Мұрагерлік құқық мәселесі бойынша шешім шығарылды.

Б.Жиенбеков, Ерейментау аудандық сотының кеңсе меңгерушісі

Мұрагерлік құқық мәселесі бойынша шешім шығарылды.

 

      Ақмола облысының Ерейментау аудандық сотында азамат И. - ның азамат Ю. - ға мұраны қабылдау мерзімін қалпына келтіру туралы талап арызын қанағаттандыру туралы шешім шығарылды.

       Талапкер И.өзінің талаптарын 2019 жылы қайтыс болған анасының қайтыс болуынан кейін Ерейментау қаласына барып, Қазақстан Республикасының Үкіметі короновирус індетіне қарсы күресте қабылдаған шектеу шараларына байланысты нотариусқа жүгіне алмайтындығымен және олар дәлелді себептер бойынша мұраны қабылдау мерзімін өткізіп алғандығымен, осыған байланысты мұраны қабылдау үшін өткізіп алған мерзімді қалпына келтіруді сұрағандығымен уәждеді.

      Пікірде жауапкер Ю. талап арызды қанағаттандыруға қарсы емес екенін көрсетті.

      Сот шешімі заңды күшіне енді.

Дата публикации
03 ноября 2020