ХАБАРЛАМА
2024 жылғы 15 қыркүйекте өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтатқан Ақмола облысы Ерейментау ауданының Майлан ауылы мен Ерейментау қаласы әкімдерінің сайлауы өтті.
Ерейментау аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Ерейментау ауданы Майлан ауылы мен Ерейментау қаласы әкімдерін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамасы негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Майлан ауылы әкімінің сайлауы бойынша Майлан сайлау округі:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 920 азамат енгізілді, олардың 606 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 31, «барлығына қарсы» жолында белгісі бар - 14.
Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Ертай Е.– 7; Исенова Қ.Б. –12 ; Руленов М.Қ. –261; Хавджәлел Х. - 259 .
Майлан ауылының әкімі болып Руленов Манас Қанатұлы сайланды, 1990 жылы туған, Ақмола облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» МК «КЕАҚ Ерейментау ауданының бөлімі, операциялық залдың басшысы, өзін-өзі ұсынған.
Ерейментау қаласы әкімінің сайлауы бойынша Ерейментау сайлау округі:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 8435 азамат енгізілді, олардың 2926 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 202, «барлығына қарсы» жолында белгісі бар - 157.
Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Ахметов Т.Т.– 1121; Әлдібеков Н.Қ. –372; Сәулебаев М.Қ. –77; Тылик А.В. – 162; Шошанов Ә.Қ. - 835.
Ерейментау қаласының әкімі болып Ахметов Талғат Темірболатұлы сайланды, 1972 жылы туған, «Сартай» оқыту және құтқару Орталығы» ЖШС, бас директор, өзін-өзі ұсынған.
Ерейментау аудандық
сайлау комиссиясы