Ж.А.Усенов, Ерейментау аудандық сотының судьясы
ҰРЛЫҚ ЖАСАҒАНЫ ҮШІН ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚҚА ТАРТЫЛДЫ.
Ақмола облысының Ерейментау аудандық сотында "Whatsapp" мобильдік қосымшасы арқылы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігінің 3-тармағымен сотқа берілген «С»-ға қатысты қылмыстық іс процестік келісім тәртібінде қаралды.
Сот үкімімен «С» кінәлі деп танылып, 3 жыл 6 ай мерзімге мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, барлық тағайындалған жаза мерзіміне пробациялық бақылау белгіленді. Жәбірленушінің материалдық шығынды өндіру жөніндегі талап қою арызы толық қанағаттандырылды.
Сотта анықталғандай, «С» бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру қылмыстық пиғылын іске асыру мақсатында сотталушы жәбірленуші «С.З»-ның тұрғын үйіне заңсыз кіріп, тиесілі тұрмыстық заттарын жымқырып, 211130 теңге материалдық шығын келтірген.
Сот отырысында сотталушы өз кінәсін толық мойындады.
Үкім заңды күшіне енбеген.