Ерейментау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының Ерейментау ауданы Бестоғай, Күншалған, Өлеңті ауылдық округтері әкімдеріне кандидаттарды тіркеу туралы хабарламасы

Ерейментау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының Ерейментау ауданы Бестоғай, Күншалған, Өлеңті ауылдық округтері әкімдеріне кандидаттарды тіркеу туралы хабарламасы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5-бабына сәйкес келіп түскен құжаттарды қарап, Ерейментау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 20 маусымдағы Бестоғай, Күншалған, Өлеңті ауылдық округтері әкімдеріне кандидаттарды тіркеу туралы  хаттамасы негізінде кандидаттардың тіркелгені туралы хабарлаймыз:

Бестоғай ауылдық округі:

  • Әбілдинова Жұлдыз Аманжолқызы -1977 жылы туған, «Өлеңті ауылының жалпы білім беретін мектебі" КММ директордың тәрбие жөніндегі орынбасары, Өлеңті ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.

Күншалған ауылдық округі:

  • Залгаринов Нұрымбек Рақымжанұлы -1982 жылы туған, «Ерейментау ауданы Күншалған ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ әкімі, Шәкей ауылында тұрады, «AMANAT» партиясынан ұсынылған.

Тайбай ауылдық округі:

  • Әбжіков Сырым Ерболұлы - 1988 жылы туған, «Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі жанындағы Үмбетей жырау атындағы Ерейментау аудандық мәдениет үйі»  МКҚК, халық шығармашылығын дамыту жөніндегі әдіскер, Ерейментау қаласында тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
  • Әлжанова Алмагүл Мейрамқызы -1980 жылы туған, "Ерейментау ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ-нің басшысы, Ерейментау қаласында тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
  • Тулеубеков Берік Серікбайұлы – 1985 жылы туған, «Олжа Іскер» ЖШС директоры, Жолбасшы ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.

Өленті ауылдық округі:

  • Амантаева Дана Ахметқызы -1987 жылы туған, «Ерейментау ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ сектор меңгерушісі, Ерейментау қаласында тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
  • Мұстафина Алмагүл Жақсылыққызы -1973 жылы туған, «Ерейментау ауданы Өлеңті ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ әкімі, Өлеңті ауылында тұрады, «AMANAT» партиясынан ұсынылған.

Ерейментау аудандық

сайлау комиссиясы

Ерейментау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының Ерейментау ауданы Бестоғай, Күншалған, Өлеңті ауылдық округтері әкімдеріне кандидаттарды тіркеу туралы хабарламасы
Дата публикации
20 июня 2025