«Отайды Алтын» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының Жер Кодексiне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, 2020 жылғы 4 қыркүйектегі № 2584-EL пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензия негізінде, Ерейментау ауданы әкiмдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

  1. Осы қаулыға сәйкес Бестоғай ауылдық округінің әкімшілік шекарасындағы пайдалы қазбаларды барлауға жалпы алаңы 848,3050 құрайтын "Отайды Алтын" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 2026 жылғы 4 қыркүйекке дейінгі мерзімге жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоюсыз мемлекеттік сервитут белгіленсін..
  2. «Отайды Алтын» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі:

1) пайдалы қатты қазбаларды барлау жүргізу мақсатында жер учаскелерін пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының заңнама талаптарын сақтасын;

2) жұмыстар аяқталғаннан кейін бүлінген жер учаскелерін одан әрі нысаналы мақсаты бойынша пайдалануға жарамды күйге келтірсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«Отайды Алтын» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгілеу туралы
Дата публикации
18 февраля 2025