Ерейментау ауданы әкімдігінің жанындағы ШЖҚ «Жылусервис» КМК, Ерейментау ауданы әкімдігінің жанындағы ШЖҚ «Қалалық коммуналдық шаруашылық» МКК негізінде, Ерейментау ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 10 мамырдағы № а-5/109 қаулысымен құрылды.Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы 2006 жылғы 15 мамырдағы № 81-1902-07 ММ куәлігі.Кәсіпорынның құрылтайшысы аудан әкімдігі болып табылады.
Кәсіпорын өз қызметін коммуналдық тұрғын үй шаруашылығын жылумен жабдықтау және жергілікті инфрақұрылымның тіршілікті қамтамасыз етудің басқа жүйелері саласында жүзеге асырады.
Бұдан басқа, кәсіпорын жылу жүйелерін ұстау бойынша қызмет көрсетеді, қазандықтарды, жылу трассаларын жөндеумен және қызмет көрсетумен айналысады.
ҚР Табиғи монополияларды реттеу Агенттігінің Ақмола облысы бойынша басқармасының 2006 жылғы 29.09. № 34 – ОД бұйрығымен кәсіпорын реттеліп көрсетілетін қызметтердің түрі бойынша Ақмола облысы табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің «жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және жабдықтаудың» жергілікті бөліміне енгізілді.