Ақмола облысы Ерейментау аудандық сотында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс – қимыл кезеңі» атты Жолдауы талқыланды.

       Іс-шараға аудандық соттың төрағасы М.А.Ақышев, судья Ж.А.Үсенов және кеңсе қызметкерлері қатысты.
       Сот төрағасы М.А.Ақышев өз сөзінде, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс – қимыл кезеңі» деп аталған Жолдауында сот саласына ерекше мән беріліп отырғанын яғни, Жолдаудың VIII – бөлімімен Әділетті мемлекет азаматтардың мүддесін қорғау жолында деп аталғанын. Бұл жерде заң үстемдігі орнықпаса және азамат¬тардың қауіпсіздігіне кепілдік берілмесе, әлеуметтік-экономикалық дамудың бір¬де-бір міндеті табысты жүзеге асырылмайтыны көрсетілген.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» – бұл, шын мәнісінде, «Әділетті мем¬лекет» құру тұжырымдамасы. Азамат¬тардың мәселелерін тыңдап, көріп қана қою жеткіліксіз екенін. Ең бастысы – дұрыс жә¬не әділ шешім шығару қажет екенін көрсетіп отырғанын. Азаматтар мүддесіне қызмет ететін мемлекеттің жаңа стандарттарын әзірлеу үшін көп жұмыс атқаруымыз керек екенін. Осы тұр¬ғыда құқық қорғау және сот жүйеле¬ріне негізгі рөл жүктелетінін және бұл салаға ре¬форма аса қажет. Сондай – ақ, дау-дамайды шешудің баламалық тәсілдерін де дамыту қажеттілігін және «Ме¬диа¬ция туралы» заңынада назар аударылғанын жеткізді.
      Талқылау барысында сот төрағасы М.А.Ақышевпен Жолдаудың аса маңыздылығы мен оның орындалуына өз күш жігерімізді аямауыз қажет екені аталып өтті. «Алдымызда ауқымды әрі күрделі міндеттер тұр. Соларды табысты жүзеге асыру үшін тың тәсіл, жаңаша ойлау, жалпыұлттық ынтымақ және өзара қолдау қажет» деген Президентіміздің сөздері әрбір қазақстандыққа жаңа өмір салтын қалыптастыруға, жаңаша ойлауға бағдар беріп тұрғандай деп өз сөзімен қорытындылады.
        Өз кезегінде аудандық соттың қызметкерлері Жолдауды толығымен қолдап, еліміздің дамуы мен көркеуіне өз үлестерін қосуға ниет білдірді.

Дата публикации
03 ноября 2020