2025 жылдың екінші жартыжылдығында Ерейментау ауданының барлық деңгейдегі әкімдерінің халықпен тұрақты кездесулері туралы ақпарат
"Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 03 наурыздағы №826 Жарлығын орындау шеңберінде ағымдағы жылы жартыжылдық сайынғы негізде Ерейментау ауданының барлық деңгейдегі әкімдерінің ауыл, ауылдық округ және Ерейментау қаласының тұрғындарымен тұрақты кездесулері өткізіледі.
2025 жылғы 07 қазаннан 24 қазанға дейін Ерейментау ауданының барлық деңгейдегі әкімдерінің «2025 жылдың 9 айындағы өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2026 жылға арналған жоспарлар туралы» халықпен тұрақты кездесулері өтті.
Кездесулер өткізілгенге дейін халықтың ең көп санын тарту мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде ресми интернет-ресурстарда, әкімдіктердің (әкімдер аппараттарының) ресми аккаунттарында, әлеуметтік желілерде және көпшілікке жариялау орындарында ақпараттық-үгіт жұмыстары жүргізілді. Ерейментау ауданы әкімдерінің орталық және шағын елді мекендерде, ауылдарда, ауылдық округтерде және Ерейментау қаласында халық алдында тұрақты кездесулер өткізу кестесі, сондай-ақ аудан әкімінің азаматтарды жеке қабылдауын өткізу туралы ақпарат Ерейментау ауданы әкімінің сайтында және әлеуметтік желілерде орналастырылды. Әрбір елді мекенде ұсыныстар жинау үшін арнайы жәшіктер орнатылды (барлығы – 31 жәшігі).
Ерейментау қаласының орталық, шағын ауылдарында және шағын аудандарында барлығы 51 тұрақты кездесу жоспарланып, өткізілді, оған барлығы 1780 адам қатысты, 23 адам сөз сөйледі. Әкімдермен тұрақты кездесулерге дейін және одан кейін азаматтарды жеке қабылдау өткізілді, барлығы 51 қабылдау.
Ағымдағы жылы аудан әкімінің, ауыл, ауылдық округ және Ерейментау қаласы әкімдерінің атына өткізілген тұрақты кездесулерде ешқандай сын-ескертпелер болған жоқ.
Барлығы 23 ұсыныс енгізілді. Аудан тұрғындарын толғандыратын негізгі автомобиль жолдарын жөндеу, елді мекендердің көшелерін жарықтандыру, Елді мекендердегі су құбыры желілерін жөндеу, жұмысқа орналастыру, жер қатынастары т. б. мәселелер көтерілді.
Тұрақты кездесулердің қорытындысы бойынша барлық 23 ұсыныс қаралып, 7 мәселе бақылауға алынды, қаржыландыру жергілікті бюджет:
Кезекті тұрақты кездесулер 2026 жылдың сәуір айында жоспарланған, осы уақытқа дейін биылғы тұрақты кездесулерде қойылған барлық мәселелер бойынша пысықтау қажет.
Бөлім басшылары, қалалық округ әкімдері біздің өңірдің проблемаларын шешуге жауапкершілікпен қарасын, халықпен тұрақты кездесулерде айтылған ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру жөніндегі Жоспардың орындалуы бойынша сапалы ақпаратты уақтылы ұсынсын.
Ерейментау ауданының әкімі Н. Мұқатов