Ақмола облысы Ерейментау ауданы Бестоғай, Күншалған, Тайбай, Өлеңті ауылдық округтері мен Сілеті ауылының сайланған әкімдерін тіркеу туралы хабарлама

Ақмола облысы Ерейментау ауданы Бестоғай, Күншалған, Тайбай, Өлеңті ауылдық округтері мен Сілеті ауылының   сайланған әкімдерін тіркеу туралы хабарлама

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңы 14-бабының 9) тармақшасына, 45-бабына, 46-баптың 3-тармағына 113-11-бабының 1-тармағына сәйкес, 2025 жылғы «13» шілдеде болған Ақмола облысы Ерейментау ауданы Бестоғай, Күншалған, Тайбай, Өлеңті ауылдық округтері мен  Сілеті ауылының әкімдерді сайлау қорытындылары туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде Ерейментау аудандық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:

 

  1. 1981 жылы туған, Бестоғай ауылдық округінің Байсары ауылында тұратын, "АсНО Кокше" ЖШС директоры Қамтаев Айнат Сағынтайұлы Ақмола облысы Ерейментау ауданы Бестоғай ауылдық округінің әкімі болып тіркелсін.
  2. 1982 жылы туған, Ерейментау ауданы Шәкей ауылында тұратын, «Ерейментау ауданы Күншалған ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ әкімі, Залғаринов Нұрымбек Рақымжанұлы Ақмола облысы Ерейментау ауданы Күншалған ауылдық округінің әкімі болып тіркелсін.
  3. 1988 жылы туған, Ерейментау қаласында тұратын, «Үмбетей жырау атындағы Ерейментау аудандық мәдениет үйі» МКҚК-ның халық шығармашылығын дамыту жөніндегі әдіскері, Әбжіков Сырым Ерболұлы Ақмола облысы Ерейментау ауданы Тайбай ауылдық округінің әкімі болып тіркелсін.
  4. 1987 жылы туған, Ерейментау қаласында тұратын «Ерейментау ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ сектор меңгерушісі, Амантаева Дана Ахметқызы Ақмола облысы Ерейментау ауданы Өлеңті ауылдық округінің әкімі болып тіркелсін.
  5. 1987 жылы туған, Сілеті ауылында тұратын, уақытша жұмыс істемейтін, Құсман Жарқынгүл Ақмола облысы Ерейментау ауданы Сілеті ауылының әкімі болып тіркелсін.
  6. Сайланған әкімдерді тіркеу туралы хабар жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
  7. Тиісті куәліктер берілсін.
Ақмола облысы Ерейментау ауданы Бестоғай, Күншалған, Тайбай, Өлеңті ауылдық округтері мен Сілеті ауылының сайланған әкімдерін тіркеу туралы хабарлама
Дата публикации
15 июля 2025