Б.Жиенбеков, Ерейментау аудандық сотының кеңсе меңгерушісі
Тұрғын үйге меншік құқығын тану туралы шешім қабылданды.
Ақмола облысының Ерейментау аудандық сотында азамат Ж. - ның Ерейментау ауданының әкіміне тұрғын үйді иелену мерзімінің ескіруіне байланысты меншік құқығын тану туралы талап арызын қанағаттандыру туралы шешім шығарылды.
Талапкер Ж.өзінің талаптарын жиырма жыл ішінде ол осы үйді өзінің меншігі ретінде адал, ашық және үздіксіз иеленетіндігімен, ұстау ауыртпалығын көтеретіндігімен дәлелдеді. 2000 жылы талапкердің әкесі бұл үйді азаматтан сатып алды. Қазіргі уақытта үйге құқық беретін құжаттар жоқ.
Сот отырысы барысында талап қоюшы талап арызда баяндалған дәлелдерге сілтеме жасай отырып, талап қою талаптарын қанағаттандыруды талап етті.
Жауапкердің өкілі талапты мойындады және талапты қанағаттандыруға қарсы болмады.
Сот шешімі заңды күшіне енді.