Ақмола облысының Ерейментау аудандық сотында азаматтық іс қаралды

Жиенбеков Б.,Ерейментау аудандық сотының кеңсе меңгерушісі

           Ақмола облысының Ерейментау аудандық сотында азаматтық іс қаралды

          Ақмола облысының Ерейментау аудандық сотында талап қоюшы  У-ның  жауапкер З.-дан 150 000 теңге көлемінде қарызды  өндіріп алу туралы  азаматтық іс қаралды.

Іс бойынша тараптар сотқа медиациялық келісімді бекіту туралы өтініштерін ұсынды, оған сәкес жауапкер қарызды 01 жылдың 2020 желтоқсанына дейін қайтару міндеттенді.

Жасалған бітімгершілік келісімнің артықшылығы - тараптардың әрқайсысының мүдделері ескеріледі, өзара тиімді және келісімге қол жеткізілді, ол екі тарапты да қанағаттандырды.

Сот ұйғарымымен жасалған бітімгершілік келісім бекітіліп, іс бойынша өндіріс тоқтатылды.

Сот ұйғарымы заң күшіне енді.

Дата публикации
03 ноября 2020