Ақмола облысы Ерейментау ауданында
шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың қорытындылары туралы
№ 2 ЖЕР КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАТТАМАЛЫҚ ШЕШІМІ
Конкурстың қорытындысын шығару күні: 2025 жылғы 17 ақпан.
Байқаудың өтетін орны: Ерейментау қаласы, А.Құнанбаев көшесі, 121, 2 қабат, мәжіліс залы.
Жер комиссиясының отырысы Ерейментау ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында онлайн трансляция режимінде аудио -, бейнежазба құралдарының көмегімен тіркеу арқылы өткізілді.
Ерейментау ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 13 желтоқсандағы № а-12/326, 2025 жылғы 06 ақпандағы № а-2/22 қаулылары және Ерейментау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 23 желтоқсандағы № 8C-34/3-24, 2025 жылғы 11 ақпандағы № 8C-37/3-25 шешімдері негізінде құрылған, Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес, Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-1 бабына және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары-Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 518 бұйрығымен бекітілген шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларына (бұдан әрі - қағидалар) сәйкес шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазын айқындау тәртібіне сәйкес әрекет етуші келесі құрамдағы конкурстық комиссия:
Ғабды-Сабыр Мұхамедди – Ерейментау ауданы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы;
Нұрғали Әшімұлы Әубәкіров – Ерейментау ауданының жер қатынастары, сәулет және қалақұрылысы бөлімінің бас маманы, комиссия хатшысы;
Комиссия мүшелері:
Елена Васильевна Олексиенко – Ерейментау ауданының жер қатынастары, сәулет және қалақұрылысы бөлімінің басшысы;
Алмагүл Қаиржанқызы Битакова – Ерейментау ауданының жер қатынастары, сәулет және қалақұрылысы бөлімінің бас маманы, болған жоқ;
Гүлнар Ибрагимқызы Жүнісова – Ерейментау ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы;
Жамалиден Жанатұлы Түгелбаев – Ерейментау аудандық мәслихатының депутаты;
Мерей Бегендікұлы Қасенов – Ақмола облысы Кәсіпкерлер палатасының Ерейментау ауданы филиалының директоры;
Ермұхан Темірғалиұлы Жапабаев – Ерейментау ауданы қоғамдық кеңесінің өкілі;
Тохтар Секенович Атыгаев – «ZHER-ANA-2021» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры;
Асет Алпысович Манабаев – «Қарағайлы» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің төрағасы, болған жоқ;
Марат Шугаевич Магрупов – «Шарықты-2022» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, болған жоқ;
Куаныш Казымович Абенов – «Эмир-Мерген» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры;
Анна Валентиновна Ерке – «АЭҮК» АҚ Степногор ААЭЖ Ерейментау АЭЖ өкілі;
Жанабек Кұрманұлы Кенжебаев – «Қазақтелеком» АҚ Ерейментау ЖТЦ өкілі, болған жоқ;
Саят Өсербайұлы Қосшығұлов – Ерейментау ауданы Аманат партиясы аумақтық филиалының атқарушы хатшысы;
Иманмади Қабыкенұлы Жұмаханов – «OLJABAY8» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өкілі.
Гүлнар Төлегенқызы Әлімжанова – Бозтал ауылының әкімі;
Аралбай Серікұлы Қырықбаев - жергілікті қоғамдастық жиналысы жіберген, Бозтал ауылының жергілікті халық өкілі.
ҚР Жер Кодексінің 43-бабына сәйкес жер комиссиясының отырысын өткізу үшін кворум бар.
Жер комиссиясының отырысы құқыққа сыйымды болып табылады.
Күн тәртібі:
№ 2 лот бойынша конкурсқа қатысу үшін – Бозтал әкімшілік шекараларында шаруа қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жалпы алаңы 818,6 га, соның ішінде 818,6 га табиғи жайылым жер учаскесі 5 өтінім келіп түсті:
соның ішінде Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-1-бабы 9-тармағының талаптарына сәйкес келуіне байланысты конверттерді ашу хаттамасына сәйкес конкурсқа қатысуға 4 өтінім қабылданды:
1) Мурат Серикович Копабаев, Ерейментау ауданы, Бозтал ауылы, Б.Момышұлы көшесі, 17/2;
2) Еділ Бақытқажы, Ерейментау ауданы, Бозтал ауылы, Ынталы көшесі, 18 үй;
3) Ержан Айтжанович Айдабулов басқаратын «Айдабулов» ШҚ, Ерейментау ауданы, Бозтал ауылы, Ардагерлер көшесі, 10/1;
4) Ербатыр Чарипканович Кажытаев басқаратын «Горный» ШҚ, Астана қаласы, Ойтоган тұйық көшесі, 8 үй.
