Ерейментау ауданы Бестоғай ауылдық округі әкіміне кандидатты тіркеудің күшін жою туралы Ерейментау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының № 53/63 ШЕШІМІ

Ерейментау ауданы Бестоғай ауылдық округі  әкіміне кандидатты тіркеудің күшін жою туралы Ерейментау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының

№ 53/63  ШЕШІМІ

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-6-бабы 1-тармағына сәйкес және Бестоғай ауылдық округінің әкіміне кандидат - Ж.А.Әбілдинованың жазбаша өтініші негізінде Ерейментау аудандық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  • Бестоғай ауылдық округі әкіміне кандидат Жұлдыз Аманжолқызы Әбілдинованың тіркелуінің күші жойылсын.
  • Аудандық сайлау комиссиясының ресми интернет - ресурсында Бестоғай ауылдық округі әкіміне кандидат - Жұлдыз Аманжолқызы Әбілдинованың тіркеудің күшін жою туралы хабарлама жариялансын.
  • Ақмола облыстық сайлау комиссиясына Бестоғай ауылдық округі әкіміне кандидат – Жұлдыз Аманжолқызы Әбілдинованың тіркеудің күшін жою туралы шешім жіберілсін.
Ерейментау ауданы Бестоғай ауылдық округі әкіміне кандидатты тіркеудің күшін жою туралы Ерейментау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының № 53/63 ШЕШІМІ
Дата публикации
09 июля 2025