Сайлау қорытындылары туралы ХАБАРЛАМА

Сайлау қорытындылары туралы хабарлама

         2025 жылғы 13 шілдеде бес сайлау округі бойынша Ерейментау ауданының Бестоғай, Күншалған, Тайбай, Өлеңті ауылдық округтерінің әкімдері мен Сілеті ауылы әкімінің сайлауы өтті.

         Ерейментау аудандық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес учаскелік сайлау комиссияларының Ерейментау ауданы Бестоғай, Күншалған, Тайбай, Өлеңті ауылдық округтерінің әкімдерін және Сілеті ауылы әкімінің сайлау нәтижелері туралы хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

Бестоғай сайлау округі

Бестоғай ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

         Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 293 азамат енгізілді, оның ішінде - 233___дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдердің саны –_14, "барлығына қарсы" деген жолда белгісі бар - 5.

Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны: Әлімжанов Н.Қ.–95; Қамтаев А. С.–119; Сәулебаев М. Қ.–0.

         Бестоғай ауылдық округінің әкімі болып Қамтаев Айнат Сағынтайұлы сайланды, 1981 жылы туған, "АсНо Көкше" ЖШС директоры, Бестоғай ауылдық округінің Байсары ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылған.

         Күншалған сайлау округі

Күншалған ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

         Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 331 азамат енгізілді, оның ішінде _165__дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдердің саны –12, "барлығына қарсы" деген жолда белгісі бар -8.

Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Ершова М.Л. – 11; Жакупова Ю.Ю. – 58; Залғаринов Н.Р. – _76.

         Күншалған ауылдық округінің әкімі болып Залғаринов Нұрымбек Рақымжанұлы сайланды, 1982 жылы туған, «Ерейментау ауданы Күншалған ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ әкімі, Күншалған ауылдық округі Шәкей ауылында тұрады, «AMANAT» партиясынан ұсынылған.

Сілеті сайлау округі

Сілеті ауылы әкімінің сайлауы бойынша:

         Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 395 азамат енгізілді, оның ішінде 249___дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдердің саны–_17, "барлығына қарсы" деген жолда белгісі бар - 4.

Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:

         Құcман Ж. –181; Мозговая О.П. – 20; Тлепова А.Е. – 27.

         Сілеті ауылының әкімі болып Құсман Жарқынгүл сайланды, 1987 жылы туған, уақытша жұмыс істемейтін, Сілеті ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну арқылы ұсынылған.

Тайбай сайлау округі

Тайбай ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

         Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1074 азамат енгізілді, оның ішінде 475___дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдердің саны –33, "барлығына қарсы" деген жолда белгісі бар - 23.

Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны: Әбжіков С.Е. – 315; Әлжанова А.М. – 30; Тулеубеков Б.С. – 74.

         Тайбай ауылдық округінің әкімі болып Әбжіков Сырым Ерболұлы сайланды, 1988 жылы туған, «Үмбетей жырау атындағы Ерейментау аудандық мәдениет үйі» МКҚК халық шығармашылығын дамыту жөніндегі әдіскер, Ерейментау қаласында тұрады, өзін-өзі ұсыну арқылы ұсынылған.

Өлеңті сайлау округі

Өлеңті ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

         Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 560 азамат енгізілді, оның ішінде - 356___дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдердің саны – 22, "барлығына қарсы" деген жолда белгісі бар - 5.

Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:

         Амантаева Д.А. – _176; Исенова Қ.Б. – _9; Мұстафина А.Ж. – _144.

         Өлеңті ауылдық  округінің әкімі болып Амантаева Дана Ахметқызы сайланды, 1987 жылы туған, "Ерейментау ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ-нің сектор меңгерушісі, Ерейментау қаласында тұрады, өзін-өзі ұсыну арқылы ұсынылған.

 

Ерейментау аудандық сайлау комиссиясы

 

Сайлау қорытындылары туралы ХАБАРЛАМА
Дата публикации
14 июля 2025