бір өтінім Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-1-бабы 9-тармағының талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты қабылданбады:
1) «Фирма «ТАУ» ЖШС, Астана қаласы, Алматы ауданы, Чубары шағын ауданы, Митченко көшесі, 32 үй, атап айтқанда шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қою қажеттігі туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілген шартты жасасу, шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту іс-шараларын орындау, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын және жайылымдарды ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелердің, өтінім берушінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтердің, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы туралы мәліметтердің, ашылатын жұмыс орындарының санының болмауы, конкурстық ұсыныс тігілмеген, беттер нөмірленбеген, соңғы бет бірінші басшының (немесе сенім білдірілген адамның) қолымен және заңды тұлғаның мөрімен (бар болса) расталмаған.
1 гектарға салынатын инвестициялардың болжамды көлемі туралы, мың теңге:
1) суарылмайтын егістікке:
50-ге дейін – 1 балл;
50-ден 70-ке дейін – 5 балл;
70-тен 90-ға дейін – 10 балл;
90-нан 110-ға дейін – 15 балл;
110-нан жоғары – 20 балл;
2) суарылатын егістікке (суарылатын жерлер):
200-ге дейін – 1 балл;
200-ден 300-ге дейін – 5 балл;
300-ден 400-ге дейін – 10 балл;
400-ден 500-ге дейін – 15 балл;
500-ден жоғары – 20 балл;
3) жайылымдық және шабындық алқаптарға:
5-ке дейін – 1 балл;
5-тен 10-ға дейін – 5 балл;
10-нан 20-ға дейін – 10 балл;
20-дан 30-ға дейін – 15 балл;
30-дан жоғары – 20 балл.
Осы ауданда, қалада, ауылда, кентте кемінде 5 жыл тұратын адамдарға конкурстық ұсыныстарына қосымша 10 балл беру түрінде артықшылық беріледі.
Бизнес-жоспар бойынша балл беру жолымен өтінімді бағалау және салыстыру қорытындылары бойынша жер комиссиясы берді:
Мурат Серикович Копабаевқа - 30 бал;
Еділ Бақытқажыға – 30 бал;
Ержан Айтжанович Айдабулов басқаратын «Айдабулов» ШҚ – 30 бал;
Ербатыр Чарипканович Кажытаев басқаратын «Горный» ШҚ – 20 бал;
Қағидалардың 24-тармағына сәйкес тартылатын инвестициялардың ұсынылған көлемі бойынша екі немесе одан да көп конкурстық ұсыныстардың балдары тең болған кезде конкурс жеңімпазы комиссия мүшелерінің ашық дауыс беруі арқылы айқындалады.
Келесі өтінімдер бойынша балдардың теңдігіне байланысты:
Мурат Серикович Копабаев - 30 бал;
Еділ Бақытқажы – 30 бал;
Ержан Айтжанович Айдабулов басқаратын «Айдабулов» ШҚ – 30 бал;
Комиссия мүшелерімен ашық дауыс беру кезінде бірауыздан № 2 лот бойынша жеңімпаз болып анықталды - Мурат Серикович Копабаев.
Хаттамамен таныстым және келісемін:
Комиссия төрағасы Ғабды-Сабыр Мұхамедди
Хаттамамен таныстым және келісемін:
Комиссия мүшелері: Олексиенко Е.В.
Жүнісова Г.И.
Түгелбаев Ж.Ж.
Қасенов М.Б.
Жапабаев Е.Т.
Атыгаев Т.С.
Абенов К.К.
Ерке А.В.
Қосшығұлов С.Ө.
Жұмаханов И.Қ.
Әлімжанова Г.Т.
Қырықбаев А.С.
Жер комиссиясының хатшысы Әубәкіров Н.Ә.