Ерейментау ауданы Өлеңті ауылдық округі әкіміне кандидатты тіркеудің күшін жою туралы Ерейментау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының № 48/58 ШЕШІМІ

Ерейментау ауданы Өлеңті ауылдық округі  әкіміне кандидатты тіркеудің күшін жою туралы Ерейментау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының

№ 48/58  ШЕШІМІ

 

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5-бабы 11-тармағының 8-тармақшасына сәйкес және Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Ерейментау ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының 2025 жылғы 26 маусымдағы №02-926 хатының негізінде оған сәйкес активтер мен мәліметтер белгіленген Өлеңті ауылдық округі әкіміне кандидат- С.У.Сұлтанова ұсынған активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда анық емес мәліметтер белгіленген, Ерейментау аудандық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  • Өлеңті ауылдық округі әкіміне кандидат Сәуле Уәлиханқызы Сұлтанованың тіркелуінің күші жойылсын.
  • аудандық сайлау комиссиясының ресми интернет - ресурсында Өлеңті ауылдық округі әкіміне кандидатты тіркеудің күшін жою туралы хабарлама жариялансын- С.У.Сұлтанова.
  • Ақмола облыстық сайлау комиссиясына Өлеңті ауылдық округі әкіміне кандидат - С.У.Сұлтанова тіркеудің күшін жою туралы шешім жіберілсін.

 

Ерейментау ауданы Өлеңті ауылдық округі әкіміне кандидатты тіркеудің күшін жою туралы Ерейментау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының № 48/58 ШЕШІМІ
Дата публикации
29 июня 2025