Әкімшілік істер бойынша 10 жекеше қаулылар шығарылды

А.Т.Бегенжов, Ерейментау аудандық соты кеңсесінің бас маманы

Әкімшілік істер бойынша 10 жекеше қаулылар шығарылды

«Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 829-19 бабына сәйкес, заңдылықты бұзу жағдайлары анықталған, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайлар белгіленген кезде сот жекеше қаулы шығарады және тиісті ұйымға және лауазымды адамдарға оларды жою жөнінде шаралар қолдану туралы ұсыну енгізеді.

Соттың жекеше қаулысына оны алған күннен бастап он тәулік ішіндешешімі шағым жасалуға, наразылық білдіруге жатпайтын жоғары тұрған сотқа шағым жасалуы мүмкін.

Ұйымдардың басшылары және басқа да лауазымды адамдар жекеше қаулыны алған күнінен бастап бір ай ішінде қарауға және қолданған шаралар туралы жекеше қаулы шығарған сотқа хабарлауға міндетті.

Ағымдағы жылдың басынан бүгінгі күнге дейін Ерейментау аудандық сотымен қаралған әкімшілік істер бойынша анықталған заңдылықты бұзуды, сонымен қатар, әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою туралы 10 жекеше қаулы Ерейментау аудандық полиция бөлімінің атына шығарылған.

Дата публикации
03 ноября 2020