Ерейментау ауданы әкімдігінің жанындағы «Жылусервис» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелеріне қоғамдық талқылау жүргізеді.
⚖️ Ерейментау ауданы әкімдігінің жанындағы «Жылусервис» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың себептері мен жағдайларын анықтау және зерделеу мақсатында 2025 жылғы 17 маусымнан бастап 21 маусымға дейін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін талқылауы басталғаны туралы хабарлайды.
👩🏻🤝👨🏽Барлық мүдделі тұлғалар жұмыс тобының құрамында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауды талқылауға қатыса алады.
☎️Қоғамдық талқылауға қатысу мәселелері бойынша ағымдағы жылдың 14 маусымына дейін Ерейментау ауданы әкімдігінің жанындағы «Жылусервис» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны келесі телефон нөмірі бойынша хабарласуға болады: 2-32-96