2025 жылдың бірінші жартыжылдығында аудандық маңызы бар қалалар, ауылдық округтер мен ауылдар әкімдерінің тұрақты беру кездесулерінде тұрғындар тарапынан айтылған
ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын
2025 жылғы 01 шілдеге орындалуы туралы ақпарат
Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы № 826 Жарлығын орындау шеңберінде жарты жылда бір рет Ерейментау ауданының барлық деңгейдегі әкімдерінің ауылдардың, ауылдық округтердің және Ерейментау қаласының тұрғындарымен тұрақты кездесулері өткізіледі.
2025 жылғы 01 сәуір мен 06 мамыр аралығында Ерейментау ауданының барлық деңгейдегі әкімдерінің «Өңірдің 2024 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2025 жылға арналған жоспарлары туралы» халықпен тұрақты кездесулері өтті.
Барлығы орталық, шағын ауылдарда және Ерейментау қаласының шағын аудандарында 51 тұрақты кездесу жоспарланған және өткізілді, оған барлығы 1655 адам қатысты, оның ішінде 1159 офлайн, онлайн – трансляция арқылы 496, барлығы 34 адам сөз сөйледі. Тұрақты кездесулерге дейін және одан кейін әкімдер халық азаматтарын қабылдады, барлығы 28 қабылдау өткізілді.
Тұрақты кездесулердің қорытындысы бойынша барлық 45 ұсыныс қаралды, бақылауға 7 мәселе алынды, қаржыландыру көзі жергілікті бюджет:
6.01.09.2025ж. дейін - Бозтал ауылының Достық көшесінде телекоммуникация байланыс желілерінің жөндеу жұмыстарын жүргізу.
Ерейментау ауданының әкімі Н.Мұқатов