысы;
Алмагүл Қаиржанқызы Битакова – Ерейментау ауданының жер қатынастары, сәулет және қалақұрылысы бөлімінің бас маманы, болған жоқ;
Гүлнар Ибрагимқызы Жүнісова – Ерейментау ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы;
Жамалиден Жанатұлы Түгелбаев – Ерейментау аудандық мәслихатының депутаты;
Берік Серікбайұлы Төлеубеков – Ақмола облысы Кәсіпкерлер палатасының Ерейментау ауданы филиалының директоры;
Тұрсын Айтымұлы Алайдаров – Ерейментау ауданы қоғамдық кеңесінің өкілі;
Тохтар Секенович Атыгаев – «ZHER-ANA-2021» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры;
Асет Алпысович Манабаев – «Қарағайлы» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің төрағасы, болған жоқ;
Марат Шугаевич Магрупов – «Шарықты-2022» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, болған жоқ;
Куаныш Казымович Абенов – «Эмир-Мерген» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры;
Анна Валентиновна Ерке – «АЭҮК» АҚ Степногор ААЭЖ Ерейментау АЭЖ өкілі;
Жанабек Кұрманұлы Кенжебаев – «Қазақтелеком» АҚ Ерейментау ЖТЦ өкілі, болған жоқ;
Каиржан Балташевич Курманбаев – Ерейментау ауданы әкімдігінің жанындағы «Ерейментау Су Арнасы» ШЖҚ МКК өкілі;
Иманмади Қабыкенұлы Жұмаханов – «OLJABAY8» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өкілі.
Марат Болатұлы Жампеисов – Еркіншілік ауылдық округінің әкімі;
Бекзат Ордабайұлы Махметов - жергілікті қоғамдастық жиналысы жіберген, Еркіншілік ауылдық округінің жергілікті халық өкілі.
ҚР Жер Кодексінің 43-бабына сәйкес жер комиссиясының отырысын өткізу үшін кворум бар.
Жер комиссиясының отырысы құқыққа сыйымды болып табылады.
Күн тәртібі:
№ 1 лот бойынша конкурсқа қатысу үшін – Еркіншілік ауылдық округінің әкімшілік шекараларында шаруа қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жалпы алаңы 387,0 га, соның ішінде 373,0 га егістік, 14,0 га табиғи жайылым жер учаскесі 2 өтінім келіп түсті және Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-1-бабы 9-тармағының талаптарына сәйкес келуіне байланысты конверттерді ашу хаттамасына сәйкес конкурсқа қатысуға жіберілді:
1) жер учаскесі жалға алынған алғашқы бес жылда 1 гектарға салынатын инвестициялардың болжамды көлемі, мың теңге:
суарылмайтын егістікке:
50-ге дейін – 1 балл;
50-ден 70-ке дейін –2 балл;
70-тен 90-ға дейін – 3 балл;
90-нан 110-ға дейін – 4 балл;
110-нан жоғары – 5 балл;
суарылатын егістікке (суарылатын жерлер):
200-ге дейін – 1 балл;
200-ден 300-ге дейін – 2 балл;
300-ден 400-ге дейін – 3 балл;
400-ден 500-ге дейін – 4 балл;
500-ден жоғары – 5 балл;
жайылымдық және шабындық алқаптарға:
5-ке дейін – 1 балл;
5-тен 10-ға дейін – 2 балл;
10-нан 20-ға дейін – 3 балл;
20-дан 30-ға дейін – 4 балл;
30-дан жоғары – 5 балл;
2) жайылымдық жерлерге – ауыл шаруашылығы жануарлары басының болуы:
50-ден аз ірі қара мал, жылқы, түйе – 5 балл;
50 және одан да көп бас ірі қара мал, жылқы, түйе – 10 балл;
300-ден аз ұсақ мал басы – 5 балл;
300 және одан да көп ұсақ мал басы – 10 балл;
3) меншігінде ауыл шаруашылығы техникасының болуы:
5 бірліктен кем – 5 балл;
5 және одан да көп бірлік – 10 балл;
4) технологиялық жабдықтың болуы:
1 бірлік – 1 балл;
2 және одан да көп бірлік – 3 балл;
5) ауыл шаруашылығы саласында білікті мамандардың болуы:
5 білікті маманнан кем – 5 балл;
5 және одан да көп білікті маман – 10 балл.
Осы ауданда, қалада, ауылда, кентте кемінде 5 жыл тұратын адамдарға олардың конкурстық ұсыныстарына қосымша 10 балл беру түрінде артықшылық беріледі.
Бизнес-жоспар бойынша балл беру жолымен өтінімді бағалау және салыстыру қорытындылары бойынша жер комиссиясы берді:
Руслан Айтбаевич Кызыров басқаратын «Картбай» ШҚ-на - 48 бал;
Сергей Николаевич Пикаловқа – 14 бал.
Қағидалардың 24-тармағына сәйкес, ең жоғары балл алған қатысушы жеңімпаз болып танылады.
Комиссия № 1 лот бойынша Руслан Айтбаевич Кызыров басқаратын «Картбай» ШҚ жеңімпаз деп анықтауға шешім қабылдады.
Хаттамамен таныстым және келісемін:
Комиссия төрағасы Карибжанов Т.Б.
Хаттамамен таныстым және келісемін:
Комиссия мүшелері: Олексиенко Е.В.
Битакова А.К.
Жунусова Г.И.
Тугельбаев Ж.Ж.
Тулеубеков Б.С.
Алайдаров Т.А.
Атыгаев Т.С.
Манабаев А.А.
Магрупов М.Ш.
Абенов К.К.
Ерке А.В.
Кенжебаев Ж.К.
Курманбаев К.Б.
Жумаханов И.К.
Жампеисов М.Б.
Жер комиссиясының хатшысы Әубәкіров Н.Ә.