А.Т.Бегенжов, Ерейментау аудандық соты кеңсесінің бас маманы
Ерейментау аудандық сотымен бейнеконференцбайланыс арқылы аудан нотариустарымен дөңгелек үстел өткізілді.
2020 жылғы 30 қыркүйекте Ерейментау аудандық сотының төрағасы М.А. Ақышев бейнеконференцбайланыс арқылы аудан нотариустарының қатысуымен дөңгелек үстел өткізді, онда аудандық соттарға жүктемені азайту мақсатында "Нотариат туралы" Заңға енгізілген жаңа енгізілімдер талқыланды.
2020 жылғы 29 маусымда "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізілді, атап айтқанда борышкер орындалмаған міндеттемені жазбаша таныған кезде, банктік қарыздарды қоспағанда, тұрақсыздық айыбын (өсімпұлды), пайыздарды, егер олар тиесілі болса, өндіріп алу атқарушылық жазба негізінде жүргізіледі.
Атқарушылық жазбаны жасау, егер шартта тұрақсыздық айыбын (өсімпұлды), пайыздарды өндіріп алудың өзге тетігі көзделмесе, борышкер орындалмаған міндеттемеде кінәні мойындаған, нотариус орындалмаған міндеттемеде кінәні тану фактісін растаған кезде жүзеге асырылады
Дөңгелек үстелге қатысушылар қолданыстағы заңнаманы талқылап, осы Заңды практикада қолдану туралы пікір алмасты.